Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі анықтамалық.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
757 Кб
Скачать
☆

Анықтауыш болатын сөз таптарының кестесі

Анықтауыш болатын

сөз таптары

Мысалдар

Сын есімдер

Қарақат – тәтті де сұлу жеміс. Тоғайда кәріүйеңкі, торы тобылғы өседі.

Зат есімдер

Тоғайдың күміс қабықты қайыңы мен мыс қабықты мойылы ерекше көз тартады.

Сан есімдер

Қазақстан жерінде тарихта қалған жетікеремет бар.

Есімдіктер

Бұл кітап адамды ізгілікке, парасаттылыққа тәрбиелейді.

Есімшелер

Алабұртқан көңілі әлденеге елеңдей берді.

Ілік септікте тұрған есім сөздер

Мойылдың дәмі таңдайыңнан кетпейді.

Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Неге? Не үшін?

Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын-қимыл жағынанпысықтап тұрады; 2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді; 3) байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.

Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара пысықтауыш;

2) күрделі пысықтауыш; 3) үйірлі пысықтауыш.

Пысықтауыштың түрлері

Мысалдар

Дара пысықтауыш

Алыстан бірнеше салт атты көрінді.

 

Күрделі пысықтауыш

Тілек досына көмектесу үшін ерте келді.

 

Үйірлі пысықтауыш

Ит жоқта қораға шошқа үреді.

 

Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді: 1) мезгіл пысықтауыш; 2) мекен пысықтауыш; 3)мақсат пысықтауыш; 4) амал пысықтауыш; 5) себеп пысықтауыш; 6) мөлшер пысықтауыш.

Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:

 

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Мезгіл пысықтауыш

Қашан? Қай кезде?

Қай уақытта?

Жолаушылар кешке қарайаттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.

Мекен пысықтауыш

Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан?

Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауғакөшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді.

Мақсат пысықтауыш

Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?

Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.

Амал пысықтауыш

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Балаүлкендерше сөйлеп отыр.

Себеп пысықтауыш

Неліктен? Не себепті?

Жұмысты бітірмегендіктенуақытында тапсыра алмады. Оларшаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.

Мөлшер пысықтауыш

Қанша? Қалай?

Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.

 

Сөйлемнің айқындауыш мүшесі. Сөйлемнің бірыңғай мүшесі. Жалпылауыш сөз. Тыныс белгісі

Сөйлемнің айқындауыш мүшесі сөйлем ішіндегі бір сөзді заттық жағынан айқындап, мағынасын ашып, түсіндіріп тұрады. Айқындауыштың екі түрі бар: 1) оңашаланған айқындауыш; 2) қосарлы айқындауыш.

Оңашаланған айқындауыш өзінен бұрын тұрған сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауышөзі айқындайтын мүшесімен қызметтес, тұлғалас болады.

Айқындауыш сөйлемде екі жағынан да үтірмен, кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады. Мысалы: Абай бұл сырдың шет жағасын досына, Ерболға ғана,сездірді. Құнанбайдың қасындағылар – Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер – осы сөзге тоқтасты.

Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады: Мысалы: Ер Қосай, Алпамыс батыр, Біржан сал, Баян сұлу, әнші Күләш, биші Шара, Құрманғазы күйші, Ақлима ана, т. б.

Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен, қос сөздер сияқты, дефис арқылы бөлінеді: жер-ана, әйел-ана, телефон-автомат, инженер-механик, пәтер-мұражай, ақын-сазгер, т. б.

Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздербірыңғай мүшелер деп аталады. Барлық сөйлем мүшелері бірыңғай мүше бола алады. Бірыңғай мүшелержалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Мысалы:

Бірыңғай бастауыштар: Есіл бойында бүлдірген де, мойыл да, жидек те, қарақат та (не?) өседі.

Бірыңғай баяндауыштар: Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан оқушылар ән салады, би билейді және күй шертеді. (не істейді?)

