- •Мақал-мәтелдер
- •Жай септеу үлгісі:
- •Тәуелді септеу үлгісі:
- •2)Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің
- •3)Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т. Б.
- •5)Екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер:
- •6) Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т. Б.
- •Сын есімнің негізгі белгілері
- •Туынды зат есімнің жасалуы
- •Күрделі зат есімнің жасалуы
- •Туынды сын есімнің жасалуы
- •Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
- •Етістіктің шақ категориясы
- •3) Ауыспалы өткен шақ.
- •Етістіктің сөйлемдегі қызметі
- •Үстеудің мағыналық түрлерінің кестесі
- •Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
- •Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі.
- •Баяндауыш
- •Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі
- •Анықтауыш болатын сөз таптарының кестесі
- •Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:
- •1) Сырттағылар тегіс кіріп, 2) орын-орындарына жайғасқан соң.
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
1. Етістіктің шақ, рай тұлғалары жіктеліп келгенде, тұйық етістік жатыс септігі тұлғасында тұрып немесетұлғаланбай-ақ сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы: Біз Алатау бөктеріне саяхатқа шықтық. Олардың мақсаты – алған тапсырманы дер кезінде орындау.
2. Көсемше тұлғасында тұрған етістік қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Алтын таң рауандап (қалай?) атып келеді. Тұйық етістік көмектес септігінің жалғауын меңгеріп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыш болады. Адам еңбектенумен (қалай?) мақсатына жете алады. Көп жаттығу арқылы (қалай?) жетістікке жетті.
3. Есімше және тұйық етістік тұлғасындағы етістік атау септікте заттанып келіп, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Оқу (не?) адамды мұратқа жеткізеді. Оқыған (кім?) – озар, оқымаған (кім?) – тозар. Әдепті болу(не?) – адамилық қасиет.
4. Есімше тұлғасындағы етістік және ілік септігіндегі тұйық етістік зат есіммен тіркесіп, анықтауышқызметінде жұмсалады. Айтар (қандай?) сөзіңді ойланып ал. Көңіл - жеткізбейтін (қандай?) көк дөнен.Ойлаудың (ненің?) шегі жоқ.
5. Тұйық етістік не есімше тұлғасындағы етістік атау мен іліктен басқа септікте тұрып, толықтауыш қызметін атқарады. Оқудан (неден?) жалықпа. Білуге (неге?) талпынған – жақсы қасиет. Бақылауды (нені?)күшейткен дұрыс. Білгенге (кімге?) маржан, білмеске (кімге?) арзан.
Үстеу, түрлері, емлесі, сөйлемдегі қызметі
Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеуграмматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екігебөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.
Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.
Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы;
2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.
1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:
-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;
-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т. б.
-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б.
-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.
-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б;
2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:
Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма), текке (күлме),т. б.
Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т .б.
Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т. б.
Көмектес септіктің көнеленуінен: кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты).
Күрделі үстеу сөздердің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасалады: Сөздердің бірігуінен жасалғанкүрделі үстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т .б.
Сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б.
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулер: таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т. б.
Тілімізде тұрақты тіркестер арқылы жасалатын күрделі үстеулер де кездеседі: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза, т. б.
Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:
1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті,жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды,ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.
3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары:қайтіп? қалайша? қалай? кімше?
Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша(кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.
4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуісынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?)алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемінбілдіреді.
5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіпкөрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен біргекүшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым(терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
6. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіқимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы,босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
