- •Компьютераралық байланыс.
- •Компьютерлік желі деп нені айтамыз?
- •Желі түрлері
- •Біррангылы желілер
- •Ерекшеленген сервері бар желілер
- •Желі түрлерінің сипаттамалары
- •Есептеуіш желілердің классификациясы
- •Аймақтық таралымы бойынша классификациясы
- •Қазіргі кездегі бүкіләлемдік және жергілікті есептеуіш желілердің ерекшеліктері
- •Желі құру принциптері
- •Желілік топологиялар
- •Желі түрлері:
- •Қазіргі кездегі желілерге қойылатын негізгі талаптар
- •Osi Эталондық моделі
- •1. Локальды есептеу желілілерінң негіздері. Леж ұйымдастырудың ерекшеліктері. Желілік технологиялар.
- •2. Желінің конфигурациясын таңдау және әртүрлі технологияларды салыстыру. Жергілікті желілердің арналық деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы
- •Жергілікті желілердің желілік деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы
- •Жергілікті желілердің базалық технологиялары
- •Ethernet технологиясы
- •Ұжымдық мүмкіндік алу әдісі
- •Fast Ethernet және 100vg –AniLan технологиялары
- •Gigabit Ethernet технологиясы
- •Token Ring технологиясы
- •Fddi технологиясы
- •Стандартты коммуникациялық протоколдар тср/ір протоколдары
- •Ірх/ sрх протоколдары.
- •Желілердің жүйелік программалармен қамсыздандырылуы
- •Телефондық желіні пайдалану
- •Асинхронды және синхронды модемдік қосылулар
- •Коммутацияланатын желілер
- •Пакеті коммутацияланатын глобальды желілер
- •Интернет желісін құрудың негізгі принциптері
- •Интернет желісінің құрылу тарихы
- •Интернет дамуындағы құжаттандырудың ролі
- •Интернет желісінің қазіргі кездегі құрылымы
- •Электрондық поштаның жұмыс істеу принциптері
- •Электрондық пошта жүйесіндегі адрестеу
- •Электронды поштамен жұмыс істейтін белгілі программалар
- •Интернетке қосылу әдістері
- •Провайдер таңдау жәңе келісім-шарт жасау
- •Жалпы мәліметтер
Желілік топологиялар
Компьютерлер желіге әртүрлі әдістермен бірігеді.
Компьютерлердің, кабельдер мен басқа компоненттерінің, жалпы айтқанда желіні құраушыларының бірігуінің логикалық және физикалық әдістерін топология деп атайды. Топология желілердің өлшемдеріне қатысы жоқ қасиеттерін сипаттайды, яғни бұл объектілердің жұмыс өнімділігі және жұмыс істеу принципі, олардың типі мен каналдарының ұзындығы есепке алынбайды
Желі түрлері:
Сызықтық желі. Тек екі шеткі түйін болады, аралық түйіндерге шек жоқ, ал кез-келген түйін арасындағы жол біреу-ақ болады
Сақиналық
желі. Әрбір түйінгі тек
екі ғана тарау жалғасқан желі
Ағаш тәрізді желі. Шеткі түйіндер саны екіден көп, аралық түйін саны кем дегенде екеу және екі түйін арасында бір-ақ жол бар
Жұлдыз тәрізді желі. Тек бір ғана аралық түйіні бар желі
Ұяшықты
желі. Кем дегенде екі
түйінінің екі немесе одан көп арасын
қосатын жолдары бар
Толық байланысқан желі. Кез-келген екі түйіні арасында жол бар.
Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.
Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.
Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналы топология Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойынша орналасқан. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
Қазіргі кездегі желілерге қойылатын негізгі талаптар
Желі кез-келген қолданушының кез-келген желі ресурсына мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Желі алдында түрған тапсырмаларды таңдауга байланысты ресурсқа қол жеткізу сапасы желінің әрекет етуінің түпкілікті мінездемесі сияқты көптеген көрсеткіштермен жазылуы мүмкін. Негізгі көрсеткіштердің арасында мыналарды айтуга болады:
өнімділігі;
сенімділігі;
басқарылуы;
кеңейуі;
көмескілігі;
Өнімділігі. Желінің өнімділігі әржакты бағалануы мүмкін. Қолданушының көзқарасы бойынша желі өнімділігінің маңызды көрсеткіші жүйенің әсер ету уақыты болып табылады. Бұл әсіресе желінің жұмыс істейтін бөлігіне қатысты болып келеді. Әсер ету уакыты жекелеген сегменттердің немесе желінің жүктелу дәрежесіне, қолданылып отырған желі қызметі сияқты көптеген факторларға байланысты болады. Сондыктан да желінің жұмыс өнімділігін бағалауда орташа әсер ету уақыты анықталады. Желінің мәлімет өткізгіштік қабілеті желі арқылы жіберілген ақпарат санымен немесе уақыт бірлігіндегі оның сегментімен анықталады. Желінің өткізгіштік қабілеті мәлімет алмасудағы негізгі тапсырманы желінің қаншалықты жылдам атқаратындығын көрсетеді. Өткізу қабілеті секундтағы бит арқылы анықталады.
