- •Тәжірибелік психология
- •1.2. Мектеп психологиялык қызметінің мазмұны
- •1.4. Оқушының психологиялық-педагогикалық статусы
- •2.3.4, Л.С.Выготскийдің "Жалпылап айт" әдістемесі
- •2.3.5. Е.Е.Кравцовтың "Кім үлкен" әдістемесі
- •2.3.6. "Мен не білемін?" әдістемесі
- •2.4. Балардың мектепке даярлығын есепке алу
- •3.1. Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет корсету міндеттері
- •3.3.1. "Қисынсыздықтар" әдістемесі
- •3.3. Баланың таным процестерін зерттеу әдістері
- •3.3.2. "10 Сөзді жаттау" әдістемесі
- •3.4. Үшінші-төртінші сынып оқушыларының таным процестерін диагностикалау және дамыту
- •3.5. Зейінді зерттеу және дамыту әдістемелері 3.5.1. Бурдон тесті
- •3.5.2. "Қызыл-қара кесте" тестінің модификациясы
- •3.6. Ойлау процесінін даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері
- •3.6.1. Логикалық ойлауды дамыту әдістемссі
- •3.6.2. А.З.Зак ұсынған "Оқушылардың ойлау қабілетің даму деңгейін анықтау" әдістемесі
- •3.7. Бастауыш сынып окушыларынын аныктауға арналған тестер жинағы
- •4.1. Жеткіншек жас кезеншщ психологиялык ерекшеліктері
- •5.1. Жас оспірімдерге психологиялык қызмет көрсету міндеттері
- •5.2. Интеллектің даму децгейін диагностикалау (штур толық айтқанда: Школьный Тест Умственного Развития)
- •5.3. Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған Айзенк тестілері
- •5.3.1. Лингвистикалық қабілетті анықтауға арналган Айзенктің создік (вербалдық) субтесті
- •5.3.2. Математикалық қабілетті анықтауға арналғап Айзенктің сандық субтесті
- •5.5. "Сан катарлары" әдістемесі (математикалық ойлауды бағалау)
- •6.3. Балалар агрессиясы мен акцеитуаңиясын зерттеу
- •Жеткіншектер акцентуациясын анықтау (Шмишек тесті)
- •6.6. Кеттелдің 16-факторлык тесті (балаларға арналған кыскартылған варианты)
- •6.7. Пиктограмма әдістемелері 6. 7.1. "Отбасы суреті" әдістемесі
- •6.7.2. "Отбасы суреті" проективтік тесті
- •6.7.4. "Менің отбасым кешқүрым" әдістемесі
- •6.7.5. "Жаңбыр астындағы адам" әдістемесі
- •6.7.6. "Жануарлар мектебі" жобалау әдістемесі (оқушылардың мектепке бейімделеуін диагностикалау)
- •7.2. Мектеп психологы іс-кағаздарының тізімі
- •7.3. Мектеп нсихологы жүмыстарын жоспарлау
- •7.4. Мектептің псхологиялық қызмет жоспарының үлгісі
- •Мектеп психологы күнтізбелік жоспарьшың үлгісі
- •7.6. Апталык жұмыс жоспары (үлгі)
1.2. Мектеп психологиялык қызметінің мазмұны
Психологиялык қызметті ұйымдастыруга үлгі болатын модельдер. Мектсп психологиялык қызметінің мақсаты мен міндеттері. Балаға психологиялық көмек көрсету міндеттері мен салалары.
Білім беру саласында психологиялык, қызметті ұйымдастырудың ғасырдан асатын тарихы және мол тәжірибесі бар. Көптеген елдерде бүл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр. Білім беру саласындагы психологиялык қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р.Б.Радионов, И.А.Соколова, З.А.Малькова және т.б. ғалымдар зерттеген'. Жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялык қасиеттердін сандык және сапалақ көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынды.
Өткен ғасырдың басында Францияда А. Бине жекелік қасиеттерді зерттеу мәнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялык зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық қабілетін зерттеу жұмысын жолга койды. Биненің жүргізген зерттеулері коптеген ғалымдарды кызыктырып психологиялык қызметті ұйымдастыруга ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қалаеында Фрэнк Парсонс мамандыкка баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында коп жыл жургізген төжірибесін қортындылай келіп, мамандықты тандап алу үшін эр адам үш нәрсені жаксы білуі кажет екенін көрсетті.
Олар: 1) өз қабілеті мен мүмкіндіктерін жонс оның табалдырыгын білу; 2) Тандаған мамандыгы бойынша жүмыс жағдайымен танысып, ол қызметті орындау үшін қандай қасиеттер керекекенін анықтап, жалакысы, болашагы, осу жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық маглүмат алу; 3) әр баланың армаиы мен мүмкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау.
Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балага болашак мамандыгын анықтауы туралы оз кеңестерін береді.
Көп ұзамай Англияда Цирил Бэрт, АҚШ-да Арнольд Гессель мектеп кабырғасында балаларға және олардың ата-аналарына психологиялык комек көрсету ісіне кірісті. Осы бастама кейінен "Гайденс" қызметі (гайд - комек көрсету, жетелеу деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан) деп аталып, қазірге дейін білім беру жүйесінің үлкен бір саласы болып дамып келеді. Ірі мектептерде бірнеше психолог қызмет атқарады. Сондықтан оны бригада деп атауға болады.
