Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_PT_ZhD.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148 Кб
Скачать
☆

3.Аралық стансалар және оларда қандай операциялар орындалмайды?

Аралық станса жеке бөлімнің ең көп таралған түрі. Теміржол жүйесінде 5000 – нан астам аралық станса орналасқан. Тасымалдау жоспарын толық және уақытында орындау, олардың жұмыстарының ұйымдастырылуына байланысты. Аралық стансаның негізгі қолданылуы – желістің өткізу қабілетін қамтамасыз ету, жергілікті жүк жұмысында және жолаушылар тасымалы кезіндегі халық мұқтажына байланысты. Бір жолдық желісте пойыздарды өткізу қабілеті пойыздардың басып озуына немесе пойыздардың қиылысуына байланысты. Транзиттік пойыздарды аралық стансадағы арнайы қабылдау – жөнелту жолына немесе платформа орналасқан басты жолға қабылдайды. Аралық стансаның жергілікті жүк айналымын атқаруда дәрежесі өсуде. Стансада минералды тыңайтқыштармен әр түрлі ауыл шаруашылық техникасына арналған қоймалар орналасады. Аралық стансадағы қабылдау – жөнелту жолдарының орналасуына сызба түрлеріне қарай мынадай түрлері бар:- қатар орналасқан түрі – қабылдау – жөнелту жолдарының бір-біріне параллель орналасуы;- бойлық орналасқан түрі – қабылдау – жөнелту жолдарының бірінен соң бірі қарама-қарсы орналасуы;- жартылай бойлық – қабылдау – жөнелту жолдарының бірінен соң бірі араласып орналасуы.

№ 6

1.Теміржолда тасымалдау құжаттары қандай болады?

Жүктерді вагондап және шағын жөнелтіліммен тасымалдау ГУ-27 нысанды (14-қосымша) жүк қағазымен не болмаса жүк қағазынан, жол тізімдемесінен, жолдық тізімдеме түбіртегінен және жүкті қабылдау туралы квитанциядан тұратын ГУ-29-0 нысанды (15-қосымша) тасымалдау құжаттарының жинағымен ресімделеді.Жүк тасымалдары тасымалдардың электрондық досьесін қолданып ресімделген жағдайда электрондық тасымалдау құжатының көшірмесі ГУ-27-У-ВЦ нысанды (16-қосымша) әмбебап жүк қағазынан, жол тізімдемесінен, жол тізімдемесінің түбіртегінен және ГУ-29-У-ВЦ нысанды (17-қосымша) жүкті қабылдау туралы квитанциядан тұратын жинақ болып табылады. ГУ-27-У-ВЦ нысанды (16-қосымша) жүк қағазы тасымалдардың барлық түрлерін ресімдеуден тұрады және тасымалдаушы ресімдейтін жеткізу темір жол жүк қағаздарының барлық түрлерін ауыстырады. Әмбебап жүк қағазы басуға телетайптық форматтағы(тар) орама қағазбен де, 11 форматтағы жеке парақтармен де беріледі.

