Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесікбай А РЕФЕРАТ (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268 Кб
Скачать
☆

Қоздырғыштардың екі түрі бар:

  • Hymenolepis nana– ергежейлі цепень, ұсақ цестода (0,5-5 см), денесі таспа тәрізді, басы 20 -30 тармақтармен және 4 сорғышпен жабдықталған, олардың көмегімен ол ішектің қабырғасына жабысады . Стробиллада 200-1000 гермофродиттік проглоттид бунақтары бар. Ергежйлі цепенді менингиттен өлгед баланың ішегінен бірінші рет Bilharz (1851) тапқан. Ресейде гименолепидоз диагнозын бірінші рет қойған В.А. Афанасьев (1890) болды.

  • Hymenolepis diminuta – егеуқұйрық цепені, көлемі ірі (10-60 см), оның сколексінде (басында) қармақтары жоқ. Егеуқұйрық цепені тудырған бірінші гименолепидозды Бостонда (АҚШ) Weinland (1859) сипаттаған. әдебиетте «дименуттық гименолепидоз» деген атау берілген. Егеуқұйрық цепені – егеуқұйрық пен тышқан ағзасында тіршілік етеді, личинкасын ұн күйесінен, тарақаннан және бүрге ағзасынан табуға болады. Екі түрі де адамның ішегінде паразиттік тіршілік етеді, нәтижесінде ас қорыту мүшелерінің қызметі бұзылады. Егеуқұйрық цепеніне қарағанда ергежейлі цепень жиірек кездеседі.

Эпидемиялық процестің сиппатамасы.

Эпидемиялық процестің сиппатамасы. Гименолепидоз барлық жерлерде тараған. Барлық климаттық аймақтарда кездеседі, бірақ аурудың таралуына аскаридоз әсер етеді, себебі соңғының тіркелген аймақтарында гименолопедоз табылмайды. Осыған қарамастан, цестоздардың ішіндегі ең кең және барлық жерге тарағаны гименолепидоз, сондықтан бұл гельминтоз контагиоздық деп есептеледі. Ол лңтүстік аймақтарда (әсіресе балалар арасында) жиі тіркеледі.

Жұмыртқа бөліуі

Ергежейлі цепеннің жұмыртқа бөлуі белгілі мерзімділікпен сиппаталады, оның үстіне жұмыртқаны бөлу мерзімінің ұзақтылығы инвазияның пәрменділігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар цепеннің жұмыртқалары қоршаған ортаның әртүрлі әсеріне шыдамсыз, сондықтан тіршілік қабілетін ұзақ сақтай алмайды. Ішектен қоршаған ортаға шыққаннан кейін 1,5-2 сағат ішінде бұзылады. Осыған орай оларды қоршаған орта объектілерінен (көкөніс, топырақ, тұрмыс жабдықтары және т.б.) табу сирек кездеседі.

Гименолепидоз қоздырғышының берілу механизмі

Гименолепидоз қоздырғышының берілу механизмі – нәжіс – ауыз, берілу жолы – жанасу және ауыз (пероральды). Шыбындар – гельминт жұмыртқаларын механикалық тасушылар. Берілу факторлары – цепеннің жұмыртқаларымен ластанған қолдар, тұрмыс жабдықтары (ойыншықтар, есік тұтқалары және т.б.), тағамдар. Ергежейлі цепеннің жұмыртқалары тырнақтарда 3-4 жұма сақталады. Температура +60 С болғанда олар 15 мин. өмір сүреді. Құрғақшылық және күн сәулелері жұмыртқалаларды өлтіреді. Эпидемиялық процемтің дамуында ең маңыздысы адам, гельминтозға шалдыққан науқаспен тікелей араласқанда, жанасқанда жұқтырады. Бұл жұқтыру қолайсыз тұрмыстық жағдайларда, тығыз орналасқанда, жеке бас тазалығы сақталмағанда жүзеге асады.

Негізгі клиникалық көріністері

Негізгі клиникалық көріністері – ретсіз және жиі шығатын қан аралас (көбінесе дизентериямен шатастырады) нәжіс; іштің ауруы, әлсіздік, аурушандық, асқазанның қыжылдауы және ішек – қарын жолының жұмысы бұзылғанда байқалатын басқа да белгілер; аллергиялық негізі бар белгілер (бөртпе, дене қышуы). Инвазияланғандардың 30 % және одан көбінде ауру белгісіз өтеді.