- •Әдебиет теориясы
- •Көркемөнер табиғаты және эстетикалық
- •Аристотель Поэзия өнері туралы
- •Әбунәсір Әл-Фараби Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
- •Г.В.Ф.Гегель Эстетика туралы лекциялар
- •Г.Э.Лессинг Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы
- •Н.Г.Чернышевский Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы
- •А.Байтұрсынов Көрнек өнері
- •Табалдырық
- •Е.Франко Әдебиет туралы ғылым және оның түрлері
- •Әдебиетіміз
- •Бұл күнге шейін төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Енді төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы
- •В. Шкловский
- •А.Банфи Өнер философиясы
- •М.М.Бахтин Әдебиеттану методологиясына
- •Е. Ысмайылов Қазақ әдебиетінің ғылымдық тарихын жасау жолындағы міндеттер
- •А.И.Буров Өнердің эстетикалық мәні
- •Т.Нұртазин Эстетикалық пікіріміздің даму тарихынан
- •А.С.Бушмин Көркем шығарманы аналитикалық тұрғыда қарастыру туралы
- •З.Қабдолов Сөз өнері туралы сөз
- •Әдебиеттану ғылымындағы мектептер
- •Д.Мәсімхан Тамырға тағзым немесе әдебиет пен өнердің тек-төркіні туралы
- •“Көңіл-күй - сезім” теориясы
- •2. “Эмблемалық түс” теориясы
- •3. “Өндірістік еңбек” теориясы
- •4. “Еліктеу” теориясы
- •5. “Ойын-сауық” теориясы
- •6.”Әсемдік аңсар” теориясы
- •7. “Бақсы-балгерлік” теориясы
- •8. “Әмбебап” теориясы
- •Суреткер табиғаты
- •В.Г.Белинский Александр Пушкиннің шығармалары
- •Ж.Аймауытов, м.Әуезов Абайдан соңғы ақындар
- •Ж.Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы
- •Неге арналсаң, соны істе!
- •М.Жұмабаев
- •С.Мұқанов Жазушы лабораториясы туралы
- •C.Қирабаев Ахметтің ақындығы
- •З.Ахметов Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты
- •Е.Д.Тұрсынов Ақын типінің пайда болу дәуірі жөнінде пікірлер
- •Әдеби шығарманың мазмұны мен пішіні а.Байтұрсынов Шығарма сөз
- •А.Н.Веселовский Сюжеттер поэтикасы Кіріспе. Сюжеттер поэтикасы және оның міндеттері
- •Бірінші тарау. Мотив және сюжет
- •А.А.Потебня
- •Л.С.Выготский Көркемөнер психологиясы
- •Абайдың жаңашылдығы
- •М.Базарбаев Ұлттық сипат, мазмұн және форма
- •Ю.М.Лотман Көркем мәтін құрылымы
- •Т.Қожакеев Сатира және юмор
- •Әдеби бейне
- •Сұлулық салтанаты
- •С.Негимов
- •В.Е.Хализев
- •С.Н.Зенкин Әдебиетке интертекстуальды қатынас
- •Ж.Дәдебаев Көркем шығарма және оның негіздері
- •А.Егеубай Тарихи шындық пен көркемдік шындық. Әдеби әдеп. Түр мен мазмұн
- •Қ.Рүстемова Көркем туындыдағы тартысқа қатысты терминдер және олардың сипаты
- •Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу
- •Эпикалық поэзия
- •Лирикалық поэзия
- •Драмалық поэзия
- •А.Байтұрсынов Сындар дәуір
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М. Қаратаев Көркем аударма мәселелері
- •М.Базарбаев Жанрлық ерекшеліктері туралы
- •М.Ж.Жолдасбеков Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты
- •Қ.Өмірәлиев Қазақ поэзиясының жанры мен стилін комплексті түрде зерттеу
- •Трагедиялық тартыс және трагедиялық характер
- •Комедияның жанрлық ерекшеліктері
- •Драмадағы жағдай және қаһарман
- •С.Қасқабасов Фольклордың жанрлық табиғаты
- •Сын жанрлары
- •Лирикалық жанрлар
- •Әдеби процесс
- •Р.Мәрсеков Қазақ әдебиеті жайынан
- •Н.Я.Берковский Романтизм және оның түп тамырлары туралы
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М.Әуезов Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі
- •Р.Якобсон Көркем реализм туралы
- •Б. Кенжебаев Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу
- •Әдеби серпіліс теориясының тәжірибелері
- •Хх ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар
- •К.Ахметов Әдеби даму
- •Е.Тілешев Көркемдік әдіс, жанр және жаңашылдық
- •Әдеби шығарманың тілі мен стилі и.В. Гете Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль
- •А.Байтұрсынов
- •Б.В.Томашевский Стилистика және өлең құрылысы
- •Р.Уэллек, о.Уоррен Стиль және стилистика
- •Қ.Жұмалиев Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктері
- •В.В.Кожинов Сөз бейненің формасы ретінде
- •Қ.Жұбанов
- •Ә.Қоңыратбаев хіх ғасырдың аяғындағы әдеби тіл
- •Стиль және бейнелілік
- •Идея және стиль
- •Б.Майтанов Лиризм – стильдік құбылыс
- •Терминдер көрсеткіші
- •Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық
Ж.Дәдебаев Көркем шығарма және оның негіздері
Әдеби шығарма негізінде дерек, факт жатуы, тарихи дәуір шындығын көрсету үшін жазушының шығарма желісін бастан-аяқ тек қана тарихи болған оқиғаға құруы шарт емес. Алайда шығарманың материалдық болмысын, өзегін тарихи белгілі, ақиқат оқиғалар құрамайынша, белгілі тарихи дәуірдің шындығын шынайы суреттеу тағы да қиын. Өткен тарихи дәуір шындығын суреттейтін қазіргі қазақ романының көркемдік жүйесінде, идеялық, тақырыптық болмысында тарихи фактінің атқаратын қызметі өте жоғары.
Документ, факт жазушыға шындықтың бар болмыс-бітімін, мәні мен мағынасын, сыры мен сымбатын ашып бере алмайды. Өмір шындығы мен өнер шындығы арасында жер мен көктей айырмашылық барын ірі суреткерлердің қай-қайсысы да айтады. Мысалы, Л.Н.Толстой, өзінің бар еңбегі өмірлік құбылыстарды іздеп, жинап, оларды көшіру ғана болса, онда оларды жариялауға ұяты жібермейтінін айтады1.
В.Г.Белинский тарихи факт дегеннің шебер үшін кірпіш пен тас қана екендігін, олардан сәулетті ғимарат жасау тек суреткердің ғана қолынан келетін ғажайып іс екендігін жазады2. Ал К.Паустовский өзінің “Алтын раушан” повесінде жазушы еңбегін зергерлік шеберханалардың шаң-тозаңы арасынан алтын ұнтағының түйіршіктерін бір-бірлеп теріп жинаған, ақырында одан алтын раушан жасаған Шаметтің бейнетімен салыстырады.
Өмірдің шындық құбылыстары мен оқиғаларының қалың тасқыны арасынан қажетті, типтік сипаттағы маңызды, мағыналы фактілерді көре білу үшін де зергерлік зерде қажет.
Жазушының өмір материалдарының мол тобын іздеп тауып, оны байқап бақылауы да, танып байымдауы да қиындығы мол, қияметі көп жұмыс. Бірнеше емес, бір шығарманың материалдық негізін анықтау, бірнеше емес, бір жазушының өмір шындығын игеру процесіндегі өзі мен өзгелерге ортақ белгілер, сипаттар және өзгелерде жоқ, оның өзінде ғана бар бөлек ерекшеліктерді анықтап байқаудың, бағдарлап пайымдаудың өзі де оңай шаруа емес. Шындығында жазушының өмір материалдарынан өнер туындысын жасау процесінің басты сатыларын, қиын, нәзік иірімдерін, көпшілікке беймәлім қырларын анықтауға талпынып, оның қайсыбір жайларының мәнісін ұққан сайын, шығармашылық өнердің шын сырларының құпия, жұмбақ сипаты айқындалып, арта түседі. Әйтсе де жазушы еңбегінің терең сырларын тану мүмкіншілігін жоққа шығаруға болмайды, бірақ оның барша шетін, нәзік, терең иірімдерін жете білу мүмкін емес. Жазушының тарихи шындықты сұрыптап, екшеу, жинақтауының басты ерекшеліктерін анықтау осы бір өте күрделі, көп сатылы процестің кейбір маңызды негізгі деген қырларын тануға көмектеседі әрі әдеби шығарманың көркемдік-идеялық бітімін, поэтикалық жүйесін анықтауға жол ашады...
