Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЖ лекция-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200 Кб
Скачать
☆

Желі түрлері

Барлық желілер бір-біріне ұқсас болғанмен, олар екі түрге бөлінеді:

  • біррангылы;

  • ерекшеленген сервер негізіндегі.

Біррангылы желілер мен ерекшеленген сервері бар желілер арасында принципиалды айырмашылық бар, өйткені олардың мүмкіндіктері әртүрлі болып келеді. Желінің түрін таңдау көптеген факторларға байланысты, мысалы:

  • кәсіпорын мөлшері;

  • қауіпсіздіктің қажетті дәрежесі;

  • бизнес түрі;

  • әкімшілік қолдаудың ыңғайлылығы;

  • желілік трафиктің көлемі;

  • желілік қоладанушылардың мұқтаждығы;

  • қаржылау деңгейі.

Біррангылы желілер

Біррангылы желіде барлық компьютерлердің құқығы бірдей: компьютерлер арасында иерархия және ерекшеленген сервер жоқ. Әдетте әрбір компьютер сервердің де, клиентттің де ролін атқара береді; басқаша айтқанда барлық желі үшін жауапты жеке компьютер жоқ. Қолданушылар өзінің компьютеріндегі қандай мәліметті желілік жасауды өзі шешеді.

Біррангылы желілерде , көбінесе 10 компьютерден артық болмайды. Қолданушылардың ұжымы кішкене болғандықтан біррангылы желіні жұмысшы топ деп те атайды.

Әрбір компьютер бірмезгілде сервердің де, клиенттің де ролін атқара алатын болғандықтан, өте қуатты орталық серверді және басқа да күрделі желілер үшін керекті құрылғыларды орнатудық қажеттілігі жоқ. Сондықтан сервер енгізіндегі желілерге қарағанда біррангылы желілердің бағасы да арзан болады.

Сонымен қатар біррангылы желілерде желілік программалаық жасақтамалардың қауіпсіздігі мен олардың жұмыс өнімділігіне қойылатын талаптар да ерекшеленген сервері бар желілерге қарағанда әлдеқайда төмендеу. Ерекшеленген сервері бар желілерде серверлер тек сервер қызметін атқарады да, клиент немесе жұмысшы станциясы қызметін атқара алмайды.

Microsoft Windows NT Workstation, Microsoft Windows for Workgroups және Microsoft Windows 95 сияқты операциялық жүйелерде біррангылы желілерде қолдау енгізілген. Сондықтан біррангылы желіні ұйымдастыру үшін қосымша программалық жасақтаманың қажеттілігі болмайды.

Ерекшеленген сервері бар желілер

Егер біррангылы желіге 10 компьютерден артық қоссақ, онда ол алдына қойылған мақсатты шеше алмайды.Сондықтан көптеген желілердің конфигурациясы бөлек болады – олар ерекшеленген сервер негізінде жұмыс істейді. Ерекшеленген сервер деп тек қана сервердің ролін атқаратын, ал клиент немесе жұмысшы станциясы ролінде пайдаланылмайтын серверді айтады. Ол (сервер) желілік клиенттерден түсетін сұранысты жедел өңдеу үшін және файлдар мен каталогтардың қорғалуын арттыру үшін лайықталған. Сервер негізіндегі желілер өндірістік стандарттар қатарына жатады.

Желілер өлшемі және желілік трафик көлемі ұлғайғанда сервер сандарын да көбейткен дұрыс. Қолданушылардың қазіргі заманғы талаптарына сай келу үшін үлкен желілерді мамандандырылған, яғни бір бағытқа лайықталған етіп жасайды. Мысалы, Microsoft Windows NT Workstation желісінде әртүрлі желі түрлері жұмыс істей алады.

Желі түрлерінің сипаттамалары

Параметр

Біррангылы желі

Сервер негізіндегі желі

Өлшемі

Қорғалуы

Әкімшілденуі

10 компьютерден артық емес

Қорғау мәселесін әрбір қолданушы өзі шешеді

Бұл мәселемен де әрбір қолданушы жеке өзі айналысады. Желілік әкімшілікке деген мұқтаждық жоқ

Сервер мен желінің аппараттық жасақтамасымен шектелген

Ресурстарды жан-жақты және орталық-тандырылған түрде қорғау

Әкімшілшк мәселесі орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады. Дайындығы желі талабына сәйкес кем дегенде бір администратор қажет.