- •І. Азаматтық құқықтағы заңды тұлғалардың түсінігі
- •1.2 Заңды тұлғаның түрлері
- •1.3 Заңды тұлғалардың қайта құру, тарату және тіркеу мәселелері
- •2.1 Акционерлік қоғам түсінігі, құқықтық жағдайы
- •2.2 Шаруашылық серіктестіктер мен өндірістік кооператив құқықтық жағдайы
- •2.3 Коммерциялық емес ұйымдар ерекшеліктері
- •Қорытынды
2.1 Акционерлік қоғам түсінігі, құқықтық жағдайы
Акционерлік қоғам - кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік орындардың еркін біріккен түрі. Ол акциясын айналымға шығару арқылы өзінің босаған қаржы ресурстары мен еңбекшілердің сақтық корып орталықтандыруға жұмылдырады. Акционерлік қоғам өз жарғысы негізінде жұмыс жасап, кез келген шаруашылық саласында құрыла алады. Сондай-ақ, қаржы мен өндірістік-шаруашылық қызметпен айналысатын күрделі ұйымдардың да негізі бола алады. Бұған жетекшілік жасау басқарма, директордың бақылау кеңесі және басқада ұжым түрлері арқылы жүргізіледі. Басқарудың ең жоғарғы түрі - акционерлердің жиналысы болып табылады, жиналыста алатын өз дауысы бар. Акцияны ұстаушы өз өктемдігін жүргізу үшін, акцияның көп мөлшеріне ие болуы қажет. Егер ұстаушы акцияның 50% - дан астамын иеленсе, онда ол акция бақылау пакетіне ие болайы. Акционерлік қоғамы басқаруға және толық бақылауға 20% мөлшердегі акция да жетеді.
Акционерлік қоғамның басты қызметі - уақытша босаған ақша қорын өндірісті ұйымдастыру мен көптеген жұмыс түрлеріне жұмылдыру болып табылады. Акционерлік қоғам акцияны әртүрлі номинальды құнмен шығарады және дауыс саны да әртүрлі болады. Акция иесі акционерлік қоғамның пайшигі, ал облигация иесі - оның кредиторы (несиегері) болып табылады. Акционерлік қоғамның пайдасы акционерлер арасында табыс, дивидент түрінде бөлінеді. Акция иесі акционерлік қоғамнан өзінің салған капиталын талап етуге құқығы жоқ. Қоғам жабылғанда иегер акцияға салынған қаржыны номинальды бағамен ғана алады.
Акционерлік қоғамның екі түрі бар. Акциясы құрылтайшыларда болып, еркін нарықта сатылмайтын түрін "жабық" дейміз. Акциясы еркін сатылатын және сатып алынатын түрін "ашық" дейміз. Қазақстан Республикасының "Азаматтық Кодесінде" акционерлік қоғам жайлы ереже бар.
Акционерлік қоғамның басты қызметі - уақытша босаған ақша қорын өндірісті ұйымдастыру мен көптеген жұмыс түрлеріне жұмылдыру болып табылады. Акционерлік қоғам акцияны әртүрлі номинальды құнмен шығарады және дауыс саны да әртүрлі болады. Акция иесі акционерлік қоғамның пайшигі, ал облигация иесі - оның кредиторы (несиегері) болып табылады. Акционерлік қоғамның пайдасы акционерлер арасында табыс, дивидент түрінде бөлінеді. Акция иесі акционерлік қоғамнан өзінің салған капиталын талап етуге құқығы жоқ. Қоғам жабылғанда иегер акцияға салынған қаржыны номинальды бағамен ғана алады.
Акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына (категорияларына) қарай акционердің дивидендтер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын куәландырады. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелер бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе "жабық акционерлік қоғам" деген сөздер немесе тиісінше "ААҚ" және "ЖАҚ" аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды жабық әдіспен ғана орналастыруға хақылы.
