- •Компьютераралық байланыс.
- •Компьютерлік желі деп нені айтамыз?
- •Желі түрлері
- •Біррангылы желілер
- •Ерекшеленген сервері бар желілер
- •Желі түрлерінің сипаттамалары
- •Есептеуіш желілердің классификациясы
- •Аймақтық таралымы бойынша классификациясы
- •Қазіргі кездегі бүкіләлемдік және жергілікті есептеуіш желілердің ерекшеліктері
- •Желі құру принциптері
- •Желілік топологиялар
- •Желі түрлері:
- •Қазіргі кездегі желілерге қойылатын негізгі талаптар
- •Osi Эталондық моделі
- •1. Локальды есептеу желілілерінң негіздері. Леж ұйымдастырудың ерекшеліктері. Желілік технологиялар.
- •2. Желінің конфигурациясын таңдау және әртүрлі технологияларды салыстыру. Жергілікті желілердің арналық деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы
- •Жергілікті желілердің желілік деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы
- •Жергілікті желілердің базалық технологиялары
- •Ethernet технологиясы
- •Ұжымдық мүмкіндік алу әдісі
- •Fast Ethernet және 100vg –AniLan технологиялары
- •Gigabit Ethernet технологиясы
- •Token Ring технологиясы
- •Fddi технологиясы
- •Стандартты коммуникациялық протоколдар тср/ір протоколдары
- •Ірх/ sрх протоколдары.
- •Желілердің жүйелік программалармен қамсыздандырылуы
- •Телефондық желіні пайдалану
- •Асинхронды және синхронды модемдік қосылулар
- •Коммутацияланатын желілер
- •Пакеті коммутацияланатын глобальды желілер
- •Интернет желісін құрудың негізгі принциптері
- •Интернет желісінің құрылу тарихы
- •Интернет дамуындағы құжаттандырудың ролі
- •Интернет желісінің қазіргі кездегі құрылымы
- •Электрондық поштаның жұмыс істеу принциптері
- •Электрондық пошта жүйесіндегі адрестеу
- •Электронды поштамен жұмыс істейтін белгілі программалар
- •Интернетке қосылу әдістері
- •Провайдер таңдау жәңе келісім-шарт жасау
- •Жалпы мәліметтер
1. Локальды есептеу желілілерінң негіздері. Леж ұйымдастырудың ерекшеліктері. Желілік технологиялар.
Локальды желіліердің базалық технологиялары және архитектуралары
2. Желінің конфигурациясын таңдау және әртүрлі технологияларды салыстыру. Жергілікті желілердің арналық деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы
Мәліметтер алмасу ортасын қолдану принципі сапалы есептеуіш желі құруға мүмкіндік береді. Қолданылатын протоколдардың қарапайымдылығы арқасында желі құру бағасы едәуір арзан. Өткізгіштік қабілеті 100 Мбит/с, тіпті 1000 Мбит/с дейін жетеді. Қарапайым топологиялар арқасында мұндай желілердің кеңейтілуі жақсы. Ал осы желілердің аймақтануына әзірге көңіл толмайды. Қосылатын компьютерлер санының өсуінен байланысты желінің өткізгіштік қасиеті бірден төмендейді. Желінің жұмыс істеу қабілеті төмендейтін болғандықтан, қосылатын тораптардың санына да шектеу қойылады. Жүздеген және мыңдаған тораптарды біріктіретін үлкен есептеуіш желі құру үшін коммутаторлар (көпірлер) қолданылады. Соңғы кездері өндірушілер бұл құрылғылардың функцияларын бірегейлендірудің сара жолыына түсті деуге болады. Бағаның аздап көтерілуіне қарамастан бұл жағдайда тұтынушылар желі құруда мол мүмкіндіктер алады. Қабылданған мәліметтер кадрын барлық порттарға жіберетін концентраторлардан айырмашылығы, коммутатор мәліметтер кадрына орналасқан адресті талдап, оны тек қабылдаушы тораппен қосылған портқа жібереді. Коммутатор жұмысының приципі желінің кез-келген торап адресіне коммутатордың сәйкес портына қойылаты адрестік – кесте тұрғызуға және оның порттарына келетін барлық кадрлардың буферленуіне байланысты. Адрестік кесте динамикалық түрде жаңарып отырады. Жаңа тораптан бірінші кадрды қабылдаған кезде осы торап адресі адрестік кестеге жазылады. Егер қандай-да бір уақыт аралығында тораптан кадрлар түспесе, онда кестедегі жазба бұл торапты жарамсыз ретінде белгілеп қояды. Егер адрестік кестеде қабылдаушы-торап адресі болмаса, онда кадр өзі келген порттан басқа порттардың барлығына жіберіледі. Ал егер қабылдаушы-торап адрестік кестеде бар болса, онда кадр сәйкес портқа беріледі. Кадрдың басқа портқа жылжу операциясы осы портқа қосылған сегментке мүмкіндік алумен іске асырылады. Егер жіберуші-торап пен қабылдаушы-торап бір сегментке орналасса, онда кадржай ғана буферден өшіріледі. Желілерді сегменттеу жекелеген сегменттерге түсетін ауыртпалықты азайтады да бүкіл желінің, сондай-ақ жекелеген сегменттердің өткізгіштік қабілетін жақсартады. Желіні жекелеген желілерге бөлу немесе сегменттеу, желінің басқа да мүмкіндіктерін күшейтеді. Коммутаторлар мен көпірлердің көмегімен ішкі желілердің арасындағы бағыттарды басқаруға болады. Бұл жағдайда желіні басқару жақсарып, мәліметтердің қауіпсіздігі жоғарылайды.
