Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
17-74.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
570 Кб
Скачать
☆
  1. Майда ұнтақтау үшін қолданылатын соққыш - ысқылағыш және ысқылағыш –жарғыш машиналар.

ЖҰҚА ҰНТАҚТАУ

Жұқа Ұнтақтауда жиі қолданылатын барабанды және сақиналы диірмендерде, бір мезгілде езу, соғу және үйкеліс күштері арқылы материал кесектерінің өлшемін 10-2 мм-ден 2-0.075 мм-ге дейін жеткізіп, Ұнтақтауға болады.

Барабанды диірмендер

Б арабандық диірмендер — бұл айналатын корпустың (барабанның) ішінде, материалдарды ұсақтайтын денелер әсерінен немесе өздігінен ұсақталу арқылы ұсақтайтын машиналар. Ұсақтайтын денелер ретінде метал шарлары немесе стержень, оралған малтатас қолданылады. Осы денелердің түрлеріне байланысты: диірмендер шарлы, стерженьдік, малтатасты және өздігінен ұсақтайтын болып бөлінеді. Барабан айналған кезде ұсақтайтын денелер центрден тепкіш және үйкеліс күштерінің әсерінен қабырғалар бойымен бірталай биіктікке көтеріледі де, одан кейін еркін құлап, соққымен, езумен және үйкеліспен материалды ұсақтайды. Сонымен қатар материал ұсақтайтын денелердің арасында және де осы денелер мен диірменнің ішкі бетінің арасында ұсақталады.

Барабанды диірмен (Сурет 84) подшипниктерге 4 бекітілген - алдыңғы қақпақтармен 2 және 3 жабылатын, горизонтальды цилиндрлік корпустан 1 (барабаннан) тұрады. Білікте орналасқан шестерннен тісті венец 5 арқылы диірмен айналымға келтіріледі. Барабан мен диірмен қақпақтары болат плиталармен 6 қапталған (футерленген), оның беті ұсақтайтын денелерден қорғау үшін толқын тәрізді немесе сатылы болып келеді. Материал қоректендіргіш арқылы енгізуші цапфамен 7 диірменге беріледі. Аппараттың басқа бөлігінде шығаратын цапфа арқылы 8 ұсақталатын материал түсіріледі.

Ұнтақтау дымқыл (барабандық диірмендерде кеңінен қолданылады) және құрғақ тәсілдермен орындалады. Дымқыл Ұнтақтау кезінде, суспензия түсіргіш цапфа арқылы құйылады. Құрғақ Ұнтақтау кезінде материал салу және түсіру деңгейлерінің ауысуы арқылы, барабан осі бойымен қозғалады және цапфа 8 арқылы өз салмағының әсерінен немесе барабаннан желдеткіш арқылы ауаны сору кезінде пайда болатын - ауа ағыны әсерінен шығарылады.

Өнімді түсіру тәсіліне қарай диірмендер: түсіру бөлігінде өнім торлық диафрагма 9 арқылы шығарылатын, тор арқылы (84-сур) және жазық цапфа (торсыз) арқылы, орталықтандырылған түсіретін диірмендер болып бөлінеді. Бірінші типті диірмендерде тор 9 тарамдалған қабырғалармен (лифтерлер) 10 қамтылған, олар ұсақталған өнімді еріксіз түсіреді. Сондықтан ылғалды Ұнтақтау үшін ғана қолданылатын осындай диірмендерде суспензия деңгейі түсіруші цапфа деңгейінен төмен болуы мүмкін, яғни орталықтандырылған түсіруі бар диірмендерден төмен. Осыған байланысты ұсақтайтын денелердің соққылары қойыртпақ арқылы азырақ әлсізденеді және Ұнтақтау тиімділігі өседі. Диірмендегі суспензия деңгейін диафрагма саңылаулар бөлігін жауып тұру арқылы реттеп отыруға болады. Тор арқылы түсіру кезінде диірменнің меншікті өнімділігі 15-30%-ке артады, ұсақталу өнімі ірілігі бойынша бірқалыпты болып шығады.

Бұндай диірмендерің кемшіліктері: жұмыс көлемінің азаюы, машинаның салмағының артуы (диафрагма және лифтерлер есебінен), тор тетіктерінің тозған Ұнтақтаушы денелермен бітеліп қалуы.

Барабан үлгісіне және оның ұзындығының L диа­метріне D қатынасына қарай: қысқа (L/D = 1.5-2), құбырлық (L/D= 3-6), цилиндрлік-конустық диірмендер болып бөлінеді.

