- •Білім және ғылым министрлігі с. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
- •Курстық жұмыс
- •С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
- •Берілгені: Нұсқаның номері- 71 Модуляцияның түрі- цифрлық амплитудалық модуляция (цам)
- •1 Сурет- Цифрлық модуляция сигналдардың
- •2 Сурет- Байланыс жүйесінің жалпы құрылымдық сұлбасы
- •3 Сурет- ацт-тің құрылымдық сұлбасы
- •4 Сурет- ацт шығысындағы цифрлық икм сигналдың
- •5 Сурет- Жұптыққа тексеретiн (9,8) кодтың кодердің
- •6 Сурет- Жұптыққа тексеретiн (9,8) кодтың кодердің шығысындағы
- •7 Сурет- цам модулятордың құрылымдық сұлбасы
- •Цам модулятордың жұмыс алгоритмі 2 кестеде келтірілген.
- •8 Сурет- цам модулятордың әр түрлі нүктелеріндегі
- •9 Сурет- цам сигналдың спектрлік диаграммасы
- •10 Сурет- цам сигналдардың оптимальдік когерентсіз
- •11 Сурет- цам демодулятордың әр түрлі нүктелеріндегі
- •С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
Берілгені: Нұсқаның номері- 71 Модуляцияның түрі- цифрлық амплитудалық модуляция (цам)
Қабылдау әдісі- оптимальдік когерентсіз
Аналогтық сигналдың спектрдегі жоғарғы жиілігі- Fж=2,5 кГц
Кванттау деңгейлерінің саны- М=128
Кванттау қадамы- Δ=2,3 мВ
Арналардың саны- N=3
Шудың (бөгеттің) қуатының спектрлік тығыздығы- W0=3∙10-7 В2/Гц
Қатенің ықтималдылығы- рқат=2∙10-6
Кіріспе
Қазіргі байланыс жүйелері, әр түрлі функциональді тәуелді құрылғылар-дан тұратын күрделі комплекс болып шығады. Жалпы жағдайда кез келген техникалық жүйенің тиімділігі, шығарылатын өнімнің сапасы мен санымен анық-талады. Байланыс жүйелерiнде, мұндай өнім болып берілетін ақпараты есептелінеді, оның саны- ақпаратты тарату жылдамдығы, ал сапасы- қатенiң ықтимал-дылығы болады. Байланыс жүйесі тиімділігінiң ең маңызды көрсеткiшi болып, жүйе мен арнаның өткізгіштік қабілеттілігін пайдалану дәрежесін анықтайтын, ақпараттық тиімділігі болып шығады.
Байланыс жүйелердің тиiмдiлiгiн жоғарылату мiндетi- бұл тұтынушыға, берілген дұрыстығымен ақпараттың максимальдік санын жеткізетiн жүйенің, ең жақсы нұсқасын табу. Жүйелердің тиімділігін жоғарылату үшін, шығу көзiнiң артықтылығын төмендету, бөгетке орнықты кодтармен кодтау және басқаларын жасау керек.
Курстық жұмысында, берілген модуляцияның түрі мен қабылдау әдісі ке-зiнде, қателер ықтималдылығының минимумы критерий бойынша квазиоптимальдік байланыс жүйесін құрастыру және оның параметрлерiн потенциальді мүмкіндікті параметрлермен (Шеннон шегімен) салыстыру керек.
1 Байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы
Қабылдауының максимальдік (потенциальдік) бөгеттерге орнықтылығын қамтамасыз ететін қабылдағышты оптимальдік қабылдағыш деп атайды.
Дискреттік сигналдарды қабылдауының бөгеттерге орнықтылығын баға-лайтын параметрі- сигналдарды қабылдау кезіндегі қатенің ықтималдығы. Ол модуляцияның түрі мен қабылдау әдісіне байланысты. Цифрлық сигналдарды қабылдау кезінде, цифрлық амплитудалық (ЦАМ), жиіліктіқ (ЦЖМ), фазалық (ЦФМ), салыстырмалы фазалық (ЦСФМ) модуляцияларды қолданылады.
1 суретте цифрлық модуляция сигналдардың векторлық диаграмалары келтірілген.
а
)
ЦФМ
s0(t)
б) ЦЖМ
в) ЦАМ
s0(t) U 0 U s1(t) U ∆s=√2·U s0(t) U s1(t)
0
0 U s1(t)
∆s=2U ∆s=U
1 Сурет- Цифрлық модуляция сигналдардың
векторлық диаграммалары
Цифрлық жүйелерінде, екілік кодтың «1» және «0» элементтері таратып беріледі. Оларды тарату үшін s1(t) және s0(t) сигналдарды қолданады. ЦФМ кезінде, s1(t) және s0(t) сигналдары- қарамақарсы сигналдар, яғни s1(t)=-s0(t). Сигналдардың айырмашылығы (сигналдардың векторлар арасындағы арақа-шықтығы) ∆s=2U, мұнда U- сигналдың амплитудасы. ЦЖМ кезінде: s1(t) және s0(t) сигналдары- ортогональдік сигналдар, ∆s=√2U, ЦАМ кезінде: ∆s=U.
С
онымен,
ЦФМ кезінде s1(t)
және
s0(t)
сигналдардың айырмашылығы ең үлкен,
ЦЖМ сигналдардың айырмашылығы одан
төмен, ең кіші айырмашылы-ғы- ЦАМ
сигналдардың. Солай болғандықтан, ең
жоғарғы потенциальдік бөгет-ке
орнықтылығын (ең төменгі қатенің
ықтималдылығын) беретін- ЦФМ, одан кейін-
ЦСФМ, ЦЖМ, ЦАМ.
ЦФМ модуляцияны ЦЖМ модуляциямен салыстырғанда, ол 2 есе (З дБ) энергетикалық ұтысын береді, ал ЦАМ модуляциямен салыстырғанда- 4 есе (6 дБ) ұтысын береді. ЦСФМ модуляцияның бөгетке орнықтылығы ЦФМ модуля-циядан төмен, бірақ ЦЖМ модуляциядан жоғары.
2 суретте байланыс жүйесінің жалпы құрылымдық сұлбасы келтірілген.
