- •Әдебиет теориясы
- •Көркемөнер табиғаты және эстетикалық
- •Аристотель Поэзия өнері туралы
- •Әбунәсір Әл-Фараби Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
- •Г.В.Ф.Гегель Эстетика туралы лекциялар
- •Г.Э.Лессинг Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы
- •Н.Г.Чернышевский Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы
- •А.Байтұрсынов Көрнек өнері
- •Табалдырық
- •Е.Франко Әдебиет туралы ғылым және оның түрлері
- •Әдебиетіміз
- •Бұл күнге шейін төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Енді төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы
- •В. Шкловский
- •А.Банфи Өнер философиясы
- •М.М.Бахтин Әдебиеттану методологиясына
- •Е. Ысмайылов Қазақ әдебиетінің ғылымдық тарихын жасау жолындағы міндеттер
- •А.И.Буров Өнердің эстетикалық мәні
- •Т.Нұртазин Эстетикалық пікіріміздің даму тарихынан
- •А.С.Бушмин Көркем шығарманы аналитикалық тұрғыда қарастыру туралы
- •З.Қабдолов Сөз өнері туралы сөз
- •Әдебиеттану ғылымындағы мектептер
- •Д.Мәсімхан Тамырға тағзым немесе әдебиет пен өнердің тек-төркіні туралы
- •“Көңіл-күй - сезім” теориясы
- •2. “Эмблемалық түс” теориясы
- •3. “Өндірістік еңбек” теориясы
- •4. “Еліктеу” теориясы
- •5. “Ойын-сауық” теориясы
- •6.”Әсемдік аңсар” теориясы
- •7. “Бақсы-балгерлік” теориясы
- •8. “Әмбебап” теориясы
- •Суреткер табиғаты
- •В.Г.Белинский Александр Пушкиннің шығармалары
- •Ж.Аймауытов, м.Әуезов Абайдан соңғы ақындар
- •Ж.Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы
- •Неге арналсаң, соны істе!
- •М.Жұмабаев
- •С.Мұқанов Жазушы лабораториясы туралы
- •C.Қирабаев Ахметтің ақындығы
- •З.Ахметов Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты
- •Е.Д.Тұрсынов Ақын типінің пайда болу дәуірі жөнінде пікірлер
- •Әдеби шығарманың мазмұны мен пішіні а.Байтұрсынов Шығарма сөз
- •А.Н.Веселовский Сюжеттер поэтикасы Кіріспе. Сюжеттер поэтикасы және оның міндеттері
- •Бірінші тарау. Мотив және сюжет
- •А.А.Потебня
- •Л.С.Выготский Көркемөнер психологиясы
- •Абайдың жаңашылдығы
- •М.Базарбаев Ұлттық сипат, мазмұн және форма
- •Ю.М.Лотман Көркем мәтін құрылымы
- •Т.Қожакеев Сатира және юмор
- •Әдеби бейне
- •Сұлулық салтанаты
- •С.Негимов
- •В.Е.Хализев
- •С.Н.Зенкин Әдебиетке интертекстуальды қатынас
- •Ж.Дәдебаев Көркем шығарма және оның негіздері
- •А.Егеубай Тарихи шындық пен көркемдік шындық. Әдеби әдеп. Түр мен мазмұн
- •Қ.Рүстемова Көркем туындыдағы тартысқа қатысты терминдер және олардың сипаты
- •Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу
- •Эпикалық поэзия
- •Лирикалық поэзия
- •Драмалық поэзия
- •А.Байтұрсынов Сындар дәуір
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М. Қаратаев Көркем аударма мәселелері
- •М.Базарбаев Жанрлық ерекшеліктері туралы
- •М.Ж.Жолдасбеков Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты
- •Қ.Өмірәлиев Қазақ поэзиясының жанры мен стилін комплексті түрде зерттеу
- •Трагедиялық тартыс және трагедиялық характер
- •Комедияның жанрлық ерекшеліктері
- •Драмадағы жағдай және қаһарман
- •С.Қасқабасов Фольклордың жанрлық табиғаты
- •Сын жанрлары
- •Лирикалық жанрлар
- •Әдеби процесс
- •Р.Мәрсеков Қазақ әдебиеті жайынан
- •Н.Я.Берковский Романтизм және оның түп тамырлары туралы
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М.Әуезов Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі
- •Р.Якобсон Көркем реализм туралы
- •Б. Кенжебаев Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу
- •Әдеби серпіліс теориясының тәжірибелері
- •Хх ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар
- •К.Ахметов Әдеби даму
- •Е.Тілешев Көркемдік әдіс, жанр және жаңашылдық
- •Әдеби шығарманың тілі мен стилі и.В. Гете Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль
- •А.Байтұрсынов
- •Б.В.Томашевский Стилистика және өлең құрылысы
- •Р.Уэллек, о.Уоррен Стиль және стилистика
- •Қ.Жұмалиев Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктері
- •В.В.Кожинов Сөз бейненің формасы ретінде
- •Қ.Жұбанов
- •Ә.Қоңыратбаев хіх ғасырдың аяғындағы әдеби тіл
- •Стиль және бейнелілік
- •Идея және стиль
- •Б.Майтанов Лиризм – стильдік құбылыс
- •Терминдер көрсеткіші
- •Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық
М.Базарбаев Ұлттық сипат, мазмұн және форма
Дәстүр деген ұғым мазмұн, формамен бара-бар емес. Мысалы, “Ұлттық дәстүр” мен “ұлттық форма” бір дүние емес, бір-бірінің синонимы болып табылмайды. Формаға қарағанда дәстүр кеңірек мағынаны білдіреді. Оның мезгілдік, мекендік айырымы үлкен. Дәстүр белгілі бір дәуір барысында өзгермейтін болса, немесе аз өзгеріске ұшырайтын болса, форма мен мазмұн олай емес, көркем шығармада айтылмақ ойдың мән-мағынасына қарай, идеясына қарай өзгеріп отырады. Яғни өркендеген әдебиеттің мазмұны жаңа екені сияқты, форма да жаңа болуға тиіс және солай да. Ал дәстүр ұлттық шығарманың қалпын байқататын көне элемент ретінде мазмұнды да, форманы да қамтиды және ұзақ эволюцияны басынан кешіреді.
Жақсы дәстүр ұлттық көркем шығарманың қаны мен сөлі сияқты оның жақсы мазмұнын да, оған лайық формасын да аңғартады. Бұл жолда дәстүрдің кейбір тұрақты түрлері де, немесе, ұлттық психикаға, мінез-құлыққа байланысты алуан түрлі көріністерінің жиынтығы да белгілі қызмет атқарады. Мазмұн мен форма бірлікті байқатса, ұлттық дәстүр сол бірлікті айқындай түсетін, бекіте түсетін фактор. Мұның басты себебі ұлтты мінез-құлықтың психиканың ұзақ тарихтық түзілісте белгілі бір тұрақтылыққа ие болуынан дәстүр осының сәулесі, яғни характердің көрінуі. Мұнан дәстүрдің сана мен ақылда болатын, яки болмақ өзгерістерден бұрын тұратын, сондықтан оған біраз әсер ететіні ұғылады.
Дәстүр алдымен тек әдебиеттік, өнерлік көрініс емес. Дәстүр, әдет, салт, үрдіс, тіпті дағды, ғұрып деген сөздер кең мағынада адам мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтар. Демек, ұлттық дәстүр тез өзгеріп, немесе жоғалып кете қоймайтын құбылыс. Ұзақ уақыт бойына, тіпті таптық формациялардың ауысуына қарамастан өзгермей қалатын кездері де бар. Мұндай әдет-ғұрыптар адам санасының жаңалануына біраз уақыт кедергі жасауы да мүмкін. Бірақ бұл жерде әңгіме озат дәстүрлер мен әдеттер, немесе, кертартпа, зиянды дәстүрлер мен әдеттер жайында болып отырған жоқ. Бұған кейін тоқталамыз. Әңгіме мезгіл мөлшерімен алғанда дәстүрдің ұзақ дәуірдің нәтижесі болуында, сөйтіп адамдар тіршілігінің түрлі сферасында байқалуында. Үрдіс, дәстүрдің, салттың адам психикасына, мінезіне байланысты түзіліп қаралатын тұрақты құбылыс екенін В.Г.Белинский даусыз нәрсе деп қарап, әдебиет туралы былай дейді: “...әдебиет қолдан жасалынбайды; оның жасалуы халықтың ырқынсыз, көңіл қалауынсыз, ниетінсіз болатын тіл мен дәстүрлердің жасалуы сияқты”1.