Шарлы диірмендер. Шарлық диірмендердің (жұқа Ұнтақтау үшін кеңінен қолданылады) Ұнтақтаушы денелері ретінде барабан жартылай толтырылатын, диаметрлері 25-150 мм болатын, болат шарлар (85-сур) қолданылады. Шарлы диірмендер ұсақталған материалды орталықтандырылған түсіру және тор арқылы түсіру түрінде жасалынады.

Ц илиндрлік шарлық диірмендерде ұсақталмаған материал, машинаның салу бөлігінде, түсіру бөлігіндегі ұсақталған материадан сәл жоғары орналасады, осының есебінен ірі кесектерді Ұнтақтауға арналған ең ірі шарлар түсіру бөлігіне жылжып, сол жерде жинақталады. Барабан ені бойынша шарлардың жіктелуі, цилиндрлік-конустық диірмендерде, барабан бойымен айналу жылдамдықтарыдың әртүрлі болу есебінен жүзеге асырылады. Ең ірі шарлар барабанның цилиндрлік бөлігінде жинақталады. Бұл жағдайда шарлардың өлшемдері материалдың кесектерінің өлшемдеріне сәйкес келеді, өнім біртекті болып шығады (тым ұсақталған болмайды), энергияның меншікті шығыны азаяды. Барабан көлемінің салыстырмалы азаюы және оны қаптау – цилиндрлік-конустық диірмендердің кемшіліктері болып табылады.

Құбырлық шарлық диірмендерде толық Ұнтақтау материалдың ұзын барабанда болу уақытының ұзақтылығы есебінен жүзеге асырылады. Осы жағдайда жіктеушінің қажеттілігі болмайды, яғни ашық циклде жұмыс істелуі мүмкін, бірақ Ұнтақтауға кететін энергия көбейеді. Энергия шығыны көп камералы құбырлы диірмендерді қолданған кезде азаяды, мұнда барабан ұзындығы бойынша торлық бөлгіштер арқылы 3-4 камераға бөлінеді. Камералар бойынша Ұнтақтаушы денелердің өлшемдері материалдың ұсақталуына қарай кішірейеді.

Ұсақтайтын материалдардың тозуынан (мысалы, керамикалық материалдар үшін), металмен ластануға болмайтын материалдарды ұсақтаған кезде, кремний малтатасымен толтырылған, кремний плиталармен қапталған диірмендер қолданылады (малтатасты диірмендер).

Шарлық диірмендердегі Ұнтақтау тиімділігі және энергия шығыны айналу жылдамдығына (айналыс саны), Ұнтақтаушы денелердің салмағы мен өлшеміне, ылғалды Ұнтақтау кезіндегі суспензия концентрациясынан тәуелді.

Стерженьдік диірмендер

Стерженьдік диірмендер. Конструкциясы бойынша стерженьдік диірмендер орталықтандырылған түсіруі бар (диафрагмасыз) шарлық диірмендерге жақын. Негізгі айырмашылығы: Ұнтақтаушы денелердің формасында, ал Ұнтақтаушы денелер ретінде диаметрі 40-100мм болат стерженьдер қолданылады, олардың ұзындығы барабан ұзындығынан 25-50мм -геқысқа.

Стерженьдік диірмендерде материалдарды Ұнтақтау айналып тұрған барабанда, стерженьдердің домалауы кезінде езумен, соққымен және ысқылаумен жүзеге асырылады. Айналу жылдамдығы шарлық диірмендерге қарағанда 25-30%-ға аз, себебі стерженьдер еркін құлаусыз домалайды, бірақ Ұнтақтаушы денелерді салу салмағы шарлық диірмендерге қарағанда 25-25%-ға көп.

Стерженьдік диірменде өнім ірілігі бойынша шарлық диірмендерге қарағанда бірқалыпты болып шығады. Бұл жұмыс істеу кезінде стерженьдердің материалмен бір уақытта, көптеген нүктелерінде үйкелісетінімен түсіндіріледі, яғни олар ең ірі кесектерін ұсақтайды да, ұсақ кесектердің одан әрі ұсақталуынан сақтайды.

Стерженьдік диірмендер дәндері 1-Змм болатын материалдарды Ұнтақтау үшін қолдануға ұсынылады. Стерженьдік диірмендердің өнімдерін шарлық диірмендерде одан да жұқа етіп Ұнтақтауға болады, себебі шарлық диірмендердің ұсақ материалда жұмыс істеу тиімділігі артық.