Бірыңғай толықтауыштар: Біз – Исатай мен Махамбетті, Амангелді мен Абайды (кімді?) пір тұтқан халықтың ұрпағымыз.

Бірыңғай анықтауыштар: Ораз ойыншы, әзілқой, қалжыңшыл, аса жайдары мінезді (қандай?) адам еді.

Бірыңғай пысықтауыштар: Тоқсанбай қарт немересінің күн иісі сіңген кекілінен емірене, құшырлана(қалай?) иіскеді.

Сөйлемде бірыңғай мүшені жинақтап, жалпылап, ортақ атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі жалпылауыш мүше деп аталады.

Жалпылауыш сөздер кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында тұрады. Жалпылауыш сөздер қызметінде жалпылау, сілтеу есімдіктері және жинақтық сан есім, кейде зат есім жұмсалады. Жалпылауышсөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады, ал жалпылауыш сөзбірыңғай мүшеден кейін орналасса, жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: Көшек, Ержан, Земцов – үшеуі зеңбіректі жау бағытына қарай дайындап жатыр. Қалам, дәптер, қарындаш – бәріоқушыға қажет құралдар. Қазақстандағы ірі өзендер мыналар: Ертіс, Есіл, Іле, Тобыл. Шешенге қажет бастықасиет: сөзге тапқырлық, ойға ұшқырлық, терең білімпаздық.

Оқшау сөздер, түрлері: қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. Тыныс белгісі

Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.

Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады.Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.

Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басындакелсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Атқа қонайық, жігіттер,аттанатын да уақыт болыпты.

Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы: Түнде жыламас болар, қарағым.

Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы:Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы.

Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші, Шығыс ұлы!

Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:

1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т. б.

2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.

3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т. б.

4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т. б.

5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т. б.

Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:

-сөйлем басында келсе, одан кейін;

-сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;

-сөйлем соңында келсе, алдынан

үтір қойылады.

Мысалы: Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.

Айтылған ойға сөйлеушінің немесе жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөздің түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздерге байланысты тыныс белгісі – үтір. Мысалы: Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай!

Логикалық көтеріңкі екпінпен айтылған одағай сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп белгісіқойылады.

Жай сөйлемнің түрлері: жақты, жақсыз; жалаң, жайылма; толымды, толымсыз, атаулы

Сөйлем мүшелерінің қатысуына қарай жай сөйлем бірнеше түрге бөлінеді: 1) жақты және жақсыз сөйлем; 2)жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды және толымсыз сөйлем; 4) атаулы сөйлем.

Бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жақты және жақсыз болып бөлінеді.

Бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы қиыстыра байланыстырып табуға болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады.

Жақты сөйлемнің негізгі белгілері: 1) баяндауыштары бастауышпен

жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы: Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады. Қайсардың шешесі Бәден апай – шалқып сөйлейтін адам.

2) жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Мысалы: Бір кезде қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылды. Былтыр жазда демалыс алып, ауылға бардым. Бірінші сөйлемде бастауыш ашық айтылмағанмен, баяндуышына қарап ол, ал екінші сөйлемде мен деген жіктеу есімдігі екенін тауып алуға болады. Сонымен, жақты сөйлемнің құрамында бастауыш болады.

Бастауыш қатыспайтын, сөйлемге баяндауыш негіз болатын сөйлем

жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы: Менің Тортайдың қасынан кеткім келмеді.

Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары:

1) -қы, -ғы, кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалады. Мысалы:

Баланың білген үстіне біле түскісі келді.

2) барыс септікті тұйық етістікке бол, жара, тура, кел көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жұмысты оған тапсыруға болады. Бізге шындықты айтуға тура келді.

3) есімше, көсемше тұлғалы етістікке керек, жөн, мүмкін, қажет деген бейтарап сөздердің тіркесуі арқылы және бол етістігі көмекші болу арқылы жасалады. Мысалы: Әр жұмысты өз уақытында бітірген жөн.Тапсырмаға тиянақты дайындалу керек. Болған жайды жасырмай айтып беруі мүмкін.

