- •4. Сақтандыру кезеңдері және олардың ерекшеліктері.
- •5. Сақтандырудағы қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •6.Сақтандырудағы тәуекелдер.
- •7. Халықаралық сақтандыруда қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •8.Сақтандырудағы спецификалық тәуекелдер.
- •9. Сақтандырудың алғышарттары және принциптері.
- •10. Сақтандырудағы тәуекелдер.
- •11. Жекелей сақтандыру формалары
- •12. Міндетті және ерікті сақтандыру программаларының ерекшеліктері
- •13. Саяхат кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •14. Жасыл карта жүйесі
- •15. Туристерді сақтандыру кезінде жүргізетін негізгі сақтандыру шараларының түрлері
- •16. Қазіргі кезде туристерді сақтандырудың схемалары
- •17. Сақтандыру компанияларының негізгі функциялары
- •18. Туристерге көрсетілетін сақтандыру қызметтері
- •19. Сақтандыру полисында қандай дәрігерлік шығындар қарастырылмайды
- •20. Шетелге баратын туристерге раналған сақтандыру
- •21. Турист және туртоптың жетекшісі сақтандыру қаупі төнген жағдайда қолданылатын шаралар
- •22. Сақтандыру алдында потенциалдық турист қандай құжаттар түрімен танысу керек
- •23. Сақтандыруға жатпайтын туристттермен болған келеңсіздік жағдайлар мен аурулар
- •24.Туристердің жекелей және мүліктік сақтандыруының ерекшеліктері
- •25.Туристерді сақтандырудың спец түрі
- •26. Туристік жорықта ең қажетті сақтандыру түрлері
- •27. Туризмдегі сақтандыру.
- •28. Сақтандыру нарығы.
- •29. Туристік ұйымдардың жауапкершілігін сақтандыру.
- •30. Сақтандыру келісім шарты.
- •31.Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру
- •32.Туристердің жеке басын сақтандырудағы тарифтер
- •33.Туристердің мүліктерін сақтандыру
- •34.Туристік қызметті сақтандырудағы жарнама
- •35.Шетелге шығатын азаматтарды сақтандыру
- •36.Шетелге шығатын азаматтарға көрсетілетін сақтандыру қызметтері
- •37.Лицензиялау түсінігі
- •38.Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері
- •50.Туризмдегі сақтандыру жарнамасын дайындау кезіндегі негізгі сәттер.
- •51. Туризмдегі сақтандырудың ерекшеліктері
- •52. Туризмдегі сақтандыру жарнамасының ерекшеліктері
- •53. Туристік бизнестегі сақтандыру қызметін жылжытатын маркетингтік каналдар
- •54. Шетелге шығатындар үшін сақтандыру қызметтері
- •55. Туристер мен экскурсанттарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі қойылатын талаптар
- •56.Туристік қызметті жобалау
- •57. Лицензия беру кезіндегі реттілік пен қажеттілік
- •58. Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері
- •Автокөлікті сақтандыру
- •60. Сақтандыру кезеңі және сақтандыру сомасы
- •63 Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың шарты және оны жасасу тәртiбi
- •65. Сақтандырудағы қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •66.Сақтандырудағы тәуекелдер.
- •67 Сақтандырушы, тұлғаның құқықтары, міндеттері
- •68.Сақтандырудағы спецификалық тәуекелдер.
- •69. Сақтандырудың алғышарттары және принциптері.
- •70.Зиян келтірілген тұлғаның қайта талап ету құқығы
- •72)Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
- •73)Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау
- •74)Жасыл карта жүйесі
- •75)Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi
- •76)Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
- •79)Ерікті медициналық сақтандыру туралы.
- •80)Шетелге шығатындар үшін сақтандыру қызметтері.
- •81. Турист және туртоптың жетекшісі сақтандыру қаупі төнген жағдайда қолданылатын шаралар
- •82. Сақтандыру алдында потенциалдық турист қандай құжаттар түрімен танысу керек
- •83. Сақтандыруға жатпайтын туристттермен болған келеңсіздік жағдайлар мен аурулар
- •84.Туристерді жекелей и мүліктік сақтандырудың ерекшеліктері
- •86.Туристік жорықта ең қажетті сақтандыру түрлері
- •87. Туризмдегі сақтандыру.
- •88. Сақтандыру нарығы.
- •89. Турфирма жауапкершілігін сақтандыру.
- •90. Сақтандыру келісім шарты.
72)Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
1. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы: 1) үшiншi тұлғалардың сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң 2) үшiншi тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерiнiң 3) сақтанушының нотариустың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарында белгiленген функциялары мен мiндеттерiне сәйкес келмейтiн қызметтi жүзеге асыруының 4) сақтанушы Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарын нотариус қызметiнiң аумағына қатысты талаптарын бұза отырып жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң салдарынан болса сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы. 2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыруда асырудан бас тартуы үшiн мыналар да: 1) сақтанушының шығынды келтiруге кiнәлi тұлғадан шығынның тиiстi өтемiн алуы; 2) осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау; 3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу кезiнде сақтандырушыға кедергi келтiруi негiз болуы мүмкiн. 3. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгендiгi дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпесе, ол сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқылы. 4. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы: 1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк уланудың әсерi; 2) соғыс қимылдарының 3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан туындаса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады. 5. Сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тартудың себептерiне жазбаша нысанда, дәлелдi негiздемемен келтiрген, сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жiберуге мiндеттi. 6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
73)Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау
1. Жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактiсi жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады. 2. Сақтандыру жағдайы сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген не сақтанушының үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы талаптарын негiздi деп таныған және сақтанушының талаптарды тануына сақтандырушы келiскен күннен басталған деп есептелiнедi. 3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн сақтандырушы үшiншi тұлғалар талап еткен сомаға немесе соттың осы Заңның 8-бабының 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, келтiрiлген зиянды өтеу туралы шешiмi заңды күшiне енуiне орай айқындайды. 4. Сақтанушының шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады. Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бiрақ сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемiнiң жалпы сомасы жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерiнде өтеледi. 5. Әрбiр сақтандыру жағдайы бойынша франшизаның мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ бұл ретте жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының бес процентiнен аспауға тиiс. Келтiрiлген зиянның мөлшерi франшизаның белгiленген мөлшерiнен асып кеткен жағдайларда сақтандыру төлемi толық мөлшерде жүзеге асырылады.
