Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭБТ курс жұмысы каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

6 Сурет- Жұптыққа тексеретiн (9,8) кодтың кодердің шығысындағы

цифрлық сигналдың уақыттық диаграммасы

4 Тактылық жиілігi мен тактылық интервалын есептеу

Жұптыққа тексеретiн түзетуші кодпен кодталған цифрлық сигналдың эле-менттің ұзақтығы, дискреттеу интервалы мен кодтың жалпы ұзындығымен анықталады. Бір тактылық интервалда- бір элементі таратып беріледі. Сонымен, элементтің ұзақтығын- Ттакт тактылық интервалы, ал элементтерді та-рату жиілігін- Fтакт тактылық жиілігі деп атайды.

Сонда, тактылық жиілігі- бұл бір секунданың ішінде таратып берілетін тактылардың (элементтердің) саны. Сонымен, тактылық жиілігі- бұл модуляция жылдамдығы деп айтуға болады.

Төменде келтірілген есептеулер- бұл теоретикалық есептеулер. Олар, қа-жетті қосымша қызметтік арналарсыз, бірарналы тарату жүйелер үшін ғана жарайды. Есептеулерде, дегенмен, түзетуші кодпен кодтауы есепке алынған.

Fтакт=Fд∙n және Ттакт=1/Fтакт, немесе Ттакт=Тд/n және Fтакт=1/Ттакт. (5)

Есептеулер:

Fд=8 кГц; n=9 эл.

Fтакт=Fд∙n=8∙103∙9=72∙103 Гц=72 кГц;

Ттакт=1/Fтакт=1/(72∙103)=13,9∙10-6 с=13,9 мкс.

5 Модуляция жылдамдығы мен ақпаратты тарату жылдамдығын есептеу

N- арналы тарату жүйесiндегi В модуляция және R ақпаратты тарату жыл-дамдықтарын анықтау кезінде, келесілерді ескергенi дұрыс:

- N арналық сигналдарды тарату үшін, жүйенің тарату циклы құрамында N арналық интервалдарды және синхросигнал мен басқа кызметтiк сигналдар-ды тарату үшiн бiр қосымша арналық интервалды ұстау керек;

- жүйесіндегi В модуляция жылдамдығы, секунданың iшiнде таратып бе-рiлетiн элементтердiң санына, яғни тарату жүйесінің тактылық жиiлiгiне тең;

- тактылық жиілігiн анықтау кезінде, арналық интервалында санақтың n- элементтік кодтық комбинациясын таратып берілетінін есте сақтау керек;

- тарату жүйесіндегі ақпаратты тарату жылдамдығы, дискреттеу жиілігi мен элементтің энтропиясын ескерумен, ақпаратты тасымайтын қызметтiк сиг-налдардың (қосымша арналық интервалда таратып берілетін қызметтік сигнал-дары, санақтардың кодтық комбинацияларындағы жұптыққа тексеретiн кодтың тексеруші элементтері) элементтерiн ескерусіз есептеу керек;

- дискреттеу интервалы, ақпаратты тасыйтын санақтардың k-элементтiк кодтық комбинациялардан тұратын N арналық интервалын ұстайды.

Қарапайым жағдай үшін бір қызметтік арнаны алуға болады. Онда, N-арналы ЦТЖ-дегі В модуляция жылдамдығы (техникалық жылдамдығы) және R ақпаратты тарату жылдамдығы (ақпараттық жылдамдығы) мынандай форму-лалар арқылы анықтауға болады:

В=Fд∙n∙(N +1), (6)

R=Нэл∙Fд∙k∙N (7)

мұндағы Нэл- элементтің энтропиясы (бір элементтің ішіндегі ақпараттың орта саны).

Элементтердің шығу ықтималдылықтарын бір біріне тең болатынды ал-сақ: р(1)=р(0), онда Нэл=Нэл.макс=1 бит/эл және R=Fд∙k∙N, бит/с.

Есептеулер:

Fд=8 кГц; k=8 эл; n=9 эл; N=3 арна.

В=Fд∙n∙(N +1)=8∙103∙9∙(3+1)=288∙103 Бод=288 кБод.

R=Fд∙k∙N=8∙103∙8∙3=192∙103 бит/с=192 кбит/с.

(Тапсырманың 2.5 пунктіндегі тапсырмасын келтіріңіз).

Жүйенің модуляция жылдамдығы мен ақпаратты тарату жылдамдығының мәндері арасындағы айырмашылығын түсіндіру қерек. R<В, R=В, R>В болатын жағдайларын атап шыгу керек.

6 Модулятордың құрылымдық сұлбасы