Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗАНДЫ ТУЛГА - азамат кукык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
224 Кб
Скачать
☆

2.3 Коммерциялық емес ұйымдар ерекшеліктері

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» арнайы заңы 2001 жылдың 16 қаңтарында қабылданған. Бұл заң мемлекеттік емес және мемлекеттік коммерциялық емес ұйымдарды реттеуге арналған «қалыптық» заң құжаты болып табылады. Осы заң баптарының басым көпшілігі коммерциялық емес ұйымдарының барлық ұйымдастыру-құқықтық нысандарына және түрлеріне колданады. Онда қызмет мақсаттары, құқықтар мен міндеттер, коммерциялық емес ұйыдарды құру, қызмет атқару, қайта құру және таратуға қатысты арнайы ережелер ескерілген, КЕҰ басқару мәселелері толық камтылған, мемлекет пен коммерциялық емес ұйымдар арасындағы қарым-қатынастрадың негіздері орнатылған. Ұйымдастыру-құқықтық нысандарының кей-бір түрлері жөніндегі ережелер мен нормалар «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңында Азаматтық кодекске қарағанда толығырақ берілген. Соңғы жағдай қорларға және ассоциациялар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктеріне тиесілі.

Коммерциялық емес ұйымдардың жеке түрлері және ұйымдастыру-құқықтық нысандары туралы Қазақстанда арнайы заңдар қабылданған. Олар қатарына «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылғы 15 қаңтар Заңы, «Кәсіби одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуір Заңы, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамыр Заңы, «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілде Заңы, «Тұрғын-үй карым қатнастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуір Заңы, «Ауылдық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілде Заңы және «Тұтыну кооператив туралы» 2001 жылғы 8 мамыр Заңы жатады. «Қазақстан республикасының заң құжаттарында ескерілген жағдайларда коммерциялық емес ұйымдар акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылуы мүмкін» дейтін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамыр Заңын ерекше айта кету керек. Жоғарыда келтірілген заң құжаттарында коммерциялық емес ұйымдарының барлық түрлері мен ұйымдастыру-құқықтық нысандарын құру, мемлекеттік тіркеу, қызмет атқару, қайта құру мен таратуға байланысты мәселелерді өте тиянақы және толық реттеледі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі коммерциялық емес ұйымды өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс келтіруді көздемейтін және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым деп атайды. Бұл белгілер бойынша коммерциялық емес ұйым коммерциялық ұйымдардан ажыратуға болады. Қолданыстағы заң құжаттарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар қатарына мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, заңды тұлғалардың ассоциациялары (одақтары), тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, пәтер меншік иелерінің кооперативі, нотариалдық палаталар, адвокаттар алқасы, аудиторлар палатасы және басқа ұйымдар.

ҚР заң құжаттары коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік емес және мемлекеттік коммерциялық емес үйымдарға бөледі. Мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдар азаматтармен және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен құрылған коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Олардың қатарына барлық қоғамдық және діни бірлестіктер, тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, пәтер меншік иелерінің кооперативі, тұтыну кооперативтері, адвокаттар алқасы, аудиторлар палатасы, қоғамдық қорлар, жеке мекемелер. Коммерциялық емес ұйымдардың жеке түрлері тек ғана мемлекеттік болу тиісті – мемлекеттік қорлар және мемлекеттік мекемелер.

Кең қолданыстағы құқықтық түсініктемесі әлі белгіленбеген сонда да қосымша пайдаланатын «ұкіметтік емес ұйым» терминды айта кету керек. Көп сәттерде ұкіметтік емес ұйым деп саяси партияларды, діни бірлестіктерді, коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды, тұтыну кооперативтерді және тағы бір қатар ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдардың бір бөлігін түсінеді. Халықаралық тәжірибеде әдетте ҰЕҰ қатарына тек зайырлы саяси мақсаттарды көздемейтін (саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар ж.т.б.) немесе негізінде экономикалық мақсаттарды көздемейтін (коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, КСК, тұтыну кооперативтер ж.т.б.) коммерциялық емес ұыймдар кіреді. Қазақстан Республикасының бір қатар заңдарында «ұкіметтік емес ұйым» термины Қазақстанда қызмет атқаратын шет елдік және халықаралық мемлекеттік емес комерциялық емес ұйымдарды белгілеу үшін колданылады. Жалпы бұл термин Қазақстанда әр түрлі мағынада қолданылады соның бір айғағы мемлекеттік коммерциялық емес ұйымды арнайы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін құру және оны ресми түрде ұкіметтік емес деп аталуы.

Коммерциялық емес ұйымдардың коммерциялық ұйымдардан елеулі бір айырмашылығы табыс келтіру мақсатына жатпайтын және әдетте жарғылық деп аталатын нақты орнатылған қызмет мақсаттары болуға тиісті. Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасы заңының 4 бабында коммерциялық емес ұйымдардың атқара алатын кейбір жарғылық мақсаттары орнатылған - олар «әлеуметтік, мәдениеттік, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқармалық мақсаттар; құқықтарды азаматтардың және ұйымдардың мүдделерін қорғау; дауларды және конфликттерді шешу; азаматтардың рухани және басқа қажеттерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыруды және спортты дамыту; құқықтық көмек көрсету». Сөз жоқ, коммерциялық емес ұйымдардың барлық қызмет мақсаттары тек бір заңда ескерілуі мүмкін емес себебі олардың негізін қоғамда орын алған және жаңадан пайда болатын көптеген әлеуметтік сұраныстар мен коммерциялық емес мүдделер құрайды. Сондықтан «коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңда жоғарыда айтылған тізім толық емес және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушыларының) ігіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттармен» құрылуы мүмкін.