Демек әдет, салт дегендер ұлттың көп ғасырлық өмір тіршілігінен шығып, миға ғана емес, қанға сіңіскен қылықтар. Бұл пікірді В.Г.Белинскийдің мына тұжырымынан анығырақ байқауға болады: “... барлық қауымға бірдей түсінікті тілі жоқ халық болады деу қиын; сондай-ақ тек өзіне ғана тән айрықша дәстүрлері жоқ халық болады деу онан да қиын. Бұл салт, дәстүрлерді елдің табиғатына қарай тігілген киім-кешектерден көруге болады, түбірлі халықтың нанымында, сенімінде және жалпы ұғымында жататын от басындағы көне қоғамдығы өмірінің түрлі формаларынан көруге болады... Салт, дәстүрлер көнелігімен берік; уақыт елегінен өткен сайын нығая бермек, әрі рудан руға, буыннан буынға, атадан балаға мұра ретінде жалғаса өтіп отырады. Олар халықтың сыр-сипатын байқатады, онсыз халықтың өзіндік кейіп-қалпы байқалмас еді; керісінше ойлау құрғақ, еш уақытта жүзеге аспайтын қиял. Халық неғұрлым жасаң болған сайын, оның салт, дәстүрлері де сол ғұрлым айшықты, көп бояулы болып келеді және мұны өзіне бірден-бір жарасқылықты көреді; уақытқа, сауаттың ашылуына байланысты мұның бәрі бірыңғайланады; әйтседе олардың өзгеруі тек ақырын ғана, білінер-білінбес түрде ғана жүріп отырмақ, онда да біртіндеп, бірінен соң бірі. Асылында халық ол салт, дәстүрлердің кейбіреулерінен өз еркімен бас тартқаны мақұл, сөйтіп жаңа салт, дәстүрлерді қабылдағаны дұрыс; бірақ бұл арада да әр жақтың күресі, өлермендік күресі, әр жақтың өзінің не ескіні ұстанатыны, не жаңаны қалайтын жақтаушылары, классиктері мен романтиктері болмақ. Халық өзінің салт, дәстүрлерін қасиетті қазынасындай, өзінің еркінсіз оны кенеттен бұзамын, немесе шұғыл реформамен өзгертемін деушілерді қас жаумен тең көреді”1.
Әдебиет пен көркемөнерде, халықтың жалпы мәдениетінде бұл шындық сәулеленіп көрінуі тиіс. Яғни белгілі ұлттың, халықтың өмір тануы, оны қабылдауы өзі тұратын ортаға, қоғамдық хал-жағдайға, георгафиялық, климаттық тұрақтылыққа байланысты туып қалыптасып жататыны сияқты оның образды ойы да, көркемдік түсініктері де әлгімен тығыз сабақтас. Күнделікті өмір, тіршілікте, іс қимылында ғасырлар бойы танымалы болған, дағдыға айналған әдіс, айланы қолданатын сияқты көркемдеу құралдарында да сондай етене болып кеткен, образ бейнелерді көп қолданады.
