- •Компьютераралық байланыс.
- •Компьютерлік желі деп нені айтамыз?
- •Желі түрлері
- •Біррангылы желілер
- •Ерекшеленген сервері бар желілер
- •Желі түрлерінің сипаттамалары
- •Есептеуіш желілердің классификациясы
- •Аймақтық таралымы бойынша классификациясы
- •Қазіргі кездегі бүкіләлемдік және жергілікті есептеуіш желілердің ерекшеліктері
- •Желі құру принциптері
- •Желілік топологиялар
- •Желі түрлері:
- •Қазіргі кездегі желілерге қойылатын негізгі талаптар
- •Osi Эталондық моделі
- •1. Локальды есептеу желілілерінң негіздері. Леж ұйымдастырудың ерекшеліктері. Желілік технологиялар.
- •2. Желінің конфигурациясын таңдау және әртүрлі технологияларды салыстыру. Жергілікті желілердің арналық деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы
- •Жергілікті желілердің желілік деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы
- •Жергілікті желілердің базалық технологиялары
- •Ethernet технологиясы
- •Ұжымдық мүмкіндік алу әдісі
- •Fast Ethernet және 100vg –AniLan технологиялары
- •Gigabit Ethernet технологиясы
- •Token Ring технологиясы
- •Fddi технологиясы
- •Стандартты коммуникациялық протоколдар тср/ір протоколдары
- •Ірх/ sрх протоколдары.
- •Желілердің жүйелік программалармен қамсыздандырылуы
- •Телефондық желіні пайдалану
- •Асинхронды және синхронды модемдік қосылулар
- •Коммутацияланатын желілер
- •Пакеті коммутацияланатын глобальды желілер
- •Интернет желісін құрудың негізгі принциптері
- •Интернет желісінің құрылу тарихы
- •Интернет дамуындағы құжаттандырудың ролі
- •Интернет желісінің қазіргі кездегі құрылымы
- •Электрондық поштаның жұмыс істеу принциптері
- •Электрондық пошта жүйесіндегі адрестеу
- •Электронды поштамен жұмыс істейтін белгілі программалар
- •Интернетке қосылу әдістері
- •Провайдер таңдау жәңе келісім-шарт жасау
- •Жалпы мәліметтер
Қазіргі кездегі бүкіләлемдік және жергілікті есептеуіш желілердің ерекшеліктері
Жергілікті желілердің, бүкіләлемдік желілерден негізгі айырмашылығы сапалы байланыс сымдарының қолданылуында. Қалған барлық айырмашылықтар жұмыс істеу барысыңда туындайды. Бұғаи мысал ретінде дәстүрлі байланыс сымдарының бағасына жетіп қалған оптоволоконды (талшықты-оптикалық сым) техииканың қолданылуын айтуға болады. Мәліметгер алмасу жылдамдығы айтарлықтай өсіп, жергілікті желіде атқарылатын істер енді бүкіләлемдік желіде де кеңінен қолданыла бастады. Мұнда технологиялардың керісінше енгізілуі де байқалады. Мысалы бүкіләлемдік желілердің транспорттық технологиясы жергілікті желіде де колданылады. Бөлінетін байланыс сымдарымен қатар жергілікті желі стандарттары жекелеген байланыс сымдарының жұмыстарын да қолдайды. Бүкіләлемдік ашық желілерге арналған ақпараттарды рұқсатсыз ашудан қорғау әдісі жергілікті желілерде де кең қолданыс тапқан. Бұл қажеттілік ертеректе бой түзеген жергілікті желілердің бүкіләлемдік желілерде қолданылуы арқылы бірігуінен туындап отыр. Жергілікті желіні пайдалануға іс жүзінде бүкіләлемдік желіні колданушылардың кез-келгенінің мүмкіндігі бар. Бүкіләлемдік желілердің жергілікті желілер әлеміне өтуі соңғы кездері жан-жақты дамуда, яғни бүкүләлемдік желілердің жұмысын іске асыру мақсатында жергілікгі желілерге койылатын талаптарды білдіретін Інтранет-технологиясы түсінігі пайда болды. Жергілікті желілердің көлемі тек аймақтық себептермен анықталатын болды.
Ведомоство құрамында болуына байланысты:
ведомоствалық – бір ұйым құрамына кіреді және соның аумағына орналасады;
мемлекеттік – мемлекеттік құрылымдарда пайдаланылатын желілер
Мәліметтерді жөнелту жылдамдығы бойынша:
төменгі жылдамдықты (10 Мбит/с-қа дейін);
орташа жылдамдықты (100 Мбит/с-қа дейін);
жоғары жылдамдықты (100 М бит/с –тен жоғары)
Жөнелту ортасының түрлері бойынша:
Сым арқылы: коаксиальды, оптикаы-талщықты, қос ширатпа;
Сымсыз: радиоарнасы арқылы, инфрақызыл диапазонда информация жөнелту
Желінің көлеміне қарай классификациялануы.
Жұмыс топтарының жергілікті желілері (Локальные сети рабочих групп) бір операциялык жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін аздаған компьютерлерді біріктіреді. Желіде желілік қызметгерді атқаратын (мысалы файлдық сервер, баспа сервері, факс сервері) бір компьютер белгіленеді.
Бөлімдердің жергілікті желілері (Локалъные сети отделов) жеке бір бөлімнің компьютерлерін біріктіре алады. Компьютер сандары жұмыс топтарына қарағанла бірнеше есе көп болуы мүмкіп. Желілік кызметтер жеке белгіленген компьютерліх серверлерге бөліне алады. Жергілікті желілердің екеуі де базалық технологияның біреуін пайдаланады. Бүл желілерді классикалық жергілікті желілер деп атауға болады. Аймақтық жағынан олар бір екі ғимаратты яғни аздаған аумақты алады.
Кампустер желісі бірнеше майда желілерді бір үлкен желіге біріктіруді көздейді. Мұндай желілер үлкен аймақты алып жатады. Желілерді біріктіруде аппараттык және программалық қамсыздандыру, әртүрлі технологияларды интеграциялау мәселелерін шешу керек. Желінің едәуір бөлігі жұмыс топтары мен бөлімдср желілерінің айналасында жергіліктендіріліген. Кампустер желісі жекелеген желілердің байланысын, қымбатқа түсетін жалпы желілік ресурстарға мүмкіндікті қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Біріктіру барысында бүкіләлемдік байланыстыру қолданылмайды.
Барлық уакытта да адамзаттың алдында ақпаратты алмастыру (тарату, беру) мәселесі болып отырды. Компьютердің пайда болуымен адамның қолы ақпаратты жинау мен өңдеудің қуатты құралына жетті және осыған байланысты ақпаратты тарату мәселесінің маңызы арта түсті. Мәліметтерді таратудың дәстүрлі арналары (телефон, телеграф, почта, радио және т.б.) күннен-күнге геометриялық прогрессияда өсіп келе жатқан ақпаратгың үлкен ағымын таратуга барлық уақытта дәрменді бола бермейді. Сондықтан компьютерлердің найда болуымен қатар, олардың арасында ақпараттарды тасымалдау мәселесі де туды. Қазіргі уақытта әртүрлі есептеуіш машиналар арасындағы байланысты ұйымдастыру кезеңі кез-келген компьютерлік жүйенің қажетті және жеткілікті шарты болып табылады.
