Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесікбай А РЕФЕРАТ (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268 Кб
Скачать
☆

Безгектің әртүрлі түрлерінің клиникалық ерекшеліктері:

• Тропикалық безгек:

• ұстамалар көбінесе түске дейін басталады

• қалтырау кезеңі қысқалау және бәсеңдеу өтеді

• қызу кезеңі (температура 39-40С) 10-12 сағ-қа дейін

• терлеу кезеңі – шылқылдаған тер баспайды

• 3 күндік безгек:

• ұстамалар түстен кейін (14-15 сағ) туады

• қатты қалтырау 15 минуттан 2-3 сағ-қа дейін

• терлеу кезеңі 15 минуттан 2-3 сағатқа дейін өтіп, қатты тер шығумен сипатталады.

• Овале-безгек:

• ұстамалар көбінесе кешкілі уақытта немесе түнда басталады

• қатты қалтырау 15 минуттан 2-3 сағатқа дейін болады

• қызу кезеңі 2-6 сағат

• генерализденген термен аяқталады

• 4 күндік безгек:

• ұстамалар көбінесе түскі уақытта болады

Асқынулар

• церебральды безгек

• гемоглобулинді қызба

• инфекция-токсикалық шок

Диф.диагностика:

• клиникалық көріністермен

• эпидемиологиялық мәліметтермен

• лабораторлы тексерумен

Емі

Этиотропты:

патогенетикалық

симптоматикалық

рецидивтерге қарсы

Этиотропты емді гематотропты препараттардан бастайды (хинин, артемицин, хлоронил, прогуанил, фансидар)

Аурудың соңы

сауығу

резидуальды өзгерістер қалыптасу

өлім (көбінесе тропикалық безгекте)

Диспансеризация

Безгекпен ауырып болғандар және эндемиялық ошақтардан келген адамдарға 3 ай бойы диспансерлік бақылау жүргізіледі.

• Егер сіз безгекпен ауырдым-ау деп сезіктенсеңіз немесе қызба ұстамасы жиі қайталай берсе, мүмкіндігінше қанды тексерту үшін емдеу мекемесіне барыңыз. Безгектің фальципарум деп аталатын аса қауіпті түрлері тараған жерде жедел түрде емдеуді бастаңыз.

• Егер сіз безгекпен ауыру деңгейі жоғары ауданда тұрсаңыз, кез келген ыстықтың себепсіз көтерілуіне безгектің белгісі ретінде қараңыз. Безгекке қарсы өзіңіз тұрған жерде жақсы ем болып жүрген дәрілерді қабылдаңыз.

• Егер дәрі ішкеннен кейін тәуірірек бола бастасаңыз, бірақ, қызба бірнеше күннен кейін қайталаса, онда, мүмкін, сізге дәріні алмастырып, басқасын ішуге тура келетін шығар. Бұл женінде жақын маңдағы емдеу мекемесінен кеңес алыңыз.

• Егер безгекпен ауыратын адам талып қала берсе немесе менингиттің басқа да белгілері байқалса, онда бұл адамда церебральды безгек болуы мүмкін Бірден безгекке қарсы дәрі шанышыңыз.

Алдын алу жолдары

Anopheles albimanus масасы адам қолын шағуда. Бұл маса безгек тасушы және маса дәрілері безгектен қорғанудың бірден бір шешімі.

Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі болады. Бірақ күш-жігер жұмсап, оны болдырмауға болады. Барлық алдын алу шаралары жедел іске асырылуға тиіс

1. Өзіңізді шыбын-шіркей, масадан аулақ ұстаңыз. Олар жоқ жерге немесе масаханада үйықтаңыз. Баланың бесігін маса кірмеу үшін жұқа матамен жауып қою керек.

2. Безгектен сезіктенсеңіз жедел емдеуге кірісіңіз. Сіз емделіп, сауыққаннан кейін сізді шаққан шіркей басқаға ауруды таратпайды

3. Осы ауруды емдейтін органдармен, олардың өкілдері сіздің ауылыңызға келген кезде, ынтымақтасып жұмыс істеңіз. Егер сіздің отбасы мүшелерінің бірінің ыстығы көтерілсе, оларға бұл жөнінде хабарлап, айтыңыз және олардың қан алып, анализ жасауына мүмкіндік жасаңыз.

4. Шіркейлерді және оның ұрықтарын құртыңыз. Шіркейлер лас суда тез көбейеді. Тоғандарды, шұңқырларды, лас су жиналып қалатын ескі банк немесе құтыларды тазартыңыз. Шіркейлер көбеюі мүмкін барлық су тоғандарын немесе батпақты құрғатыңыз. Құмдарды бамбук қадаларымен толтырыңыз.

5. Безгекке қарсы дәрілерді ұдайы пайдалану арқылы безгекті болдырмауға болады немесе оның таралуын елеулі түрде азайтуға болады.

6. Безгекті шеттен енгізуге қарсы шаралар

7. Аурулар мен паразит тасымалдаушыларды уақытында айқындап емдеу

8. Химиопрофилактика және этиотропты препараттар:

• безгек ұстамасының тоқтауына

• тасымалдаушылық қалыптасуына қарсы

Токсоплазмоз – іштен туа бітетін немесе жүре пайда болатын, айқын клиникасында ОНЖ, РЭС-ағзалардың, жүрек, көз зақымымен көбінесе латентты және созылмалы формада өтетін зоонозды жұқпалы ауру. Токсоплазмозды – Т.Гонди деген қарапайымдар тудыратын, көбінесе мысықтар арқылы тарайды. Негізінде бұл өте кең тараған ауру, бірақта әлі күнге дейін дәрігердің көбі оған көңіл аудырмай, тіпті клиникасы мен диагностикасында біліңкіремей қоймайды. Бұл инфенкцияның маңызы келесі жағдайларға байланысты:

1. ауру қоздырғышы табиғатта кең тарауда

2. көптеген адамдар осы қарапайымдармен инфекцияланған (дүние жүзінде 6-9% аралығында, бұрынғы СССР-де 25-30%)

3. осы инфекция анадан іштегі баласына жұғуы мүмкіндігі өте жоғары. Нәтижесінде баланың ОНЖ зақымданып, кемтар, жарымжан балалар туады

4. осы инфекция көбінесе кезде нығаяды ( әсресе СПИД көрінісі)

5. бактериологиялық қарулар тобына кіреді