Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесікбай А РЕФЕРАТ (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268 Кб
Скачать
☆

Ауруханадан тыс дамыған пневмониялар

Егер де пневмонияға әкелетін инфекция ауруханадан тыс жағдайларда жұқса, ол ауруханадан тыс дамыған пневмония болып табылады. Сонымен, бұл топтағы пневмониялар - ауруханадан тыс, әдетте, үй тұрмысының жағдайында дамитын пневмония- Пневмонияның басқа топтарына қарағанда, оның қоздырғыштарън сәл ерекше, ең жиі қоздырғыштары: (60-95% -да) пневмококк, сирегірек - клебсиелла, стафилококк, стрептококк, гемофильді таяқшалар, микоплазма, хламидиялар, т.б. Жиілеу ауратын ер адамдар. Негізгі бейімдеуші факторлары - суықтау, жедел. респирациялық инфекция. Өкпенің зақымдану көлемі әр турлі.

Пневмококктік пневмониялар.

Пневмококктік пневмониялар ауруханадан тыс дамыған пневмониялардың ең жиі түрі Пневмококк сау адамдардың көмекейінде 5-25% табылады. Пневмония көбіне аутоинфекцияның төмен түсуінен дамиды.

Пневмококктік пневмония, организмнің реакгивтілігіне тәуелді екі клиникалық түрде дамиды: крупозды және ошақты. Крупозды пневмонияда қабыну процесі өкпенің бөлігін, сегментін толық қамтиды. Зақымданған ошақга рефлекторлық спастикалық аталектаз пайда болады және бактериялық улардың әсерінен капиллярлар, жасушалар, альвеолалар мембраналарының өткізгіштігі артады. Сондықган зақымданған аймақга альвеолалар фибриндік экссудатқа толады және капиллярлық арнада қан ағымы бұзылады / Ауру, ем жүргізбеген табиғи барысында, циклды дамып бірнеше сатымен жүреді. Табиғи барысында дамыған классикалық пневмококктық пневмонияның үш сатысын айырады.

1. Тасу (гаперемия) сатысы алғашқы - 1-3 тәулікке созылатын. Құрамында пневмококтар мен фибрині өте көп экссудат альвеолаларды бірінен соң бірін, біртіндеп толтырады. Бұл процесс бүкіл бөлікті қамтып, висцеральды плевраға жетіп тіреледі. Висцеральды плевра анотомиялық бекет ретінде, экссудаттың әрі қарай тарауын тоқтатады. Бірақ сұйықгық аса мол болса, ол бронх арқылы көршілес бөлуінің бронхтарына құйылуы мүмкін. Қабынуға плевраның қатысуы плевриттің дамуына алып келеді

Бауырлану (гепатизация, тығыздалу) патанотомия саласынан екі фазамен дамиды:

а) қызыл бауырлану (аурудың 4-5-тәуліктері) - альвеолалар ішіңдегі экссу-датқа эритроциттер, нейтрофильдер, фибрин көп мөлшерде өтеді. Жиналған нейтрофилдер пневмококтарды немесе өзге микробтарды фагоцитоздап, инфекцияның әрі қарай таралуын жейді;

ә) сүр бауырлану (аурудың 6-7-күндері), тығыздалған өкпеде лейкоциттердің саны басым болып, фагоцитоз процесі аяқгалады, нейтрофилдерден бөлінген протеолиздік ферменттер ұйыған экссудаптті сұйылта бастайды.

Шешілуі (сауығу). Альвеолаларға келген макрофагар актериялардың, фибриннің, өлген нейтрофильдердің қаддықгарын тазартады. Экссудагтың біразы сіңіріледі, ал қалғаны қақырықпен шығады. Өкпенің анотомиялық құрылымы осылайша, қалпына келеді.

Клиникалық көрінісі

Көрінісіндегі басты синдромдар (бұл синдромдар тек пневмококктік емес, пневмониялардың барлық этиологиялық еріне ортақ).

Интоксикациялық (әлсіздік, делсалдық, тәбеттің жойылуы, бастың ауыруы, бұлшықетгердің ауырсынуы, жүрек соғуы).

Өкпенің қабыну өзгерістері (қақырықгы жөтел, кеуденің ауырсынуы, тыныс қимылында бір жағының калыңқылығы, дауыс дірілі мен бронхофонияның күшеюі, перкуссиялық дыбыстыц қысқаруы, ылғал сырылдар, осы ауруға тән рентгендік өзгерістер).

Бейспецификалык кабыну өзгерістері (қалтырау, қызудың көтерілуі, канның жедел фазалық көрсеткіштерінің жоғарылауы: лейкоформуланың солға ығысуы, нейтрофильдік лейкоцитоз; ЭТЖ-ның жоғарылауы, СРБ-тың пайда болуы, фибриногннің көбеюі).

Тыныс жетіспеушілігі (ентікпе, тахипноэ, үстірт тыныс, гипоксемия).

Кеуде-құрсақтық синдром (диафрагмалық плевраның] зақымдануынан ауырсынудың іш куысына тарауы).

Өкпеден тыс зақымданулар (гепатит, миокардит гломерулонефрит, энцефалопатия, менингизм, нефропатия).

Бөліктік пневмококктық классикалық түрі төтеннен қатты қалтыраудан, бастың ауыруынан, дене қызуының пневмонияның 39-40°С-ға дейін тез көтерілуінен басталады. Кейде оның кенет басталуы соншалықты, науқас қай сағатга ауырғанын айтып бере алады. Бірақ, науқастардың тең жартысында ауырар алдында бірнеше, күн немесе аптаның ішінде синдром белгілері болады: жоғары тыныс жолдарының инфекциялық қабынуы, әлсіздік, тершеңдік, делсалдық, дененің ауырсынуы, қабырғааралық невралгия. Бірінші, немесе екінші тәуліктен науқас жөтеле бастайды, жөне бүйірді шаншуы қосылады. Ауырсынудың демді терең алғанда күшеюіне науқас сақ жөтеледі. Жөтел басында қүрғақ, ал кейін ақшыл түсті көпіршікті қақырық түсе бастайды. Құрамында лейкоциттер мен фибриннің көбеюінен қақырық біртіндеп бүлыңғырланады, көп кешікпей түсі темір татына үқсайды, Фибриннің молдығына қақырық өте жабысқақ, оңайлықпен бөлінбейді. Пневмон: шешіле келе қақырық сүйылып модаяды, қүрамындағы лейкоциттер мен эритроциттердің саны азаяды.

Пневмония басталған шақта науқастардың бірқатарында кеуде, өте қатты шаншып ауырады. Әдетте плевраның зақымданған аймағы шаншу кадалғандай ауырады. Шаншу дем алғанда, жөтелгенде, қолмен қатты басса күшейеді. Науқас, қабырғаларының қозғалысын шектеу үшін, ауыратын бүйірінде жатуға тырысадьі. Кеуде қимылын қолмен, компреспен шамалы шектесе немесе плевра куысына сұйықтық жиналса - ауырсыну басылады, Зақымдау ошағының орналасуына байланысты, ауырсыну немесе құрсақтың жоғары аймағына тарауы мұмкін.

Дене қызуының аса биік кезінде ерін мен ауыздың айналасына үшық шығады, тыныс 25-40-кз, кейде 50-ге дейін жиіленеді, "жылы" цианоз пайда болады. Тыныс үстірт, тыныс қызметіне қосымша бұлшықеттер қатысады. Кеуденің зақымданған бөлігінің қозғалысы қалыңқы, дауыс дірілі күшейген, перкуссиялық дыбыс қысқарған. Гиперемия сатысында зақымданған аймақтағы қысқарған дыбыс тимпан ревді, тындағанда әлсіз везикулалық тыныспен бірге крелитация (сгерііасіо іпсіих), кейде кішігірім аймақга ылғалды, бірен-саран қүрғақ сырылдар естіледі)

Тығыздалу сатысында тұйық дыбыс, бронхтык тыныс, ал ілеспелі бронхит болса, құрғақ сырылдар анықгалады. Зақымдану ошағында бронхофония күшейеді, крепитация жойылады, плевра үйкеліс шуы болады.

Шешілу сатысында тұйық дыбыс біртіндеп ашық дыбысқа айналады, жойылған крепитация қайтадан пайда болады. Бронх тынысы алдымен катаң везикулалық тынысқа, көп ұзамай кәдімгі везикулалық тыныска айналады. Бұл кезде ылғал сырылдар да естілуі мүмкін). Пневмококтік (бөліктік) пневмония плевритпен қосарлануы ықтимал. (Көбіне құрғақ плеврит дамиды. Құрғақ плевритте плевра үйкеліс шуы естіледі, ал плевра қуысына сүйықтық жиналса, онда дауыс дірілі жойылады, перкуторлық дыбыс түйықталады, тыныс шулары шаққа естіледі, кейде естілмейді. Жиналған сүйықгық мол болса, кеуде ортасы сау жақка ығысады. Егерде плеврит бірінші күннен қосылса (парапневмониялық плеврит), онда интоксикация мен тыныс шамасыздығының күшеюінен, аурудың барысы едәуір ауырлайды. Кейін, плевриттің салдарынан плевра қуысында жабысқақтар түзілуі мүмкін.

Жүрек-тамыр жүйесінен пульстің жиіленуі, ал аса ауыр жағдаиларда қанайналым шамасыздығының (жедел өкпетекті жүрек) дамуы ықтимал. Жүрек соғу көлемінің ұлғаюынан арту үстінде систолалық шу естілуі мүмкін. Шамамен 5-9 күннен кейін қызба бірден критикалық түрде төмендейді. Қызу төмендеген кезде науқас ағыл-тегіл терлейді, әлі қүриды және тахикардиясы күшейеді. Қызуы төмендеген соң ентікпе мен жүрек соғу саны азаяды, ұйқы дұрысталадьі.

Қазіргі уақытта антибиотиктерді дер кезінде қолдану бөлікгік пневмонияның барысын күрт өзгертті. Сол себептен жоғарыда суреттелген, қызбасы 7-10 күнге дейін баратын, крупозды аталған пневмонияның классикалық түрі жеңіл барысты ошақгы пневмонияға ұқсайтын болды. Ем тиімді болса дененің қызуы 2-3 тәулікте төмендейді, интоксикация жойылады, қабынудың физикальдік белгілері азаяды; 2-3 аптада қанның лабораториялық көрсеткіштері өз қалпына келеді, рентгендік өзгерістер тарқайды, физикалдік өзгерістер жойылады; 4 аптада адам толық сауығады. Бірқатар науқастар осы уақыпың ішінде толық сауықпайды, евмониясы бір айдан артыққа созылады (созылыңқы барысы). «евмонияның созылынкы барысы - оның 4 аптадан артық зьілу Бұл организм реактивтілігінің төмендеуінен, пневмония кеш басталуынан болады. Кей жағдайларда, әсіресе кәрі ағыларда, бұрыннан келе жатқан созылмалы аурулары бар (бронхтық астма, созылмалы бронхит, алкоголизм) пневмонияның барысы аса жіті болмайды. Қызба, жөтел, ентікпе біртіндеп өрістейді, бірақ кейін өкпеден тыс белгілердің (сана бұзылысының, әлсіздіктің, т.б.) тез қосылуынан наукастың күйі ауырлайды.