Жергілікті желілердің желілік деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы
Арналық деңгейді концентраторлар мен коммутаторлар сияқты құрылғыларды қолдану арқылы үлкен есептеуіш желілерде пайдаланудың кемшіліктері мен шектеулері бар. Адрес түрінде желілік адаптермен байланысқан тегіс МАС адресті қолдану, үлкен жүйелер құруда икемсіздеу болатын тек бірдеңгейлі адрестік жүйені құруға мүмкіндік береді. Ақпараттар ағынын тек мәліметтер кадры негізінде коммутаторлар көмегімен басқару едәуір күрделі. Есептеуіш желіні коммутаторлар көмегімен сегменттеу ішкі желілерді кең таралымды мәліметтерден шет қалдырады. Желінің әртүрлі сегменттерінде әртүрлі базалық технологиялар қолданылуы мүмкін. Бірақ тораптардың адрестік жүйесі сәйкес келуі керек. Мысалы, Ethernet, Token Ring, FDDI, Fast Ethernet адрестері МАС – адрестер негізінде қолданады, ал Х25, АТМ, Frame Relay – адрестеудің басқа жүйелерін қолданады. Коммутаторларды үлкен есептеуіш желілерде қодануға шектеу қоятын міндеттеменің бірі петельдің (ілмектің) болмауы. Коммутатор тораптар арасында бір маршрут болған жағдайда ғана қалыпты жұмыс істейді. Дәл осы жағдайда байланыс шығынын болдырмау қазіргі есепетеуіш желілердегі сенімділікті күшейту мен трафикті жақсартудың негізгі тәсілдері болып табылады. Үлкен біртекті емес есептеуіш желілерді құру үшін негізгі құрылғысы маршрутизатор болып табылатын желілік деңгей мүмкіндіктері қолданылады.
Желілік деңгейде желі маршрутизатормен біріктірілген желілерден тұратын құрылымдық желі деп аталады. Әрбір желінің өз нөмірі болады. Әрбір тораптың желі ішіндегі өз номері бар. Тораптың желілік адресі осы номерлерден тұрады. Осыған орай құрылымдық желілерде әрбір торапты жергілікті адрестен бөлек қосымша желілік адрес болады. Желілік деңгейде берілетін мәліметтер пакеттер деп аталады. Мәліметтерді қамтитын пакет тақырыбы желі жайлы қабылдаушы торабы бар маңызды ақпараттардан тұрады және де олардың форматтары желі ішінде қолданылатын технологияға байланыссыз. Әртүрлі желілердегі тораптар арасында алмасатын мәліметтер пакеті оларды біріктіретін маршрутизаторлар мен бірнеше желі арасында транзитті берілуі мүмкін. Мәліметтер пакеті өтетін маршрутизаторлар реті маршрут деп аталады. Жалпы жағдайда мәліметтер алмасу үшін құрылымдық желіде бірнеше маршрут болуы керек. Тиімді маршрутты таңдау маршрутизатордың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Маршрутты таңдау, пакетті алып жүру маршрутизатор жинайтын және арнайы маршрутизатор кестесіне жазылатын маршруттық ақпарат негізінде іске асады. Маршруттау кестесінде желіні бекіту номеріне келесі маршрутизатордың желілік адресі сәйкес қойылады. Маршрутизатор кестесіне қандай-да бір тиімді критерийге байланысты маршрутты таңдауға мүмкіндік беретін басқа да ақпараттар орналасады. Мысалы пакет қажетті желіге жетпей тұрып пакет бойымен өтуге міндетті транзитті маршрутизаторлар санын анықтайды. Маршрутизатор кестесі маршрутизаторлар мен маршруттық ақпарат арасында периодты алмасудың жолымен автоматты түрде құрылады.