Бұған қарап, әрине, әдебиет пен көркемөнердегі барлық өрнек, нақыштар, көркемдік бояулар түгелдей дәстүр болады екен деген ой тумауы керек. Ұлтқа, халыққа тән өзгешеліктер, айырым белгілер ең алдымен мазмұн, мән-мағына ретінде қаралуға тиіс. Өйткені басқалық, өзгешелік сол мазмұнға байланысты ғана байқалып танылмақ. Әрине, оның өзі белгілі форма, түр арқылы жүзеге асып жатады. Дәстүр, салт, әдет-ғұрып дегендер жаңағы мән-мағынаны, түбірлі, түпкі мазмұнды аңғартатын, байқататын белгілер сияқты. Бірақ соңғының өз мағынасы кең, ролі күшті, тек белгі болумен, форма болумен шектелмей мазмұнды, заттың, құбылыстың мәнін білдіретін реттері көп. Мұнда дәстүр мазмұнын да, сыртқы форманы да қамтиды. Дәстүрдің тез өзгеріп, не жойылып кете қоймауының басты себебі мазмұндық функциясының мол болуынан сияқты...
... Поэзияның фольклорлық түрінен бастап, негізін Абай қалаған жазба поэзияға дейінгі, онан соң бүгінгі дәуірдің поэзиясына дейінгі ұзақ творчестволық жол дәстүрге, жаңашылдыққа бай. Көне заманнан бері бар сөздік өнерін поэзия түрінде сақтап келген халықтың қалыптасқан ұлттық дәстүрі мол. Сол ұлттық дәстүрлердің арқасында ғана бүгінгі ұлттар әдебиетінің қатарында қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы өзіндік түр, сипатпен көрініп отыр. Оның ұлттық дәстүрі жалпы әдебиеттің сырын, бояуын байытады, жаңа өмір құбылыстарын реалистік жолмен суреттеу арқылы оның мазмұнын тереңдетеді, реализмнің жаңа белестеріне қарай сілтейді.
Ұлттық дәстүрлердің көрінуі, байқалу жайлары сан алуан. Ең алдымен көзге түсетіні тұрақты ұлттық психикаға, мінезге байланысты туған белгілер. Ал психика да, мінез де аспаннан бүтін күйінде түспей, белгілі халықтың, ұлттық белгілі мекенде, белгілі мезгілде, белгілі қалыппен өмір сүруіне байланысты түзілетінін жоғарыда айттық. Психика дегенде өмір тану, өмір білу, тіршілік қамына, табиғат жайына байланысты орныққан мінез-құлықты, түсінікті айтамыз. Бұған орай адамдардың бір-бірімен өзара қатысы да қағыс қалмайды. Поэзиядағы ұлттық дәстүр болып ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан сарын, мотив, тұрақтанған бейнелеу құралдары да осыдан таралмақ.
Дидактикалық сарын, халық түсінігі мен үлгісіндегі ақыл, өнеге, үгіт, насихат сарыны, суреттен гөрі хабарлауы, баяндауы басым сарын, кейін шығыс әсері, әсіресе, ескіше оқуға, ілімге байланысты үлгілер көбейген кезде этикалық, тәрбиелік тақырыптардың қанат жаюы, тарихи, немесе, негізінде реалистік өлең, поэмалардың сюжетінің көбіне-көп фольклорлық, аңыз, әңгімелерге, яки ғажайып оқиғаларға құрылуы – міне осындай және басқа да ерекшеліктер бұрынғы поэзияда көп орын алған. Бейнелеу құралдарының бар арсеналы – қазақтың кең даласы, ондағы табиғат көрінісі, жан-жануарлардың өмір тіршілігі, күн сәулесі, айлы түн келбеті, соққан жел лебі, қамысты көлдің айдыны тағы басқалар. Қысқартып айтқанда, қазақ ұғымының маңызды факторлары болған табиғат пен қауымдағы типтік көріністер. Өлең мен жырдың, халықтық поэмалардың түр, формасына байланысты ерекшеліктер өз алдына бір сала. Жыр, толғау, желдірме, қара өлең, айтыстың сан алуан түрлері, тақпақ жаңылтпаш тағы басқа формалар өзінің бағыт, мақсатына қарай қазақ поэзиясында белгілі ұлттық ерекшеліктер қалдырған...