Сенімділігі. Желі жүмысының сеніміділігі оның барлық компопенттері жұмысының өнімділігімен анықталады. Желініц әрекет ететін элементерінің бірі жұмыс істемей қалғанда екіншісі қамтамасыз ететін, аппаратгық компоненттер жұмысының сенімділігін арттыру үшін әдетте қосарлау қолданылады. Желімен жұмыс жасағанда ақпараттың сақталуы және қауіптерден қорғалуы қамтамасыз етілуі тиіс. Әдетте желідегі ақпарат (сенімділігін арттыру үшін) бірнеше данамен сақталады. Бұл жаұдайда мәліметтердің келісімділігін қамтамасыз ету керек (мысалы ақпаратгарды өзгерткен жағдайда көшірмелердің бірегейлігі). Желінің тағы бір функцияларының бірі ақпарат тасымалдануында жоғалу мен ақаулардың болу себептері болып табылады (тасымалдау пакет деп аталатын бөлшектеумен іске асады). Бұл функцияның орындалу сенімділігін бағалау үшін оның тасымалдануындағы пакет жоғалуының ықтималдық көрсеткіші немесе пакеттің жеткізілу ықтималдығы қолданылады. Қазіргі есептеуіш желілерде сенімділіктің басқа қыры — қауіпсіздік маңызды болып саналады. Желінің бұл мүмкіндігі ақпараггы рұқсатсыз қолданушылардан қорғалуын қамтамасыз етеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету сәйкес ақпараттық құралдарды, арнайы программаларды қолданумсн орындалады.
Басқарылуы. Жеке компьютерлерді біріктіретін желі жұмысына желі жұмысын бақылап отыру ғана емес, желінің әртүрлі акпараттарды жинауын функцияландыру, сондай-ақ желіні басқаратын құралдар да қажет. Жалпы айтқанда желіні басқару жүйесі желінің кез-келген элементіне әсер ету мүмкіндігін беруі керек. Кез-келген желі элементінен атқарылатын іс-әрекетті байқау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет. Желіні басқарумен осы функциялар жүктелген желі администраторы немесе қолданушы айлалысады. Әдетте жай қодданушыда администраторлық құқық болмайды. Басқаша айтқаңда басқарушылық желі жұмысыңдағы немесе оның жеке сегменттеріндегі проблемаларды анықтау, анықталған проблемалар үшін басқару әрекеттерін өңдеу және болашақта осыған ұқсас проблемаларды шешуде осы процестерді автоматтандыру мүмкіндігі болып табылады.
Кеңейгілуі. Кез-келгел есептеуіш желі элементтерін жаңартуда ғана емес, сондай-ақ физикалық кеңейілуінде де, желінің жаңа элементтерін қосу (колданушыларды, компьютерлерді, кызмсттер) жағынан да дамушы обьект болып табылады. Мұндай мүмкіндіктердің болуы, оларды игерудегі еңбектенудің де кеңейу ұғымына кіретіңдігін көрсетеді. Тағы бір ұқсас қасиет оның өнімділігін ешбір төмендетпестен кеңейту мүмкіндігін анықтайтын аймақтануы масштабируемость) болып табылады. Әдетте бір рангті желілерде үлғаю жақсы болғанымен аймақталуы нашар болады. Мұндай желілерде желілік адаптер мен қосымша кабельдерді қолданып компютерді оңай қосуға болады, бірақ желінің өнімділігіне байланысты, косылатын компьютерлер санына шектеу қойылады. Көп сегментті желілерде желі өнімділігін төмендетпестен қосымша компьютерлердің едәуір санын қосуға мүмкіндік беретін арнайы коммуникациялық құралдар қолданылады.
