- •Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялардың бөлінуі
- •Жол қосындары (блок-қосындары) бар аралықтар бойынша поездардың жүруі
- •Әуе көлігімен тасымалдаулардың артықшылықтары
- •1.С және Сп габариттерінің талаптары
- •Маневрлердің жүргізілу жылдамдықтары
- •Станцияның сыныбы қалай анықталады?
- •Поездар қозғалысының керегені
- •1.Станциялық блоктау
- •2.Қоймалар сақтау тәсілі бойынша қалай бөлінеді?
- •3.Аралық стансалар және оларда қандай операциялар орындалмайды?
- •1.Теміржолда тасымалдау құжаттары қандай болады?
- •2.Сұрыптау стансалары не үшін қажет?(фото)
- •3. Маневр жұмысында пойыздар жүрісін ұйымдастыру, сондай-ақ жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай құрылғыларды қолданады?
- •Тасымалдаушының жауапкершілігі
- •Тасымалдау кезінде тексеріс арқылы жүктің ақаулығы байқалғанда орындалатын операциялар.
- •Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
- •Басты және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
- •Өткізгіштік қабілет. Оның түрлері
- •Шығу бағдаршамы
- •Локомотивтік бағдаршамы
- •Қоймалар сипаты бойынша қалай бөлінеді
- •Жартылай автоматты блоктау кезіндегі поездар қозғалысы(фото)
- •Автобус көлеміне қарай бес топқа бөлінеді. Олардың қандай түрлері бар?
- •Пойыздың жүріс керегенінің түрлері
- •Поездарды жөнелту
- •Локомотивтерді поездарға қою(фото)
- •Пойыздарға техникалық қызмет көрсету кезінде тексеруге жататындар
- •Қоршау және бөгегіш бағдаршамдар
- •Станциялардың түрлері және олардың айырмашылықтары
- •1 Автоматтық блоктау кезіндегі поездардың қозғалысы
- •2 Шығу бағдаршамдары
- •2 Станциялық блоктау(5 билет 1с)
- •3 Пойыздардың қозғалыс керегені және станциондық интервал
- •1 Пойыздардың түрлеріне қарай бөлінуі
- •1 Стансалық радиобайланыс
- •2 Теміржол торабы дегеніміз не? Оның түрлері?
- •3. Торап орналасқан ауданның өндірістік күшіне қарай тораптар екіге бөлінеді:
- •4. Тораптың негізгі құрылыстарының географиялық орналасуына қарай:
- •3 Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдердегі поездардың қозғалысы
- •1Автоматтық және жартылай автоматтық блоктаумен жарақтандырылған желілерде орналасқан станцияларда болуы тиіс құрылғылар
- •2 Маневр жұмыстарын жасау
- •3 Пойыздалрдың жүріс керегені
- •1 Жартылай автоматты блоктау кезіндегі поездар қозғалысы
- •2 Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар қалай бөлінеді
- •3 Сұрыптау дөңестері
- •2 С және Сп габариттерінің талаптары
- •3 Локомотивтік бағдаршамы
- •1 Тиеу габаритсіздіктердің түрлері және деңгейлері
- •2 Сигналдар және олардың түрлері
- •3 Тартым жолдар деп қандай жолдарды айтамыз?
- •1 Жүктерді автокөлікпен тасымалдаудың артықшылықтары
- •2 Кіру бағдаршамдары. Шақыру сигналы
- •3 Қосымша және тұрақты рейс дегеніміз не?
- •1 Телефондық байланыс құралдары кезіндегі поездардың қозғалысы(фото)
- •2 Әуе көлігімен тасымалдаулардың артықшылықтары
- •3 Өтпелі бағдаршамдар
- •2 Қоршау және бөгегіш бағдаршамдары
- •3 Маневрлердің жүргізілу жылдамдықтары
- •1 Теміржол тасымалындағы жүк қағазы және басқа да тасымалдау құжаттары?
- •2 Теміржол көлігінде жүк тасымалдауды ұйымдастыру
- •3 Ақ түс жұмыс атқаратын барлық бағдаршам сигналдары
- •1 Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялардың бөлінуі
- •2 Пойыздардың нөмірленуі және тақ-жұп бағытының ерекшелігі
- •1 С және Сп габариттерінің талаптары
- •2Блок телімдер және оның толық автоблоктау кезіндегі көрсеткіштері
- •3 Станциядағы маневр жұмыстары
- •1 Бағдаршам түрлері және олардың сипаттары
- •2 Толық автоблоктау кезінде пойыздарды жөнелту
- •3 Жүк поезының индексі
- •1 Басып озу пункті, ұзындығы арттырылған жүк поезы және станциялық жолдар
- •2 Толық автоблоктау кезінде пойыздарды жөнелту
- •3 Тиеу габариті және габаритсіздіктердің түрлері
Жол қосындары (блок-қосындары) бар аралықтар бойынша поездардың жүруі
Көрші бөлек пункттен поездың жөнелтілуі туралы бұғаттау сигналын алғаннан кейін постының кезекшісі алда жатқан аралық бос болған кезде өтпелік бағдаршамды ашады.
Өтпелік бағдаршамды ашумен бір мезгілде көрші бөлек пунктке автоматты түрде жөнелтудің бұғаттау сигналы беріледі (электрмеханикалық бұғаттау кезінде бұғаттау сигналы өтпелік бағдаршам жабылған соң жеке беріледі).
Поезд өтпелік бағдаршамнан өткен соң сигналдық бастырманы (тұтқаны) бұғатпосты бойынша кезекші сигналдың жабылуы жағдайына орнатады. Поездың толық құрамда өткеніне көз жеткізген соң пост кезекшісі көрші станцияларға поездың нақты жүріп өткен уақыты туралы хабарлайды, ал артта жатқан бөлек пунктке бұдан басқа жүріп өтудің бұғаттау сигналын береді (Электрмеханикалық бұғаттау кезінде жүріп өтудің бұғаттау сигналы бір мезгілде алда жатқан бөлек пунктке де беріледі).Егер поезд итергіш локомотивпен жүріп өтсе пост кезекшісі артта жатқан жеке пунктке жүріп өтудің бұғаттау сигналын итергіштің жүріп өткеніне көз жеткізіп қана береді.
Поезд итергіш локомотивсіз жүріп өткен жағдайларда пост кезекшісі көрші бөлек пункттерді хабардар етеді, алайда бұғаттау сигналын бермейді (электрмеханикалық бұғаттау кезінде аралық бағдаршамды да жаппайды).
Алда жатқан бұғатпостылардың кезекшілері де осылай әрекет жасайды. Электрмеханикалық бұғаттау кезінде алда жатқан бұғатпостылар бойынша кезекшілер поезды жабық өтпелік бағдаршамдар кезінде машинистке осы Нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес ДУ-52 нысанды бланктің 1-тармағын толтырумен жасыл түсті бланктегі рұқсатты бере отырып, бос аралыққа өткізедірбір бұғатпост жүріп өтудің бұғаттау сигналын беруді тек қалып қойған итергіш локомотив бұғатпостыдан өткен соң ғана жүргізеді.
Өтпелік бағдаршам келе жатқан поездың алдында автоматты түрде жабылатын кезде итергіш локомотив өтпелік бағдаршамның тыйым салушы көрсеткіші кезінде көрші пост араларындағы аралыққа жіберіледі.Автоматты бұғатпостылармен, түйісу жолдарына қызмет көрсететін бұғатпостылармен, жолдық дамуы бар бөлек пункттердің орнына мерзімді ашылатын бұғатпостылармен (соңғысы тәулік бойы емес қолданыстағы) жабдықталған аралықтарда поездардың қозғалысын ұйымдастыру құрылғы жүйесіне байланысты Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықта көрсетілген.
Телефондық байланыс құралдары кезіндегі поездардың қозғалысыБайланыстық телефон құралдары кезінде аралықты поездың иеленуіне рұқсат болып локомотив машинисіне тапсырылатын осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес ДУ-50 нысанды бланктегі жол жазбасы қызмет етеді.Станция бойынша кезекші жол жазбасын берер алдында: дара жолды аралықта көрші станциядан поезды қабылдауға келісім туралы поездық телефонограмма – қос жолды аралықта бұрын жөнелтілген поездың осы станцияға келуі туралы поездық телефонограмма алуы тиіс.
Көрші станциялар арасындағы поездық телефонограммалармен станция бойынша жеке кезекшілер немесе олардың көрсеткіші бойынша операторлар алмасады.Поездар қозғалысы туралы поездық телефонограммалар алмасу поездардың станция аралық байланысы бойынша немесе поездық диспетчерлік байланыс бойынша жүргізілуі тиіс.Ерекше жағдайда поездардың станцияаралық байланысы және поездық диспетчерлік байланыстың ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы туралы келіссөздер станция бойынша кезекшінің тікелей иелігінде бар көрші станция бойынша кезекшімен тікелей байланыс түрлері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.Жол жүру жазбаларының бланкісін станция бойынша кезекшінің өзі немесе оператор толтырады.Станция бойынша кезекші немесе орталық посттың операторы ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналында тиісті жазбалар болған кезде ғана жол жүру жазбаларының бланкісін толтырады: дара жолды аралықта - көрші станциядан поезды қабылдау келісімі туралы поездық телефонограмма, қос жолды аралықта бұрын жөнелтілген поездың осы станцияға келуі туралы поездық телефонограмм Оператор толтырған жол жүру жазбасының бланкісін, станция бойынша кезекші ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналындағы жазбамен тексереді және станция штемпелімен және өз қолымен растайды. Жөнелту жолдары станция бойынша кезекші постысынан шалғай, ал қызметтік келіссөздер тіркеушімен белгіленеді парк бойынша кезекші, техникалық-өкімдік актісінде көрсетілетін станция бойынша кезекшінің және парк бойынша кезекшінің арнайы журналында тіркелетін жолдық жазба бланкісін толтырады. Бұл жағдайда жол жүру жазбасының бланкіне парк бойынша кезекші қол қояды және оны машинистке тапсырады.
Тыйым салынады:1) аралықта басқа поезд тұрған кезде поезды жөнелту туралы сұрау салуға;2) жол жүру жазбасының бланкісін көрші станциядан поезды қабылдау келісімі туралы поездық телефонограмма (дара жолды аралықтарда) немесе бұрын жөнелтілген поездың келуі туралы поездық телефонограмманы (қос жолды аралықтарда) алғанға дейін;3) шығу телефонограммаларын олардың ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналында жазылған бұрын және станция бойынша кезекшінің қолынсыз жіберуге.Жол жазбасы машинистке поездан көрші станцияның кіру сигналына, ал поезды дұрыс емес жөнелту кезінде және кіру сигналы болмағанда - «Станция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін жүру құқығын береді.Поездардың тоқтамай жүру жолы кезінде жол жазбасы локомотивке қолмен бергішке салынып және тәртіп бойынша станция бойынша кезекшінің жайы жағынан беріледі.Шығу сигналы бар жолдан поезды жөнелту кезінде жол жазбасы болғанда жабық сигналға өтуге жазбаша рұқсат беру талап етілмейді.Бұл жағдайда поездарды жөнелту осы Нұсқаулықтың 316-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.Поездың қос тартқышпен немесе итергіш локомотивпен жүруі кезінде барлық аралықтың бойында жол жазбасы жетекші локомотив машинисіне беріледі.Аралықтың бір бөлігінде поездың итергіш локомотивпен жүруі кезінде жол жазбасы итергіштің машинисіне беріледі.
