Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесікбай А РЕФЕРАТ (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268 Кб
Скачать
☆

Пневмонияның емі

Ем тәртібі. Пневмонияның ауыр түрімен ауырғандар және ілеспелі аурулары бар немесе емханалық ем алуға жағдайы жоқ наукастар ауруханада емделеді, Жеңіл барысты пневмониямен ауырғандарға, күтіну мүмкіндігі болса, емханалық ем жүргізіледі. Қызба мен интоксикациясы толык, басылып, асқынулары жойылғанша науқастар төсек тәртібінде болуы тиіс; оған тиісті күтім көрсеткен маңызды: бөлмені таза ауамен желдету, аэроионизация жасау, ауыз қуысын шайғызу.

* Тағаммен емдеу. Қызбалы кезенде, жүрек шамасыздығы болмаса, тәулігіне 2,5-3 л сусын ішкізу керек ~ минералды, лимон қосқан сусындар, жеміс шырыны, витаминдік тұнбалар (итмұрын хұнбасы және т.б.). Алғашқы күндері жеңіл қорытылатын тағамдарды, жеміс тоспаларын ішкізеді. Кейін N10 және N15 ем дәм беріледі. Шылым мен алкогольге қатаң тыйым салынады.

Этиотроптык ем. Жедел пневмонияның этиотроптық емінің негізі - антибактериялық дәрмектер. Этиотроптық емге қойылатын талаптар: қоздырғыш түрінің анықталуын күтпей, емді неғүрлым ерте бастау;

• емді қоздырғыштың түрі мен оның антибиотиктерге сезімталдығына сәйкестеу;

• антибактериялық дәрмектерді қанда және өкпе тінінде емдік концентрациясын камтамасыз ететіндей дозада, тиімді уақыт аралығымен қолдану;

• антибактериялық емді қызба мен интоксикация толық жойылғанға дейін жалғастыру (температурасы калпына келген күннен әрі 3 күнге созу және өкпедегі инфильтраттың физикалық және рентгендік белгілері толық жойылғанша жүргізу). Бірақ өкпедегі "калдық" өзгерістердің болуы

антибактериялық емді жалғастыру көрсетпесіне жатпайды;

• антибиотиктер 2-3 күнге дейін әсер етпесе оны алмастыру; қолдырғыштардың вируленттігі кұшті және дәріге төзімді түрлерінің пайда болу қаупінен антибактериялық дәрілерді бейберекет қолданбау;

антибиотиктерді ұзақ қолданғанда, ішекте В топты витаминдер синтезінің азаюын ескеру; витаминдік дисбаланстың алдын алу үшін тиісті витаминдерді емге қосу; антибиотиктік емнен болатын кандидомикозды дер кезінде антибиотикгер иммундық жүйені тежеу мүмкіндігінен, иммундық статустың көрсеткіштерін бақылап отыру, өйткені иммун тапшылығы қабынудың ұзаққа созылуына әкеледі.

Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі.

Безгек - Plasmodium тұқымдасындағы қарапайымдылармен шақырылатын, трансмиссивті механизмен берілетін адам организмінде эритроциттерді зақымдап, клиникасында ұстама тәрізді қызбамен, гепатоспленомегалиямен, анемиямен өтетін антропонозды инфекция.. Таратушы Anopheles тобына жататын масалар. Клиникасында ұстамалы қызба, гипохромды анемия, талақ пенбауырдың өсуі болады

Этиологиясы

Қоздырғышы- Plasmodium тұқымдасының, Spjrjzela класының қарапайымдылары. Адамда плазмедийлардың 4 түрі ауруды тудырады:

P.vivae- 3 күндік безгектің қоздырғышы

P.falciparum- тропикалық безгектің қоздырғышы

P.malariae- 4 күндік безгектің қоздырғышы

P.elale- овале безгектің қоздырғышы

Плазмодийлардың биологиялық циклі 2 түрде өтеді:

  • спорогония (жыныстық циклы) Anopheles тұқымдас масалардың организмінде өтеді.

  • щизогония (жыныссыз цикл) адам организмінде

Масалар ауру адамды немесе тасымалдаушыларды шаққан кезде қанмен бірге маса организміне еркек және ұрғашы гематоциттер енеді. Спорогония 1 - 1-5 ай ішінде өтіп, спорозиттер қалыптасуымен аяқталады. Адам организміне спорозиттер инфекцияланған масаның сілекейімен де (шаққан кезде) щизогония 2 кезеңмен өтеді:

бауыр клеткаларында – тінді щизогония

эритроциттерде – эритроцитарлы щизогония

Тінді щизогония ұзақтығы:

P.vivae- 6 тәулік

P.falciparum- 8 тәулік

P.malariae- 15 тәулік

P.elale- 8 тәулік

Эритроцитарлы щизогония ұзақтығы: P.vivae- 48; P.falciparum- ; P.malariae- ; P.elale- ;