- •Әдебиет теориясы
- •Көркемөнер табиғаты және эстетикалық
- •Аристотель Поэзия өнері туралы
- •Әбунәсір Әл-Фараби Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
- •Г.В.Ф.Гегель Эстетика туралы лекциялар
- •Г.Э.Лессинг Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы
- •Н.Г.Чернышевский Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы
- •А.Байтұрсынов Көрнек өнері
- •Табалдырық
- •Е.Франко Әдебиет туралы ғылым және оның түрлері
- •Әдебиетіміз
- •Бұл күнге шейін төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Енді төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы
- •В. Шкловский
- •А.Банфи Өнер философиясы
- •М.М.Бахтин Әдебиеттану методологиясына
- •Е. Ысмайылов Қазақ әдебиетінің ғылымдық тарихын жасау жолындағы міндеттер
- •А.И.Буров Өнердің эстетикалық мәні
- •Т.Нұртазин Эстетикалық пікіріміздің даму тарихынан
- •А.С.Бушмин Көркем шығарманы аналитикалық тұрғыда қарастыру туралы
- •З.Қабдолов Сөз өнері туралы сөз
- •Әдебиеттану ғылымындағы мектептер
- •Д.Мәсімхан Тамырға тағзым немесе әдебиет пен өнердің тек-төркіні туралы
- •“Көңіл-күй - сезім” теориясы
- •2. “Эмблемалық түс” теориясы
- •3. “Өндірістік еңбек” теориясы
- •4. “Еліктеу” теориясы
- •5. “Ойын-сауық” теориясы
- •6.”Әсемдік аңсар” теориясы
- •7. “Бақсы-балгерлік” теориясы
- •8. “Әмбебап” теориясы
- •Суреткер табиғаты
- •В.Г.Белинский Александр Пушкиннің шығармалары
- •Ж.Аймауытов, м.Әуезов Абайдан соңғы ақындар
- •Ж.Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы
- •Неге арналсаң, соны істе!
- •М.Жұмабаев
- •С.Мұқанов Жазушы лабораториясы туралы
- •C.Қирабаев Ахметтің ақындығы
- •З.Ахметов Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты
- •Е.Д.Тұрсынов Ақын типінің пайда болу дәуірі жөнінде пікірлер
- •Әдеби шығарманың мазмұны мен пішіні а.Байтұрсынов Шығарма сөз
- •А.Н.Веселовский Сюжеттер поэтикасы Кіріспе. Сюжеттер поэтикасы және оның міндеттері
- •Бірінші тарау. Мотив және сюжет
- •А.А.Потебня
- •Л.С.Выготский Көркемөнер психологиясы
- •Абайдың жаңашылдығы
- •М.Базарбаев Ұлттық сипат, мазмұн және форма
- •Ю.М.Лотман Көркем мәтін құрылымы
- •Т.Қожакеев Сатира және юмор
- •Әдеби бейне
- •Сұлулық салтанаты
- •С.Негимов
- •В.Е.Хализев
- •С.Н.Зенкин Әдебиетке интертекстуальды қатынас
- •Ж.Дәдебаев Көркем шығарма және оның негіздері
- •А.Егеубай Тарихи шындық пен көркемдік шындық. Әдеби әдеп. Түр мен мазмұн
- •Қ.Рүстемова Көркем туындыдағы тартысқа қатысты терминдер және олардың сипаты
- •Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу
- •Эпикалық поэзия
- •Лирикалық поэзия
- •Драмалық поэзия
- •А.Байтұрсынов Сындар дәуір
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М. Қаратаев Көркем аударма мәселелері
- •М.Базарбаев Жанрлық ерекшеліктері туралы
- •М.Ж.Жолдасбеков Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты
- •Қ.Өмірәлиев Қазақ поэзиясының жанры мен стилін комплексті түрде зерттеу
- •Трагедиялық тартыс және трагедиялық характер
- •Комедияның жанрлық ерекшеліктері
- •Драмадағы жағдай және қаһарман
- •С.Қасқабасов Фольклордың жанрлық табиғаты
- •Сын жанрлары
- •Лирикалық жанрлар
- •Әдеби процесс
- •Р.Мәрсеков Қазақ әдебиеті жайынан
- •Н.Я.Берковский Романтизм және оның түп тамырлары туралы
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М.Әуезов Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі
- •Р.Якобсон Көркем реализм туралы
- •Б. Кенжебаев Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу
- •Әдеби серпіліс теориясының тәжірибелері
- •Хх ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар
- •К.Ахметов Әдеби даму
- •Е.Тілешев Көркемдік әдіс, жанр және жаңашылдық
- •Әдеби шығарманың тілі мен стилі и.В. Гете Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль
- •А.Байтұрсынов
- •Б.В.Томашевский Стилистика және өлең құрылысы
- •Р.Уэллек, о.Уоррен Стиль және стилистика
- •Қ.Жұмалиев Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктері
- •В.В.Кожинов Сөз бейненің формасы ретінде
- •Қ.Жұбанов
- •Ә.Қоңыратбаев хіх ғасырдың аяғындағы әдеби тіл
- •Стиль және бейнелілік
- •Идея және стиль
- •Б.Майтанов Лиризм – стильдік құбылыс
- •Терминдер көрсеткіші
- •Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық
Енді төңкеріс әм әдебиетіміз
Үстіміздегі төңкеріс – адамзаттың тарихында тең жоқ төңкеріс. Адамзат тарихының ең соңғы албастысы – отаршылдықты, капитализмді жойып, тарихты жаңа арнамен ағызуға бет алған төңкеріс. Ауропаның отары болған жалпы шығыс елінің еңбекшілері шығыстың бір ұшқыны болған, әсіресе толқынның ішінде отырған еңбекші Қазақ елі мынау теңсіз төңкерісті досым деп ұқпай, қасым деп ұғуы тіпті мүмкін емес. Отаршылдық – Ауропа прулетариатының жауы болса, отар болған елдердің де жауы. Төңкерістің тамыры Ауропа тарихында терең жатқан болса да, Ауропа тарихы тудырған төңкеріс затында жат болса да, төңкерістің мақсұты бір – Ауропаны ғана астаң-кестең қылу емес, жалпы адамзатты бақытқа жеткізу болғандықтан, жердің жүзінің езілген елі, тарыққан табы мынау төңкерісті менікі емес деуі мүмкін емес. Шығыстың отар болған елдері, соның бір ұшығы болған кедей қазақ – отаршылдықты, капитализмді жою жолында төңкерісшіл прулетариаттың шын жолдасы. Басқаша болуға мүмкін емес. Әдебиетіміздің де төңкерісті – біздің төңкерісіміз деуден басқаша жырлауы мүмкін емес.
