Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сактандыру.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165 Кб
Скачать
☆

90. Сақтандыру келісім шарты.

Кәсіпкерлікпен айналысатын кез- келген адам келісім шартты құра білуі, оның құрылымы мен шарттарын білуі қажет. Кәсіпкерлердің іскерлік байланыстары екі негізгі бағыт бойынша дамиды:

А) өндіріс процесін дұрыс ұйымдастыру үшін жабдықтаушылармен қапым – қатынасы;

Б) кәсіпкер шығаратын өнімді тұтынушылармен қарым – қатынас;

Кәсіпкер іскерлік байланыстарды орнату кезінде орындалатын негізгі құқықтары мен міндеттерін келісім шартта бекітіледі және екі жақты қол қойылады.

Келісім шарт – іскерлік байланыстарды бекіту формасы (жазбаша, құжат түрінде). Кәсіпкерлікте құрылтайшы келісім шарты, кәсіпкерлік және шаруашылық келісім – шарттарын ажырата білу керек.

Құрылтайшы келісім шарты –нақты бір кәсіпкерлік идеяны жүзеге асыру мақсатында жеке немесе заңды тұлғалардың жаңа ұйымдық – құқықтық формадағы кәсіпорынды құруын куәландыратын жазбаша құжат. Онда кәсіпорының атауы, мекен жайы және фирманың іс әрекеті жазылады. Сонымен қатар жарғыда негізгі капиталдың көлемі, жарғыға қол қойған әріптестің үлесі, кірісті бөлу тәртібі көрсетіледі. Фирманың жарғысына қол қойған тұлғалар құрылтайшылар деп аталады. Барлық құрылтайшылар қол қойған жарғы нотариалды бекітіледі және мемлекеттік тіркеледі. Бұл тіркеу фирма заңды тұлға статусына ие болады.

Кәсіпкерлік келісім шарт – кәсіпкерлік процесті іске асыратын құжат. Келісім шарт – мәміленің негізінде жатқан міндеттемелерді әрбір жақтың орындалуын қадағалайтын құжат. Келісім шартқа бірнеше талаптар қойылады. Ең алдымен ол құжаттың құрылымына қатысты. Кез – келген келісім шарт үш бөліктен тұрады: преамбуладан, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.