Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗАНДЫ ТУЛГА - азамат кукык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
224 Кб
Скачать
☆

1.2 Заңды тұлғаның түрлері

ҚР Азаматтық кодексі заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.

Коммерциялық заңды тұлға пайда табуды көздейтін ұйым. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 2-бабы[10].

Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарына құрыла алады.

Коммерциялық ұйымдар арнайы құқық қабілеттілігіне жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері де болады:

Мұндай коммерциялық ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие.

Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігіне болатын мұндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.

Азаматтық кодекстің 37-бабында айтылғандай, заңды тұлға заң мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.

Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-тің 44-бабының 4-тармағы). Бірақ заңды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.

Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарына құрыла алады.

Қазастан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде шығарған «заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы және Азаматтық кодекстің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Ал заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлғаның мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді. Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлға уәкілдік берген орган тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді. Сөйтіп филиалдар мен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі егтес) заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған берілген сенімхат ретінде айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мәмілелері заңды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді. Азаматтық кодекстің 42-бабының 4-тармағына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды құрған заңды тұлғаның жарғысында көрсетілуге тиіс[10].

Филиалдар мен өкілдіктердің құқықтық ережесінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал заңды тұлғаның міндетінің барлығын не бөлігін, оның ішінде өкілдіктің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін құрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер мен басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.

Сондай-ақ, заңды тұлғаларды екі түрге жіктеуінің ең баянды критерийі қатысушылар арасында табыстың бөлінуінде екендігін атай отырады. Егер де заңды тұлға заң немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қатысушылар арасында табысты бөлуге құқылы болса, кезекті дивидендтердің төленетіндігіне немесе төленбейтіндігіне қарамастан коммерциялық болып танылуы тиіс. Заңды тұлға құрылтай құжаттарына немесе заңнама күшіне сәйкес дивидендтер төлеуіне құқылы болмаған жағдайда коммерциялық емес болып танылуы керек. Сондай-ақ оның барлық табысы, егер ол болған ретте, жарғылық мақсаттардың жетілдірілуіне бағытталуы тиіс [11]

Заңды түлға мүлкі негізделетін меншік нысанына байланысты заңды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып ажыратылады. Мемлекеттік заңды тұлға ретінде мүлкі үлестерге немесе акцияларға бөлінбейтін және меншік құқығы бойынша біртұтас мемлекетке тиесілі ұйым танылады. Заңды тұлғалардың басқа түрлері мемлекеттік емес болып есептеледі.

Заңнамада сондай-ақ, шетел заңды тұлғасы деген түсінік кездеседі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шетелдік мемлекеттердің заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғаларды (компанияларды, фирмаларды, кәсіпорындарды және т.б.) шетелдік ұйымдар деп түсінген жөн.

Заңды тұлғалардың келесі түрлеріне еншілес және тәуелді ұйымдар жатады.

Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (АК-тің 94-6. 1-т).

Еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып өз мүлкі есебінен басқа мемлекеттік кәсіпорынмен құрылған заңды тұлға болып танылады.

Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады (АК-тің 95-б. 1-т).

Заңды тұлғалар және оның мүлкіне қатысты құрылтайшылардың (қатысушылардың) құқықтарына байланысты заңды тұлғаларды келесі топтарға бөліп ажыратуға болады:

а) құрылтайшыларының (қатысушыларының) мүлікке міндеттемелік құқығы бар (салым ретінде енгізілген мүлікті алуына құқық, тарату квотасына құқық, дивиденд алуға құқық) заңды тұлғалар. Оларға: шаруашылық серіктестіктер, өндірістік және тұтыну кооперативтері жатады.

ә) құрылтайшыларының (қатысушыларының) мүлікке меншік құқығы және өзге заттық құқығы бар, сондай-ақ мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы және жедел басқару құқығы арқылы ие заңды тұлғалар.

б) мүлікке қүрылтайшылары мүліктік құқығы жоқ заңды тұлғалар: қоғамдық ұйымдар, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер[12].

Кесте 1. Заңды тұлғалар түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары