Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_PT_ZhD.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148 Кб
Скачать
☆
  1. Маневрлердің жүргізілу жылдамдықтары

Маневрлер:1) 60 км/сағат – бос жолдар бойынша жалғыз локомотивтер және вагондары артына тiркелген, қосылған және сынақтан өткен автотежегiштерi бар локомотивтердiң жүруi кезiнде;2) 40 км/сағат – артына тiркелген вагондары бар локомотивтiң қозғалысы кезiнде, сондай-ақ жалғыз арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамның бас жолдар бойынша жүруi кезiнде; 3) 25 км/сағат – вагондары алдындағы, сондай-ақ қалпына келтiру және өрт сөндiру поездарының бос жолдар бойынша қозғалысы кезiнде;4) 15 км/сағат – адамдары, сондай-ақ 4, 5 және 6-дәрежелi бүйiрлiк және төменгi габаритсiздiк жүктерi бар вагондармен қозғалыс кезiнде; 5) 5 км/сағат вагондардың ағытпаларының басқа ағытпаға келуi кезiнде – итерумен және дөңес астылық парктегi маневрлер кезiнде;6) 3 км/сағат – локомотивтiң (вагондармен немесе оларсыз) вагондарға келуi кезiнде артық емес жылдамдықпен жүргiзiледi. Жылжымалы құрамның вагондық таразылар бойынша орын ауыстыруының жылдамдығы таразылардың құрылымына қарай станцияның техникалық - өкiмдiк актiсiнде белгiленедi. Маневрлiк құрамдардың және жалғыз локомотивтердiң 60, 40 және 25 км/сағат жылдамдықтармен қозғалысы машинист жолдың бастығы туралы ескертiлген жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн. Егер машинист жолдың бастығы туралы хабардар етiлмесе ерекше қырағылықпен және одан әрi қозғалыс үшiн кедергiлер пайда болған кезде уақтылы тоқтауды қамтамасыз ететiн жылдамдықпен жүредi.

  1. Станцияның сыныбы қалай анықталады?

Атқаратын жұмысының көлемi мен күрделiлiгiне қарай станциялар кластан жоғары және I – V класс станцияларына бөлiнедi. Станциялардың класын олардың атқаратын жұмыстарын баллмен бағалау арқылы анықтайды.

№4

  1. Поездар қозғалысының керегені

Қозғалу керегені жүйенің толық бағытына өңделіп: жолаушылардың және жүктердің тасымалдау жоспарын уақытымен және сапалы түрде орындауды; пойыз қозғалысының қауіпсіздігін; техникалық құралдардың және қозғалмалы құрылымдарды тиімді пайдалануды; стансалар мен аралықтар жұмысының тұрақты байланысын; пойыздық және локомотивтік жұмыстардың үздіксіз жалғасуын бекітуді қамтамасыз етеді. Пойыздардың қозғалу керегенің өңдеу барысы аралықтар мен бағыттардағы ең жақсы қозғалыс жылдамдықтарының көрсеткіштеріне байланысты әр түрлі санаттағы (категориялардағы) берілген пойыздардың өтімін, локомотивтерді және де басқа техникалық құралдарды пайдалану, сондай-ақ темір жолдардың техникалық жабдықтарының қалыпты жағдайының маңызды талаптарын қарастыру болып қарастырады. Анығырақ, пойыздардың қозғалыс керегені – темір жолдың пайдалану жұмыстарының жоспары және жүк пойыздарының қозғалысын ұйымдастырып қана емес, сонымен қатар, станса, депо, вагон қызметтерінің, жол жұмыстарын, құрылыстық және басқа мекемелердің жұмыстарын бақылайды. Жүктерді жеткізу жылдамдығы, жолаушылар тасымалының тездігі және сапалылығы – осының бәрі пойыздардың қозғалыс керегеніне байланысты болады. Пойыздардың қозғалыс керегені үнемі іске асырылады және оның әрі қарай дамуы дұрыс жолмен жүруі тиіс: яғни, көліктік бөлімшелердің жұмысының жақсы талаптарын қамтамасыздандыру және олардың бір-бірімен тұрақты байланыстары, пойыздардың қозғалу жылдамдықтарынан және массаның максималды жоғарлауынан, пойыздық жұмыстың тарту қамтамасыздығының тиімділігінен, есептеу техникаларын қолдану негізінде қозғалыс керегенін өңдеу және автоматтандырудан болады. Қозғалыс керегенімен пойыздардың бір-біріне қарама-қарсы орналасуын, аралықтар бойынша келу кету уақытын, локомотивтердің телімдерде (участке) және стансаларда болу уақытын анықтауға болады.Кең таралған пойыздар қозғалысының керегені өндіріс мекемелерінің және теміржол көлігінің кәсіпорын жолына вагон беру жұмыс технологиясын санап қосқанда және зауыт ішіндегі тасымалдарға байланысты болады. Өндірістік көлікте пойыздар қозғалысының керегені магистарлды стансаға жанасатын теміржол цехтарының барлық бөлімшелерінің жұмыстарын пайдалануды ойластырудағы тасымал ұжымының негізі болып табылады. Керегеннің құрылуы кезіндегі негізгі мөлшерлер (нормативтер) теміржол көлігі жұмысының бірыңғай технологиялық үрдісі (БТҮ-ЕТП), зауыттармен, бөлімшелердің үрдісі, ТПЕ талаптарын қарастыра отырып түйіспе стансаларының жұмыстары негізінде орындалады. Қозғалыс керегені координатты осьте уақытын, жылдамдығын, арақашықтығын және уақытына байланысты жүрілген жолдың тәуелділігін қарастыра отырып пойыздың жүруін сызба арқылы көрсететін керегендік сурет. Керегеннің торы жеке пункттер осіне сәйкес көлденең сызықтардан және тік сызықтардан тұрады. Мұнда, тігінен келген қалың сызықтарды тәуліктегі 24 сағатқа бөледі, пунктирлі сызықтар – жарты сағаттық аралыққа сәйкес, қалған түгел жіңішке сызықтар – он минут аралықтарға арналған.

2.Станция кезекшісі жұмысының ерекшеліктеріСтанция бойынша кезекшi жолдардың, бағыттамалық бұрмалардың, сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау (одан әрi – СОБ), байланыс құрылғыларының және түйiспелiк желiлердiң ақаулықтарын анықтағанда (жеке немесе басқа қызметкерлердiң баяндамалары бойынша) жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс құрылғыларын және түйiспелiк желiлердi ДУ-46 қарап тексеру журналында (бұдан әрi - ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында) бұл туралы жазба жасайды және тиiстi жол, сигнал беру және байланыс дистанцияның құрылғыларға қызмет көрсетушi қызметкерiн (жол шеберiн, СОБ және байланыс электр механиктерiн) және кезекшi инженерiн (диспетчерiн) тиiстi жол дистанциясы, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтауды хабардар етедi.       Поездар қозғалысының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн техникалық құрылғылардың барлық ақаулықтары туралы станция бойынша кезекшi бұдан басқа поездық диспетчердi хабардар етедi.       Ақаулықтарды жою туралы тиiстi қызметкер ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында тиiстi белгi қояды, ол оның қолымен және станция бойынша кезекшiнiң қолымен куәландырылады.       Поездық радиостанцияда ақаулықтар пайда болған жағдайда локомотивтiң (мотор вагонды поездың), арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамның машинисi бұл туралы поездық диспетчерге немесе станция бойынша кезекшiге жақын бөлек пункттен немесе темiр жол өткелiнен хабарлайды (машинистiң көмекшiсi, жолаушылар поезының кондукторы, бастығы (жолаушылар поезының механик-бригадирi) және жолаушылар поезының локомотивiне бiр машинист қызмет көрсеткен кезде онда локомотивтi ағытпай поездық радиобайланысты айырбастау (жөндеу) жүргiзiлуi немесе локомотивтi ауыстыру немесе қосалқы локомотив талап етiлуi тиiс ең жақын станцияға дейiн аралықты шектеушi станциялар бойынша кезекшiлерге берiлетiн поездық диспетчердiң бұйрығы бойынша жүредi. 3.Көлік жүрісін есептеу деп нені айтамыз?

№5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]