Көмескілігі. Желінің көмескілігі қолданушының көзқарасымен сипатталады. Бұл маңызды сипаттама жан-жақты бағалануы керек. Желінің көмескілігі соңғы қолданушыдан желінің жасырын ерекшеліктерін болжайды. Қолданушы желі ресурстарын жұмыс істеп отырған компъютердің жергілікті ресурстарын қолданғандай қолдана береді. Есептеуіш желі әртүрлі операциялық жүйедсгі әртүрлі типтегі компьютерлерді біріктіреді. Мысалы көмескі желі Windows операциялық жүйесі орнатылған қолданушыға Uпіх операциялык жүйесі орнатылған компьютермен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Көмескі желінің басқа да маңызды жағы желінің әртүрлі элементтері арасындағы қосарлану мүмкіндігі болып табылады.
Интеграциялануы. Иптеграциялану дегеніміз әртүрлі өндірушілер шығарган программалық қамсыздандырулардың әртипті және әралуан құрылғылардың желіге қосылу мүмкіндігі. Егер осындай біркелкі емес есетпеуіш желі өзінің функциясьн ойдағыдай орындаса, онда оны жақсы интеграцияланған деп айтуға болады. Қазіргі есептеуіш желінің мәлімет алмасу процесі ақпарат типіне байланысты болғаңдықтан, әралуан акпаратпен жұмыс істейді. Үйреншікті компьютерлік мәлімет алмасу теңдесіз жылдам дамуымен сипатталады. Бұл жағдайда мәлімет алмасудың синхрондалуына қатаң талап қойылмайды. Мультимедиалық мәлімет алмасуда тасымалданатын ақпарат сапасы мәлімет алмасудың қомақты дәрежеде сиихрондалуына байланысты болады. Қарама-қарсы талаптағы екі мәліметгср типінің болуы мәлімст алмасу процесіне қиындықтар туғызады, демек мұндай мәселеіні шешуге есептеуіш желінің жақсы интеграциялануы шартты түрде қажет. Есептеуіш желі интеграциялануының негізгі даму бағыты олардың компоненттері мен элементтерінің, стандарттануы болып табылады. Барлық стандарттар төмендегіше бөлінеді.
жеке фирмалар стандарты;
бірнеше фирмалар құрған арнайы комитеттер мен ұйымдар стандарты;
стандарттаудың ұлттық ұйымдар стандарты;
халықаралық. стандарттар.
Есептеуіш желіні стандарттау жұмысын көптеген ұйымдар атқарады. Солардыц ішіндс есептеуіш желіні стандарттауда табысты және көптен бері жұмыс істеп келе жатқан ұйымдарды атап өтелік:
Стандарттаудыц халықаралық ұйымы (ISO) - бұл ұйым есептеуіш желінің негізгі моделі болып табылатын ашық жүйелердің бір-бірімен байланыс моделін жасаумси танымал. Бұл модель есептеуіш желі айналасындағы негізгі стандарттау болып табылады.
Халықаралық электрлік байланыс одағы (ITU) — БҰҰ жанындағы телекоммуникациялық секторды басқарушы ұйым. Телекоммуникациялық қызмет пен құрылғылар айналасында стандарттар жасауға жауап береді (телефон, элекстрондық почта, факсимилды байланыс, телетекст, мәліметтер алмасу, аудио және видео сигналдар).
Электротехника жәпе радиоэлектроника инженерлер институты — (IEEE) — Электрондық байланыс стандартын анықтайтын АҚШ-тың Ұлттық ұйымы. Олардың ең танымалылары 802 (802.1, 802.2, 802.3 және 802.5) топтары жасаған стандарттар болып табылады.
Компьютер шыеарушылардың Еуропалық ассоцациясы — (ЕСМА)— ІТU-Т жоне ISO ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас жасайтын коммерциялық емес ұйым. Олар компьютерлік және коммуникациялық технологияларға қатысты техникалық бақылау мен стандарттар жасаумен айналысады.
Стандарттардың Америкалық ұлттық институты (ANSI) – ANSI, ISO халықаралық ұйымындағы АҚШ өкілдігі. FDDI технологияның стандарты осы институттың өнімі болып табылады.
2-тақырып
OSI Эталондық моделі
Жергілікті желілердің базалық технологиялары
Желілік архитектуралар