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда - қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады. Егер акционерлердің ешқайсысы аталған мерзімде осы құқықты пайдаланбаса, ол қоғамға өтеді және онда отыз күн бойы сақталады. Қоғам сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығын акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін қабылдау жолымен іске асырады. Қоғамның жарғысында сатуға ұсынылған акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын қоғамның акционерлерінде немесе оның өзінде қалдырудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін, бірақ ол кемінде отыз күн болады [16].
Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және оның қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға хақылы. Сатуға ұсынылған акциялардың бағасын төмендету туралы шешім қабылдаған ретте акционер оларды басқа акционерлерге және (немесе) қоғамға сатып алуға қайта ұсынуға міндетті.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық қоғамның акциялары үш түрлі, яғни жабық, жеке және ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Қазіргі уақытта ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы заңында "бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200 000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам (бұдан әрі - халықтық қоғам) болып табылады» делінген. Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.
Ашық акционерлік қоғам (ААҚ) төмендегі жағдайларға байланысты ашық халықтық қоғам мәртебесін жоғалтады. Егер:
1. Халықтық қоғам мәртебесін алған қоғам акционерлерінің саны алты айдың ішінде бес жүзден кеміп кетсе;
2. Оның активтерінің мөлшері айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерінен кеміп кетсе;
3. Қоғам акцияларының бағалы қағаздар нарығындағы бағалануы тоқтатылса, яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден бастап 6 ай өткеннен кейін уәкілетті органға хабарлай отырып, халықтық қоғам мәртебесін жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс.
Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам жабық қоғам болып қайта құрылуы керек.
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәліметтер бойынша бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғам құру туралы шешімді осы тұлға жеке-дара қабылдайды.
Қоғамдарды құрушылар құрылтайшы пайдасы түрінде орасан көп табысты иемденеді. Құрылтайшы пайдасы дегеніміз қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы мен қоғамды құруға жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма түрінде алатын табысы. Басқаша айтқанда, жалған капитал және нақты капиталдар мөлшерінің айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді. Мысалы, егер нақты капитал (бағалы кағаздардың номинал құны) 200 доллар, ал жалған капитал 1000 доллар болса, онда құрылтайшы пайдасы 800 доллар құрайды (1000 - 200). Бұл пайданы алудың бір тәсілі - капиталдың ажыратылмалы болуы, яғни шығарылған бағалы қағаздар сомасының қоғамға нақты жұмсалған капиталдан көп болуы. Бұл құбылыс мемлекет акционерлік меншікті қанағаттанарсыз реттеп отырған елдерде кең өрістеген.
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.
Құрылтай жиналысында құралтайшылар қоғамды құру туралы шешім қабылдайды, оның жарғысын бекітеді, қоғамның органдарын, сондай-ақ қоғамды мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға, заңдарда белгіленген тәртіппен мүлікті, оның ішінде қоғамның акцияларын төлеуге құралтайшылар енгізетін мүліктік құқықтарды ақшалай бағалауды жүргізуге уәкілетті адамдарды сайлайды. Құралтайшылар құралтай жиналысының хаттамасын және құрылтай шартын жасасып, қол қоюға, сондай-ақ қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері туралы шешім қабылдауға тиіс.
Қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді. Шетелдік инвестордың қатысумен қоғам құру заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ашық акционерлік қоғам (ААҚ) төмендегі жағдайларға байланысты ашық халықтық қоғам мәртебесін жоғалтады. Егер:
1. Халықтық қоғам мәртебесін алған қоғам акционерлерінің саны алты айдың ішінде бес жүзден кеміп кетсе;
2. Оның активтерінің мөлшері айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерінен кеміп кетсе;
3. Қоғам акцияларының бағалы қағаздар нарығындағы бағалануы тоқтатылса, яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден бастап 6 ай өткеннен кейін уәкілетті органға хабарлай отырып, халықтық қоғам мәртебесін жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс.
Сонымен, АҚ - заңды тұлға. Оның органдары: акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, алқалы орган немесе басқарма, тексеру комиссиясы (алқалы немесе жеке-дара тексеруші) болып табылады. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы оның ең жоғары басқару органы. Ол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезекен тыс болып саналады.