Ө здігінен Ұнтақтау диірмендері. Құрғақ өздік Ұнтақтау гравитациялық диірменде «Аэрофол» жүргізіледі (86- сурет), ол үлкен диаметрлі (5.5-11.0 м) қысқа барабанды 1 болады. Барабанның ішкі бетінде сөрелер 2 жасалған, олар барабан айналғанда материал кесетерін жоғары көтереді. Одан кейін төмен қарай түсіп, кесектер жарылады да астындағы материалдарды соққымен ұсақтайды. Алдыңғы барабан қақпақтары 3 үшбұрышты бағыттаушы сақиналармен 4 жабдықталған. Олар материал кесектерін барабан ортасына бағыттау үшін керек. Кейбір жағдайларда Ұнтақтау тиімділігін жоғарылату үшін, диірмендерге аса көп емес болат шарлар толтырылады (2.5% барабан көлеміне дейін). «Аэрофол» диірменінің айналу жылдамдылығы 80-85% айналудың критикалық санына тең. 30-50% дейін материалмен толтырылған барабан ұзындығы - шамамен оның диаметрінің 1/3-не тең. Диірмен тұйық циклді ауа класификаторымен, дайын өнім ұстағышымен және барабаннан ұсақталған материал мен ауаны соратын желдеткішпен жұмыс жасайды. Ұнтақтауды белгілі бір дәрежесіне арнайы уату денелерінсіз жеткізу мүмкіндігі - негізгі диірмен өнімділігінің артықшылығы болып табылады. Сондай-ақ, бұл "Аэрофол" диірмендерінің негізгі жетістігі (кесектерінің ірілігі 100-600 мм материалдан милимметрдің ондық бөлігіндей өлшемді 60% бөлшектерден тұратын өнімді бірден алуға болады). Осы диірмендердің кемшіліктері: орнату қиындығы, материалды тасымалдау және вентилятордың көмегімен жіктеуге жұмсалатын энергияның шығыны көп. Сонымен қатар, бастапқы материалда ылғалдылықтың көлемі 3.5-4%-тен аспауы керек.

Ылғалды өздігінен Ұнтақтау үшін осындай типті барабандық диірмендер қолданылады, олар гидравликалық жіктеуіштері бар тұйық циклде жұмыс істейді. Осындай диірмендерді түсіру тор арқылы жүргізіледі.

Сақиналы диірмендер

Сақиналық диірмендерде жұмыс органдары ретінде роликтер немесе шарлар қолданылады. Олар қозғалмайтын немесе айналатын сақинаның бетінде материалды езу, ысқылау арқылы ұсақтайды.

Роликтік-маятникті диірмендер. Мұндай диірменде (87-сур) материал қозғалмайтын сақина 1 мен көлденең білікке 4 орнатылған, айқасқан тетікке 3 ілінген, тез айналатын роликтер арасында ұсақталады. Білік айналған кезде роликтер центрден тепкіш күштің әсерінен қозғалмайтын сақинаның жұмыс бетіне қысылады да, өз осі бойымен айналып, диірменге қоректендіргіш 5 көмегімен берілетін материалды ұсақтайды. Ұсақталған материал коллектордан 6 келетін ауа ағынының (немесе инертті газдардың) әсерінен ауа сепараторына әкетіледі (87-суретте көрсетілмеген). Ірі фракция сепаратордан қайтадан ұсақталу үшін диірменге қайтып келеді, ал жұқасы (дайын өнім) циклондарда ұсталады. Циклондардағы тазартылған газ желдеткіштің көмегімен қайтадан диірменге қайтарылады.

Ш арлы диірмендер. Шарлы сақиналы диірмендерде (88-сур) материал шарлар 1 мен айналатын сақина 2 арасында ұсақталады. Сақинаның жұмыс жолына шарлар сақинаның 3 көмегімен серіппені 4 басу арқылы қысылады. Шаң айыру және дайын өнімді алу роликті диірмендер үшін көрсетілгендей, тұйық циклде жүзеге асырылады.

Сақиналы диірмендерді қаттылығы аз және орташа материалдарды (бор, тальк, бояғыштар және т.б.) жұқа Ұнтақтау үшін қолданады. Бұл материалдар шарлар мен қаптамаға жабысатындықтан, оларды Ұнтақтау үшін қарапайым құрылғылы, барабанды шарлы диірмендер қолданыла алмайды. Сақиналы диірмендер жинақы және Ұнтақтау дәрежесін кең шектерде өзгерткен кезде, материалды ұсақтай алады. Мұндай диірмендердің кемшіліктері: құрылғыларының күрделілігі және үлкен эксплуатациялық шығындар.