...Қазіргі қазақ романының мағыналық құрылмын түзеп, оқиға желісін құрап отырған өмір құбылыстарының ерекше бір тобы бар. Ол әдеби көркем үлгілер. Қазақ әдебиетінің өткен дәуірлерде жасалған ескерткіштері сол дәуірлер шындығы туралы шығармалардың ең басты материалына айналды. Тарихи өткен дәуірлерде өмір сүрген көркем және ғылыми творчество өкілдерінің қалдырған әдеби және ғылыми мұралары олардың өмірі мен дәуірі туралы жазылған бүгінгі көркем шығармалардың айырықша сипаттағы “документтік” негізі қызметін атқарып отыр.
Творчество адамдарының бейнесін жасауда жазушы үшін олардың өмірбаяндық мәліметтерінің мәні ерекше жоғары екендігінде сөз жоқ. Сөйткенмен ең толық өмірбаяндық мәліметтің өзі де творчестволық қайраткер жасап қалдырған мәдени әдеби мұра беретін бай материалдан әлдеқайда төмен, мәнсіз. Өйткені өмірбаяндық фактілер, көбіне адамның өмір жолындағы белгілі кезеңдерді, олардың сәттік суретін ғана көрсетеді. Ал белгілі қайраткердің творчестволық мұрасы оның бар ішкі жан дүниесін, ойлау, сезіну мәнерін, тіпті жақсы көру, жек көру сипаттарына дейін түгелдей танып-білуге мүмкіндік жасайды. Бұл ретте және де мына бір қағидаға құлақ асқан дұрыс секілді:
“... Көркем шығарма бітімі бөлек бір ерекше айна іспетті. Бұл айнадан екі нәрсе қатар көрінеді: онда бейнеленген өмір шындығы және оны бейнелеген суреткер”1 деп жазды М.С.Каган. Қазақ ғалымы М.Қаратаевтың пікірі де осы арнадан шығады: “... өнер шығармасы өмір шындығының айнасы болуымен бірге өнер жасампазының да рухани дүниесінің айнасы болып табылады”2. Болгар ғалымы С.Василевтің пікірі де осындай. М.Храпченко, М.Бахтин секілді білгір ғалымдардың ойлары да осы арнадан табылады3.
Көркем шығарманың көркемдік-идеялық деңгейі жазушының творчестволық ойлау сипатымен, дүниетанымы және суреткерлік шеберлігімен тығыз бірлікте анықталады. Шығармадағы кейіпкер, әрине, автордың творчестволық еңбегінің жемісі екендігінде дау жоқ. Сонымен қатар кейіпкер мен автор арасында, жалпы көркем шығарма мен автор арасында көзге көріне бермейтін нәзік, бірақ нақты сабақтастық бар. М.Әуезов кейіпкер интеллекті дегеннің өзі жазушы интеллекті екендігін айтады4.
Айтылған пікірлер бойынша, творчество адамының нағыз бейнесі, өмірі және ол өмір сүрген дәуір табиғаты оның творчествосында да барынша толық бейнеленеді. Бұл тек теориялық болжам емес, реалды шындықтың өзі. Бұл тақырыпқа көркем шығарма жазам деген қаламгер алдында олардың өз творчествосын жете игеруі, сол арқылы творчество адамының өз бейнелерін айқындап, зерттеу міндеті тұрады. Жазушы жасайтын көркем образ бен ол образ әрекет ететін ортаны осылай ерекше деректерімен үйлестіру қажеттігі туады. Егер жазушы қолында осы материалдардың екі тобы да толық болған жағдайда, бір мәселе профессионалдық шеберлікке, ол шеберліктің бетін белгілейтін суреткерлік тенденцияға келіп тіреледі...
