Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗАНДЫ ТУЛГА - азамат кукык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
224 Кб
Скачать
☆

2.2 Шаруашылық серіктестіктер мен өндірістік кооператив құқықтық жағдайы

Шаруашылық серіктестерінің меншік иесі заң актілерінен және жарғылық құжаттарға сәйкес жұмыс істеп жатқан өзінің органдары арқылы өкілеттігін жүзеге асырады.

Шаруашылық серіктестігінің органы серіктестіктің айтқанын істейді және оның әрекеті өзіне берілген өкілеттік шеңберінде жүзеге асып, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Сонымен, шаруашылық серіктестік басқару түрін таңдауда, шаруашылық шешімдерін қабылдағанда, артық өнімді сату мен бағаны белгілегенде, еңбекке ақы төлеу мен таза табысты бөлгенде, толық шаруашылық дербестікке ие болады. Оның мемлекеттік кәсіпорыннан айырмашылығы, оның өзінен жоғары тұрған әкімшілік органы жоқ, ол барлық әрекетті заңға, сәйкес шеше береді. Шаруашылық серіктестіктің өкілеттігі жарғыдағы айтылғандармен шектеліп қалмайды. Сол себепті де жарғыдан тыс, бірақ заңға қайшы келмейтін келісімдерді жүзеге асыра береді [17].

Шаруашылық серіктестік мүлкінің құрамына кіретін объектілер түрлері үшін әртүрлі билік ету өкілеттігін жүзеге асыру тәртібі болады. Бұл тәртіп не заңмен, не құқылық құжаттармен, не құрылтайшылық құжатпен реттеледі. Мысалы, акционерлердің жалпы жиналысының құзырына пайданы бөлісу мен келген зиянды өтеу мәселелері жатады ("Акционерлік қоғам туралы" заңның 48-бабы).

Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығын алу негіздері болып табылатындар: құрылтайшылардың салымдары, олардың жиынтығы серіктестіктің жарғылық қорын құрайды; серіктестіктің қызметі барысында құралған, өндірілген және алынған мүліктер.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, жауапкершілігі шеістеулі серіктестік, сенім серіктестігі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестікі нысандарында құрылуы мүмкін (2-кесте).

Осы заңды тұлғаның қызметі 1995 жылы 2 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының "Шаруашылық серіктестіктер туралы", 1998 жылы 28 сәуірде қабылданған "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Заңдарымен реттеледі.

Кесте 2. Шаруашылық серіктестік нысандары

Жоғарыда айтып кеткендей, шаруашылық серіктестігінің мынадай нысандары белгіленген:

1) толық серіктестік; 2) сенім серіктестігі; 3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; 4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады (АК-ның 63-бабының 1-тармағы). Қатысушылары жауапкершілігінің ерекшелігіне байланысты ҚР-дың кәсіпкерлік практикасьшда толық серіктестіктер кең қолданыс таппаған. Сонымен бірге, көптеген батыс елдерінде сауда серіктесін немесе клиентті таңдауда толық серіктестікке басымдық беріледі. Несие берушілерге жоғары кепілдікті сақтау мақсатыңда азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады (АК-ның 63-бабының 2-тармағы).

Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын салатын кезде Қазақстан Республикасында заң жүзінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 мөлшерінен кем болмауы тиіс (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 13-бабының 1-тармағы). Толық серіктестіктің ең жоғары органы — қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің, ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай шартында қатысушылардың көпшілік даусымен шешім қабылданатын реттер көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір қатысушысының бір даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесіне сай белгіленетіндігі көзделуі мүмкін. Толық серіктестікті басқаруды осы серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі жөне олардың құзіреті құрылтай құжаттарында белгіленеді. Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестікгің органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуі бойынша өз қызметі туралы толық ақпарат беріп отыруға міндетті (АК-ның 65-бабының 1, 2, 4-тармақтары).

Серіктестіктің қалған түрлерінен өзгеше, толық серіктестікте тұлғалық жағдай барынша маңызды болады. Бұл серіктестердің толық жеке жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан толық серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) оның басқа қатысу-шыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруіне болады. Үлес (үлестің бір бөлігі) үшінші жаққа берілген жағдайда сонымен бірге толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі қүқықтар мен міңдетгердің бүкіл жиынтығы соған ауысады. Толық серіктестіктің қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келісуімен қүқықты мирасқор (мұрагер) серіктестікке кіре алады. Құқық мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серіктестік алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серік-тестіктің үшінші жақтары аддындағы бүкіл серіктестік қызметі кезінде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқық мирасқор (мұрагер) толық серіктестікке кіруден бас тартқан немесе құқық мирасқорды (мұрагерді) қабылдаудан серіктестік бас тартқан жағдайда, оған қатысушы қайтыс болған күні белгіленген серіктестік мүлкіндегі үлестің құқық мирасқорлық негізінде өзіне тиесілі қүны төленеді. Бұл реттерде тиісінше құрылтай құжаттарында (жарғысьшда) көзделген мерзімде құрылтай шартыңда аталған серіктестік мүлкінің мөлшері азайтылады, бірақ ол үш айдан кешіктірілмеуге тиіс (АК-ның 66-бабы).