Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
17-74.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
570 Кб
Скачать
☆
  1. Ұнтақтау процесіне толық сипаттама және анықтама беріңіз

Ұнтақтау - жоғары емдеу тиімділігіне ғана жету емес, сонымен бірге нақты өлшеу үшін қажет. Себебі, ұнтақтау кезінде дәрілік заттардың бөлшектері теңеледі, бұдан кейін олар жақсы араласады және өлшеу кезінде қабатталу болмайды.

Дәріханалық жағдайда ұнтақтау үшін үккіш қолданылады. Үккіш фарфордан, шыныдан, агаттан, шойыннан, болаттан және мыстан жасалады. Көбінесе фарфорлы үккіштер қолданылады, олардың жеті нөмірі бар. Фарфор қаттылығы жоғары сынғыш материалға жатады, үгігу тұрақты. Дәрілік заттарды үгіту кезінде оның кейбір көлемі үккіш саңылауларында жоғалады. Үккіштің саңылауларын ең алғаш үгілетін зат бітейді. Үгу кезіндегі жоғалу заттың түрінен тәуелді кең ауқымда жатыр. Күрделі ұнтақтарды дайындау салыстырмалы ең аз жоғалу болатын заттан басталады. Үккіште заттарды жеке-жеке емес заттардың қоспасын үгіту керек. Қатты дәрілік заттарды ұсақтау үшін сонымен бірге диірмендер қолданылады. Мұнда ұсақтау лопасты араластырғыштар – пышақтар көмегімен жүзеге асады (минутына 24000 айналым). Ұнтақтауды жақсарту үшін қажетті жағдайда затты кептіргіш шкафта 40 - 50ºC температурада кептіреді. Қиын ұнтақталатын заттарды спирт немесе эфир қатысында (1 г. затқа 10 тамшы спирт немесе 15 тамшы эфир) ұнтақтайды.

21 . Қатты денелердің ұнтақтау дәрежесі дегеніміз не?

Қатты материалдарды ұсату

Қатты денелер фазасының қатынасымен ағып өтетін химиялық жән( диффузиялық процестердер жылдамдығы, соның үстінгі беті өскеңде жоғарылайды. Өңделетін қатты материалдың үстінгі бетін өсіру үшін, оньи кесектерінің өлшемдерін кішірейту керек, яғни ұсақтау жолымен.

Қатты денелердің ұсақтау нәтижесі ұсақтау дәрежесімен сипатталады, кесектің ұсақтауға дейінгі орташа өлшемінің D ұсақтаудан кейінгі орташа өлшеміне d қатынасына тең:

Ірі кесекті материалдарды уату тәсілдері және уату жабдықтарының өлшемдері шығатын және уатылған материалдардың ірі кесектерінің өлшемдеріне байланысты. Сондықтан уату дәрежесі көбінесе ірі кесектердіі ұсақталғанға дейінгі өлшемінің ұсақталғаннан кейінгі өлшем қатынасымен анықталады.

Өнеркәсіптерде көбінесе жоғарғы дәрежедегі үсақтау қажет етіледі Көбінесе шығатын материалдар кесектерінің өлшемдері 1500 мм дейін жетеді, ал технологиялық процестерде кейде материал бөлігінің өлшемі микрон болып келетіндерде қолданылады. Мұндай ұсақтау дәрежелеріне бірнеше сатыдан өткеннен кейін жетеді, себебі бір ғана сатыдан (бір машинада) қажетті соңғы өнімге жету мүмкін емес.

Шығатын ірі кесектердің және уатылған материалдардың өлшемдерін төмендегідей түрлерге бөледі:

23.Ұнтақтау әдісі және ұнтақтау дәрежесі бойынша ұнтақтағыш машиналар құрылысы қалай жіктеледі? Олар қандай жағдайда қолданылады. Олардың жұмыс істеу принципі?

Ұсақтау машиналары өздерінің міндеттеріне байланысты шартты түрде ірі уатқыш, орташа және ұсақ уатуға және жұқа мен ең жұқа диірмендерге бөлінеді.

Материалға механкалық тәсіл ықпалымен ұсақтау машиналарын мынадай топтарға бөлуге болады: жару әрекеті, езу әрекеті, уату-езу әрекеті, ұру әрекеті, ұру- уату, коллоидты үсақтау.

Уату және ұсақтау — көп энергиялы операциялар, сондықтан өңделетін материалдың массасын азайту керек, тек мына принципті басшылыққа ала отырып: тек артық ұсақтап қоймау. Осы принципке сүйене отырып, ұсақталатын материалды мақсатқа лайықты ұсақтау машинада өңдер алдында кесектерді өңделетін өлшемнен кіші етіп белгілеп алу керек. «Кесектерді» белгілеу мысалға, елек класификациясы - сусымалы материалдарды ірілік класстарына байланысты бір немесе бірнеше електен өткізу арқылы орындалады. Классификацияның маңызды қасиетінің бірі, ол ұсақтауға аз энергия жүмсайды және де өнімділігі жоғары болып келеді, және де керекті өлшемде болады.

Уатқыш және диірмендер ашық және тұйық циклдарда жұмыс жасайды. Ашық ұсақтау циклында (XVII1-2, а сурет) материал бір рет қана ұсақтау машинасынан өтеді. Егер де максимал соңғы өнімнің анық өлшем түйірлерін алу керек болмаса, ашық ұсақтау циклында ірі және орташа ұсақтау өткізіледі. Шығын материалдардағы «кесектердің» бар болуында оларды алдын ала жіктеуден өткізеді (ХҮШ-2, б сурет), сонымен қоса «кесекті» ұсақтауға жібермей соңғы өнімге қоса салады.

Ал тұйық ұсақтау циклында (ХҮШ-2,в еурет) материал бірнеше рет уатқыштан (диірменнен) өтеді. Ұсақталған өнім ұсақтағыштан кейін классификаторға түседі, мұнда өнім кесектерінің (түйірлері) мүмкін өлшемдерінің шектері белгіленеді, содан қайтадан сол уатқышқа жіберіледі. Көбінесе мұндай байқау классификациясын шығатын өнімнің алғашқы классификациясымен қатар қолданады (ХҮП1-2,г сурет).

Тұйық циклдағы жұмыс көбінесе жіңішке ұсақтауда кеңінен қолданылады. Алдын ала және тексеріс классификацияларына байланысты ұсақтағышқа көбіне «ештеме артық» түспейді. Көп сатылы уатудың үсақтағыш машинасы көбінесе соңғы - түйық циклда орындалады.

23-24.Қандай кескіш және аралағыш әсерлі ұнтақтағыштарды білесіздер? Олар қандай жағдайда қолданылады. Олардың жұмыс істеу принципі.

-Орташа және майда ұнтақтау

-Ірі ұсақтаудан кейін материал көбінесе орташа және майда ұсақтауға түсіріледі, оларда ұсақтау шамамен 100 мм ден (ең үлкен өлшеммен шыққан материал) 10-12 мм дейін. Орташа және майда ұсақтау үшін білікті, соққылы-центрден тепкіш және көлбеу конусты диірмендер қолданылады.

Кескіндеуші ұсатқыштар (XVIII-10). Материал әуелі іріктеліп, жылдамдығы 12-70 м/сек болатын айналмалы ротордағы қалақшалардың кескіндерге соққылауынан үгітіледі. Бұл ұсатқыштарда көп сатылы ұсатудан кейін біртекті өнім алынады, ұсатылу дәрежесі i = 40-50.