Психологиялык қызметті үйымдастыру тобы өз іс-шараларын бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр:
Балаларга мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін аткаруға көшуіне көмек корсету;
мектепте оку параллельдерін анықтап алуга ықпал жасау;
жоғары сынып окушыларына мамандық таңдап алуға жөрдем беру;
окушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау.
Қазіргі кезде коптеген елдер психологиялык қызметті мектеп кабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, пснхологиялық қызмет көрсету дәстүрі кеңінен калыптасып келеді. Психологиялық кызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда калыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жүмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялык кызметті ұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр.
Біздің елде білім беру жүйесіндсгі психологиялык, қызмеітің мақсаты мен мазмүнын аныктауга Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттсрдің тәжірибесін, теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау үстіндеміз.
Психологиялык кызметтің максаты — бала дамуындагы әр кезендегі жан дүниесінің ерекшеліктсрін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады.
Психологиялык кызметтің міндеттері:
психологиялык және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қиыншылық көріп жүрген балалардың проблемаларып анықтау, оларға дер кезінде көмек көрсету;
окушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенінше жетелеп, сүйеніш болып жүру;
проблемасы бар балалардыжан-жақты зерттеп себебін анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
дамуында ауыткуы бар балалардың психологиялық қасиеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру
оқу-тәрбие жүмысына ғылыми жетекшілік жасап әр оқытушының, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жүмысын ұйымдастыру.
Осы анықталған міндеттерді орандау т.б. өмір барысында тұған шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет. Қазақстанда мектеп психологі енді тағайындалып, өз жүмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген төжірибесі таяз жас мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтап алу үшін ізденіс үстінде.
Психологиялык қызмет моделін қалай қүру қажет екенін анықтап алу оңай емес. Бұл мәселені дүрыс шешу үшін бүрынғы Кеңес мектептерінде психологиялық қызметтің мазмүнын анықтағандар Н. Р. Битянова, И. В. Дубровина, А.И. Прихожан үсынған үлгілерді қолдануға, немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдана отырып мектеп психологі қызметін келесі бағыттарда үйымдастыруға болады:
психодиагностикалық жұмыс;
исихолрофилактикалық жұмыс;
психологиялык кеңес беру;
пеихокоррекция жүргізу;
— ата-аналардға психологиялық-педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру;
психологиялык қызмет көрсету жүйесі қызметін насихаттау;
әлеуметтік-диспетчерлік қызмет керсету;
— педагогикалық үжымға психологиялық қызмет корсету. Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бір-бірімен үйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген.
Мектеп оқушыларына, копшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлүмат алуы қажет. Бүл мағлұмат психодиагностикалық зерттеу барысында жиналады. Оқу-тәрбие жұмысы барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процестерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталады. Психологиялык, қызмет мазмұнын анықтау үшін бүл жүмыстың мақсат-міндеттеріне сүйене отырып оның барлық жоғарыда келтірілген салалары бойынша іс-шаралар тізімін толық жүйеге келтіп жүмыс жоспарында корсету қажет. Жоспарларды жасау үлгілірі осы кітаптың жетінші тарауында берілген.
1.3, Психолог міндеттері және құқығы
Психологиялык қызмет туралы жалпы жағдайға байланысты психолог міндеттері мен қүқықтары анықталған.
Психолог міндеттері:
1. Білім беру саласындағы Республика заңдарын орындау;
2. Шешім қабылдап, проблемаларды қарастыруда кәсіби шеңберден шықпау;
3. Өзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отыру;
4. Нақты кәсіптік білімі жоқ адамдардың диагностикалык, коррекциялық зертгеулер жүргізуіне тыйым салу;
5. Барлық мәселелерді шешуде балалардың психологиялык, дамуын ескеру;
6. Аткарылатын жүмыстардың міндеттері мсн әдістері туралы нүсқауларды көсіптік жағынан басқаратын адамдар бергенде оларды нақты орындау;
7. Баланың психологиялык дамуын шешу мәселесінде мектеп үжымына кажетті көмектерді көрсету;
8. Кәсіптік қүпияны жарияламау;
9. Барлық психологиялык зерттеу нәтижелерін жазып, арнайы қүжатгарға тіркеп отыру;
10. Психологиялык комекті қажст ететіндсрге дер кезіндс қажетті іс-шараларды үйымдастыру.
Психолог құқығы:
Оқушылармен және басқа талапкерлермен жүргззілетін жүмыстың нақты міндеттерін оз бетінше шешуге, өдіс-тәсілдерін дербес тандап, жүмыстардың кезегін анықтау;
Кәсіби міндеітері сапалы орындауға қажетті жағдай жасауды мектеп басшыларынан талап етуге;
Жоғарғы орындардан түскен нұсқаулар этикалық ұстанымдарга қайшылас келген жағдайда оны орындаудан бас тартуға;
Қажетті құжаттармен танысуға;
Психодиагностикалық, психокоррекциялык әдіс-тәсілдерді іріктеп алуға және оларды дайындауға;
Мектеп оқушыларын топтық жөне жеке зерттеулерден өткізуге;
Медициналық жөне дефектологиялық мекемелерге сұраныс жасауға;
Баланың болашағын анықтау үшін медициналык, педагогикалык-психологиялық т.б. комиссарлар кеңесіне катысуға;
Төжірибе алмасу мақсатында ғьшыми-әдістемелік көпшілІк журналдарына материалдар жариялауға;
Психологиялық білімдерді насихаттауға;
240 сағат көлемінде нормативтіх жөне факультативтік сағат алуға;
Оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беруге;. Отбасына психологиялық қызмет корсетуге.