4) -ып, -іп, -п көсемше тұлғалы етістікке бол көмекші етістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы: Оның мінезінтүсініп болмайды.

5) баяндауыштың құрамында тұрақты тіркес – идиома – болады. Мысалы: Жарасбайдың өзін оққа байлап отырғанына көзі жетті.

Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем

жалаң және жайылма болып бөлінеді.

Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш

пен баяндауыштан – ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: Есіл тасып жатыр. Жағасы – бал-құрақ. Аты жүйрік екен.

Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы: Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі. Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.

Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем толымды және толымсыз болып бөлінеді.

Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы: Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. Бұл сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиіс сөйлем мүшелері толық қатысып тұр.

Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсыз сөйлемдер диалог жағдайында көп кездеседі. Мысалы:

Атыңды сатамысың? – Сатамын.

Түсіп қалған немесе қажет сөзді орнына қойғанда толымсыз сөйлем толымды сөйлемге айналады.

Бастауыш пен баяндауыштан құралмай, заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын білдіретін сөзден, сөз тіркесінен жасалған сөйлем атаулы сөйлем деп аталады. Мысалы: Қоңыр күз. Жол лайсаң. 16 желтоқсан. 1986 жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық.

Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем, түрлері, тыныс белгісі

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлемдеп аталады.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі

ЖАЙ СӨЙЛЕМ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

1. Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді.

Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді.

2. Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады.

Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары

екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады.

3. Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады.

Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз болады.

4. Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады.

Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады.

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Мысалы:Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды. Бұл – салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем мен екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып,екеуі тең дәрежеде байланысып тұр. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Бұл – сабақтаса байланысқанқұрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз алдына жеке айтуға келмейді.

Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді

Түрлері

Құрамы

Белгісі

Мысалдары

Салалас құрмалас сөйлем

Кемінде екі жай сөйлемнен құралады

Өзара тең дәрежеде байланысады, баяндауыштары тиянақты болады.

Әлден уақытта екі атты кісі келді де, мені ағаштан шешіп алды.

Сабақтас құрмалас сөйлем

Кемінде екі жай сөйлемнен құралады.

Бірі екіншісіне бағынады, бірінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болады.

Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды.

Аралас құрмалас сөйлем

Кемінде үш жай сөйлемнен құралады.

Өзара салаласып та, сабақтасып та байланысады.

Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.

Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – қойды екінші жай сөйлемнің баяндауышыжүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.

2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәндіжалғаулық шылаулар арқылы; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген қарсылық мәндіжалғаулық шылаулар арқылы; 3) өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 5) кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түргебөлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықты салалас, 4) кезектес салалас, 5)түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.

1. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой мен екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылады. Мысалы: Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады. Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрі дегеныңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Жанай балуан қайратты әрі үнемі қол бастайтын болат жүректі адам еді. Өзі ешкімге соқтықпайдыжәне ит баласына жібімейді. Бір мезгілде қу шөмшектер дыбысы келді де, бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді.

Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болатын не болған істі білдіріп, баяндауыштары бір шақта айтылса, жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы:Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді, Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.

Әрі шылауы ыңғайлас салаластың әрқайсысымен қайталанып келгенде, жай сөйлемдердің арасына үтірқойылады. Мысалы: Әншінің әрі дауысы да жағымды, әрі әні де сазды екен. Ал қайталанбай бір-ақ рет келсе, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Құрылыс жұмысы басталды әрі құрылысшыларды орналастыру керек.

Және жалғаулық шылауымен байланысқан ыңғайлас салаластардың арасына үтір қойылмайды. Мен өзімді-өзім ұмыттым және көңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты.

2. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіріп тұрады. Мысалы: Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды.

Себеп-салдар салалас құрмаластар жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы:

1.Себеп мәнді сондықтан 2. Салдар мәнді

жай сөйлем сол себепті жай сөйлем

1. Салдар мәнді өйткені, себебі 2. Себеп мәнді

жай сөйлем неге десеңіз жай сөйлем

Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Мысалы: Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым.

Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Мысалы:Үлкендер көрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.

Жалғаулықсыз салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын тұрса, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы:Жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады: өйткені үлкендер көрші ауылға кеткен еді.

3. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы:Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді. Жалғаулықты салалас құрмаластардың арасына үтір қойылады.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаусыз іргелес тұрып байланысса, жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Балықшылар ауды бірнеше рет салды, – балдырдан басқа ештеме ілінбеді. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбіне антоним сөздерденжәне болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады.

4. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас деп аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып байланысады да, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен.

Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышының құрамына сол, сонша, соншалық, сондайдеген сілтеу есімдіктері қатысса, екі жай сөйлемнің аражігіне сызықша қойылады. Мысалы: Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті.

5. Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін саласатың түрі талғаулы салалас деп аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады да, арасына үтір қойылады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмасаоны жеңуге тырысады.

6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуынкөрсетеді. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәндіжалғаулық шылаулар арқылы тек салаласа байланысады да, араларына үтір қойылады. Мысалы: Бірдежелбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі

№

Түрлері

Жалғаулықтары

Тыныс белгісі

1

Ыңғайлас салалас

Және, да, де, та, те, әрі.

Үтір

2

Қарсылықты салалас

Бірақ, сонда да, дегенмен,

алайда, әйтсе де, сөйтсе де.

Үтір, үтір мен сызықша

3

Түсіндірмелі салалас

Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады.

Қос нүкте, сызықша

 

4

Себеп-салдар салалас

Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б.

Үтір, қос нүкте немесе сызықша

 

5

Талғаулы салалас

Не, немесе, я, яки, болмаса,

әйтпесе, не болмаса, әлде.

я болмаса,

Үтір

 

 

6

Кезектес салалас

Кейде, бірде, біресе.

Үтір

Сабақтас құрмалас, жасалу жолдары, түрлері, тыныс белгісі. Аралас құрмалас сөйлем, тыныс белгісі

Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағынабайланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. Мысалы: Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес, ойды тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге бағына байланысып тұр. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес айтыла беретін,ойды тиянақтап тұратын екінші жай сөйлем басыңқы сөйлем деп аталады.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары төмендегідей:

 1. Бағыныңқының баяндауышы көсемше тұлғалы етістіктен болады. Мысалы: Аудан орталығына қонысаударғалы, тұрмыстары недәуір түзеліп қалып еді.

2. Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістік болады. Мысалы: Біреуге жақсылық жасасаң, ол ешқашан жерде қалмайды.

3. Бағыныңқының баяндауышы -ша/ше, -дай/дей жұрнақтары мен жатыс, көмектес септікті есімшеден және -дықтан/діктен қосымшалы есімшеден болады. Мысалы: Жолаушылардың қарасы үзілгенше, қорықшы жота басында қарап тұрды. Баласынын келген бір жапырақ қағаз көңілге демеу болғандай, ана жұмысқа құлшына кірісті. Күн райы бұзылып тұрғандықтан, жас төлдерді өріске шығармады. Таң құланиектеніп атабергенде, ауыл үстін айқай-шу басып кетті. Жұмысшылар ерте жиналғанымен, жұмыс бірден басталып кетпеді.

4. Есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары және кезде, шақта, уақытта деген көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Қыстаудан жайлауға көшкен соң, ауыл-ауыл бір-бірін ерулікке шақырыса бастайды. Отырғандар қопарыла сыртқа шыққан кезде, Қуаныш пен Анар да жеке серуендеуге беттеді.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынан екіден де көп болса, ондай сөйлемдер көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Сырттағылар тегіс кіріп, орын-орындарына жайғасқан соң, көпшіліктің өтінішімен жыр тиегі ағытылды. Бұл сабақтастың құрамында екі бағыныңқы сөйлем бар: