Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_PT_ZhD.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148 Кб
Скачать
☆
  1. Тасымалдау кезінде тексеріс арқылы жүктің ақаулығы байқалғанда орындалатын операциялар.

Жол жүру барысында немесе құрастыру мен айналым пунктінде техникалық ақаулыққа байланысты вагон ағытылған жағдайда Тасымалдаушы ағытылған вагонның орнына басқа вагонды тіркеп, оған жолаушыларды ауыстыру шараларын қолданады, ал егер басқа вагонды тіркеу мүмкін болмаса, жолаушыларды осы поездың бос орындарына, оның ішінде жоғарырақ санаттағы вагондардағы орындарға да орналастырады.

Жоғарырақ санаттағы вагондарға ауысу кезінде баласы бар жолаушыларға, ауру адамдарға, жасы үлкен адамдарға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына басымдық беріледі. Жоғары санаттағы вагонға ауысу кезінде жолаушылардан қосымша ақы алынбайды, ал жолаушылардың келісімімен төмен санаттағы вагонға ауысу кезінде жол жүру құнындағы айырмашылық осы Қағиданың 91-тармағы 5) тармақшасында қарастырылған тәртіппен төленеді.

Сол поезға орналастырылмаған жолаушылар уақыт бойынша таяу арада кететін поезбен пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттері) қайтарылғаннан кейін алынған жол жүру құжаттарымен (билеттермен) жөнелтіледі.

Тасымалдаушының кінәсы бойынша жолаушылардың басқа вагонға немесе поезға мәжбүрлі түрде ауысуы әрбір жағдайда поезд бастығы жасаған және оның қолы қойылған актімен ресімделеді, сондай-ақ жолаушы мен осы ауысу жүзеге асырылған вокзал қызметкерінің қолдары қойылып, вокзалдың (станцияның) мөрқалыбымен расталады. Актінің бір данасы жолаушыға беріледі, ал актінің екінші данасы поездың рейсі аяқталған соң құрамды құрастыратын жолсеріктер резервіне тапсырылады. Сол поезға отырғызылмаған жолаушыға актінің негізінде жүрілмеген қашықтық үшін билет кассасында жол жүру құны толықтай қайтарылады.

81. Жолаушыларды ағытылған вагоннан басқа вагонға ауыстыру кезінде поезд бастығы вокзал бастығымен (қызметкерімен) бірлесіп, сақтық пен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдай отырып, жолаушылардың қол жүгін көшіруге қажет көмекті ұйымдастырады.

  1. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар

Маневрлер:       1) 60 км/сағат – бос жолдар бойынша жалғыз локомотивтер және вагондары артына тiркелген, қосылған және сынақтан өткен автотежегiштерi бар локомотивтердiң жүруi кезiнде;       2) 40 км/сағат – артына тiркелген вагондары бар локомотивтiң қозғалысы кезiнде, сондай-ақ жалғыз арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамның бас жолдар бойынша жүруi кезiнде;       3) 25 км/сағат – вагондары алдындағы, сондай-ақ қалпына келтiру және өрт сөндiру поездарының бос жолдар бойынша қозғалысы кезiнде;       4) 15 км/сағат – адамдары, сондай-ақ 4, 5 және 6-дәрежелi бүйiрлiк және төменгi габаритсiздiк жүктерi бар вагондармен қозғалыс кезiнде;       5) 5 км/сағат вагондардың ағытпаларының басқа ағытпаға келуi кезiнде – итерумен және дөңес астылық парктегi маневрлер кезiнде;       6) 3 км/сағат – локомотивтiң (вагондармен немесе оларсыз) вагондарға келуi кезiнде артық емес жылдамдықпен жүргiзiледi.       419. Жылжымалы құрамның вагондық таразылар бойынша орын ауыстыруының жылдамдығы таразылардың құрылымына қарай станцияның техникалық - өкiмдiк актiсiнде белгiленедi.       Маневрлiк құрамдардың және жалғыз локомотивтердiң 60, 40 және 25 км/сағат жылдамдықтармен қозғалысы машинист жолдың бастығы туралы ескертiлген жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн. Егер машинист жолдың бастығы туралы хабардар етiлмесе ерекше қырағылықпен және одан әрi қозғалыс үшiн кедергiлер пайда болған кезде уақтылы тоқтауды қамтамасыз ететiн жылдамдықпен жүредi.

№8

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]