Тасымалдау құжаттарының бланктері машинкамен басу тәсілімен, тауар кассирінің АЖО-сы пайдаланып немесе қолмен шарикті қаламмен толтырылады. Жекелеген мәліметтер мөрқалыптар түрінде көрсетіледі. Тасымалдау құжаттарында өшіруге және түзетуге жол берілмейді. Жүк жөнелтушінің тасымалдау құжатына енгізген мәліметтерін өзгерту қажет болғанда, жүк жөнелтуші осындай құжаттың жаңа бланкін толтырады. Тасымалдаушының тасымалдау құжатына енгізген өзгерістері мен қосымша мәліметтері тасымалдау құжатын ресімдеген тасымалдаушының станциядағы өкілінің қолымен және станцияның мөрқалыбымен куәландырылады.Тасымалдаушы жүк жөнелтушіге жүк қағазының бланктерін калькуляцияға сәйкес ақыға береді.Жүк жөнелтушінің осы Ережеге сәйкес ресімдеген жүк қағазы мен оның негізінде жүк жөнелтушіге жүкті қабылдау туралы берілген квитанция жүкті тасымалдауға жасасылған шартты растайды.Жүк қағазы жол тізімдемесімен қоса жүкпен тағайындалу станциясына дейін жүреді, ол жерде жүк алушыға жол тізімдемесіне қолын қойғызып беріледі. Жүкті қабылдау туралы квитанция жүк жөнелтушіге жол тізімдемесінің түбіртегіндегі тиісті бағанда қол қойғызып беріледі. Жол тізімдемесінің түбіртегі жөнелту станциясында қалады.Тасымалдауды тасымалдардың электрондық досьесін қолданып ресімдегенде жүк темір жол көлігінде қабылданған тасымалдарды ұйымдастыру технологиясына сәйкес қағаз тасымалдау құжаттарымен (электрондық құжаттардың көшірмелері) бірге немесе оларсыз (қағазсыз технологияда) жол жүреді. Егер тасымалдар үшін ақы төлеуші экспедитор немесе вагондардың операторы болып табылатын болса, жол тізімдемесінің қосымша данасы жасалады, ол жасасылған шартқа сәйкес тасымалдаушыға беріледі.Мынадай тасымалдарды бір тасымалдау құжатымен ресімдеуге жол берілмейді:1) басқа жүктермен келе жатқан тез бүлінетін жүктерді, жолсеріктер ілесіп жүретіндерді қоспағанда;2) өздерінің қасиеттері бойынша бірге бір вагонда тасымалдауға жол берілмейтін жүктерді;3) тасымалдауда сақтанудың ерекше шараларын қолдануды талап ететін жүктерді мұндай шараларды талап етпейтіндермен бірге;4) санитарлық, ветеринарлық, өзге де ерекше нормалар мен ережелерді талап ететін жүктерді мұндай нормалар мен ережелердің сақталуын талап етпейтін жүктермен;5) жүктерді түсіру клиенттің кірме жолына бағытталған жағдайларды қоспағанда осы Ережеге сәйкес сақтау мерзімі әр түрлі жүктерді.Тасымалдаушы жүк жөнелтушінің жүк қағазында көрсеткен мәліметтерінің дұрыстығын және құжаттардың болуын тексереді.Тасымалдау құжаттары мәтіндік ақпаратымен қатар оның кодтық ақпаратынан тұрады. Кодтық ақпаратқа арналған орындар тасымалдау құжаттары бланктерінің рамкамен қоршалған орындарында көзделген. Тасымалдау құжаттарындағы ақпаратты кодтау тәртібін тасымалдаушы белгілейді.Тасымалдардың электрондық досьесі тауар кассирінің АЖО-сында ресімделеді және тасымалдаушының автоматтандырылған ақпараттық желісіне деректермен электрондық алмасу желісі арқылы беріледі. Ақпараттық жүйе электрондық тасымалдау құжаты деректерінің сақталуын және қауіпсіздігін, құпиялылықтың сақталуын және мәліметтерді рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді.Тасымалдардың электрондық досьесі қолданылған тасымалдау шарты тасымалдаушының автоматты ақпараттық жүйесінен автоматтандырылған ақпарат жүйесінен хабарламаның - электрондық құжаттың (квитанцияның) алынғандығы оң растауды тауар кассирінің АЖО-сына қабылдағаннан және жүк жөнелтушіге жүкті қабылдау туралы квитанцияны (қағаз немесе электрондық түрде) бергеннен кейін жасасылған болып саналады.Жүк жөнелтушіде немесе жүк алушыда меншікті автоматтандырылған жүйе болғанда тасымалдау құжаттарын жүк жөнелтуші (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында қабылданған технология мен стандарттарға сәйкес деректермен электрондық алмасу арқылы ресімдеуге жол беріледі. Деректермен электрондық алмасуда сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе тараптардың келісіміне сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңба да қолданылады.Тасымалдардың электрондық досьесіне құқылы тұлғаның деректемелері бойынша деректер енгізуді: жүк жөнелтуші, жөнелту  станциясы, жол жүру барысындағы станциялар, тағайындалу станциясы жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]