Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
17-74.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
570 Кб
Скачать
☆

18.Жинақтар. Анықтамасы. Номенклатурасы. Жинақтар алудың жалпы технологиялық схемасы. Жинақтарға эфир майларды және дәрілік заттарды енгізу әдістері.

Жинақтар (spesies) – ірі ұнтақталған немесе кесілген бірнеше өсімдік шикізаты түрлерінің қоспаларынан, кейде эфир майлары немесе тұздар  қоспаларынан  тұрады. Жинақтар – ежелден адамдар қолданатын дәрілік форма. Жинақтар арзан және дайындалуы қарапайым болғандықтан, өзінің маңыздылығын жойған жоқ.

Жинақтарды негізінен фармацевтикалық өндірістерде дайындайды. Жинақ құрамына кіретін шикізатты бөлек-бөлек ұсақтайды. Жапырақ пен шөптерді арнайы шөп кескіштерде, тамыр мен тамыршаларды тамыр кескіштерде кесіп, диірменде ұсақтайды. Жапырақ, шөп және гүлдердің мөлшерлері 4-6 мм, сабақ, тамыр және тамыршалар 3 мм, ұрықтар мен дәндер 0,5 мм болуы тиіс. Гүлдер мен соцветиелерді ұсақтатпайды да, өйткені гүл қабықшасы әсер етуші заттарды бөліп алуға кедергі жасамайды.  Ұсақтаудан кейін 0,2 мм саңылаулары бар елеуіштерден өткізу арқылы шаңдардан бөліп алады. Жинақ құрамында тұз болса, олардан қаныққан ерітінді дайындайды. Өсімдік материалын бүрку арқылы араластырып, 40-60°С температурада кептіреді. Эфир майларын дайын жинаққа 1:10 қатынасында 95% спирттік ерітінді түрінде қосады. Жинақтарды іші пергамент қағазымен жабылған, картон жәшіктерде 50, 100, 150, 200 г түрінде шығарады. Этикеткада жинақ құрамы мен қолданылуы көрсетіледі.

Жинақтарды дайындау келесі сатылардан тұрады: 1.Ұсақтау. 2.Електен өткізу. 3.Араластыру. 4.Ыдысқа салу,орау және безендіру. Ұсақтау. Әсер ететін заттарды жақсырақ алып шығу үшін жинақтар құрамына кіретін өсімдік шикізатын әрқашан дерлік ұсақтайды. Шикізатты құрылымына және түріне байланысты жеке-жеке ұсақтайды. Жапырақтарын, шөбін, қабығын, тамырларын және сабақтарын шөп және тамырқиғыштарда кеседі. Тамырларын және тамырсабақтарын кейін үйіндіге арналған немесе өзге диірмендерде ұсақтайды. Жемістерін, дәндерін және (толокнянканың, итбүлдіргеннің немесе эвкалиптің) терілі жапырақтарын алуан түрлі диірмендердің көмегімен ұсақтайды. Жөке, сиырқарақат және дәріханалық түймедақ гүлін қоспағанда, гүлдерді тұтас күйінде пайдаланады. Өсімдік шикізатының ұсақталу дәрежесі жинақтың пайдаланатын мақсатымен анықталады. Ішке қабылдауға арналған тұнбалар мен қайнатынды жасауға арналған жинақтар (Species ad infusum et decoctum) – шай, шаю және дәріленген дәке – бөліктерінің мөлшері келесідей болуы керек: жапырақтары мен шөптері – 4-6 мм, сабақтары, қабығы және тамырлары – 3 мм, жемістері мен дәндері – 0,5 мм, тартатын жинақтар (Species fumales) – 3 мм, су қабылдауға арналған жинақтар (Species pro balneo) – 2 мм. Електен өткізу. Ұсақталғаннан кейін жинақтар тесіктерінің мөлшері 0,2 мм № 32 електен өткізу арқылы шаңнан тазартылуға тиіс. Араластыру. Жинақтың құрамдас бөліктерін тұрқы (корпусы) айналатын араластырғыштарда араластырады. Жинақтың жекелеген бөліктерінің мөлшерлері, пішіні, салмағы әртүрлі болғандықтан және осыған байланысты қабаттарға бөлінуі мүмкін болғандықтан, құрамы бойынша біртекті қоспа алу белгілі қиындықтар әкелуі мүмкін. Егер жинақтың құрамына эфир майлары немесе тұздары кіретін болса, оларды алдын ала ерітіп алады: эфир майларын этанолда, тұздарды – суда; алынған ерітінділермен жинақтың бір құрамдас бөлігін немесе жинақты түгелдей бүркіп шығады. Сулы ерітінділер қолданған жағдайларда ылғалданған жинақты мұқият араластырып, 40-600С температурада кептіргіш шкафтарда кептіреді. Ылғалды өсімдік материалы ферменттік және микробтық зақымдануға өте оңай көнеді. Өсімдік шикізатының құрамдас бөліктерінің денатурациясын болдырмау үшін кептіру температурасы 600С –ден аспауы керек. Спирт ерітінділерін қолданған жағдайларда жинақты жиі-жиі араластырып, спирт кеткенге дейін ашық ауада кептіреді. Кептірілгеннен кейінгі жинақтың салмағы өсімдік шикізатының және жинаққа кіретін басқа ингредиенттердің қосынды салмағына тең болуға тиіс. Жинақтарды орау. Жинақтарды ішіне пергаментті қағаз төселген картон қораптарда немесе 50, 100, 150 және 200 грамдық қосарланған қағаз пакеттерде жібереді. Этикеткасында жинақтың құрамы және міндетті түрде қолдану тәсілі көрсетіледі. Жинақтарды шығарудың болашағы зор түрі – пресстелген, мөлшерленген дәрілік шикізатқа ұқсас брикеттер болып табылады.