Бірақ бағытта, негізде, мінезде бірлік деп ұғу қата. Зор төңкеріске прулетариат зеңбірек, пулемет, машина, қайыс камзолымен кірсе, қазақ қамшы, сойыл, балпаң етік, малма тұмағымен жолдан қосылып отыр. Ауропаның мүзике, әркестрі бар. Елу, алпыс мүзике құралдарынан құралған әркестрі бір ойнағанда, бір ғана күйді ойнамақ. Бұл әркестрдің сұлулығы – барлық мұның құралы бірдей, бәрі бір дауыспен барылдауы, яки шиқылдауында емес, жеке, мүзике құралының өз орнында, өз мінезіне лайық үн шығаруында. Төңкеріс әдебиеті дегенде де осыны ескеру керек. Төңкеріс әдебиетінің тура төңкерістің өзінен туатын, яғни прулетариат төңкерісінің өзінен туатын прулетариаттың өз әдебиеті болмақ. Бұл – төңкеріс әдебиетінің бірінші түрі. Яки, төңкеріске қазақ сықылды жолдан қосылған елдің, яки таптың төңкеріс әдебиеті болмақ /Л.Троцкий. Литература и революция. Стр. 169-170/. Бұл – екінші түрі. Мұндай түр прулетариат төңкерісінің өзінен тумай, алыстан, рухынан, еңбегінен тумақ. Біздің әдебиетімізде әзір бірінші түр бола алмақ емес. Екінші түр болуға тиісті әм болмақ. Біздің әдебиетіміз әзіргі дәуірінде прулетариаттың төңкерісі біз сықылды езілген ел “төңкеріс болды” деген пікірді нысана қылып қоя салса, осы төңкерістің екпінінен қазақ, біз сықылды құл болған елге өмір-үміті кіргенін жырлай білсе, төңкерісшіл әдебиет болғаны.
Маркысшыл зор ғалым ақын Лунашарский жазады: “Жаңа ұлт, жаңа тап бұрынғының бітірген жерінен бастап кетпейді... Жаңа тап, яки жаңа халық бұрын өздерін билегендерге қас болып, олардың мәдениетін жек көретін болып өсіп өркендейді”, - дейді /Луначарский. “Основа позитивной эстетики”. Москва, 1923, стр. 128/. Сондықтан осы мінез, осы құлық, үстен қарап айтқан осы қияңқылық, осы қандылық әдебиетінде де болуға мүмкін. Болғанда, өзінше – қазақша, Азияша болуға мүмкін. Тағы бір ойланатын нәрсе – осы.
Дұрыс, зор төңкеріс құр қирату үшін емес, жер үстіне жаңа тұрмыс орнату үшін екені рас. Біздің де көксегеніміз – сонау қиырда көгерген жаңа дүние екені рас. Әдебиетіміздің де құр қиратуды, құр төңкерісті ғана бағыт қылып қоймай, төңкерістің артындағы, жаңа өмірді бағыт қылатыны рас. Бірақ прулетариатпен қол ұстасып, жаңа дүниеге бет алған жолымызда өзіміздің шықтығымыз, қазақ иісіміз шықпауға мүмкін емес. Ойымызда, қиялымызда, әдебиетімізде Азия иісі аңқымауы мүмкін емес. Бағыттың бір екені даусыз болғанмен, прулетариаттың өз тарихының, машиансының, қайыс камзолының исі шықпауға, қазақтың мың жылдық тарихының, елтірі тұмағының иісі шықпауға мүмкін емес. Адамзаттың артындағы, тарихтың таңындағы ортақшылдық – таңбасында бір ұя, бір сезімді санасы жоқ хайуанның ортақшылығы. Алдымыздағы ортақшылдық – түрлі пікірді, түрлі сезімді санамен тізгіндеп отыратын, тұрмысын солай құра білген шын адамның ортақшылдығы. Прулетариатпен қол ұстасып, осы ортақшылдыққа адамзат тарихы әм мәдениетінің құйылысқан маңдайына бет алғанымызда осы жолда қазақ ақыны кейде қазақтың күңгірт тұрмысын, прулетариатпен ортақ мақсұтын жырлаумен бірге кедей қазақтың өзінің ойын, өзінің сезімін, өзінің қиялын, өзінің ұғымын жырлауға ұмтылуға міндетті. Болмаса, қазақ әдебиеті деген әдебиеті тумақ емес. Бағытта емес, рухта басқалық болмай, құр сыртында, мысалы сөзде ғана басқалық болса, әдебиет шеттен аударылған аударма, тәржіме ғана болып қалмақ. Негізде, бірлікте мінезде бірлік деп ұғу – адасқандық. Әдебиетіміз бен төңкеріс арасы туралы сөз осы. Әдебиет мәселесі мұнымен бітпейді. Енді оның басқа жағын шолалық.
