- •Абдуалиева Айдана 110-113б Сәбидің ересек адаммен ситуативті-іскерлік қарым –қатынасы
- •Сәбидің 1 жылдығында ересек адамға деген қарым-қатынасының даму
- •Абуханова Асел 114-117б Сөйлеу тілінің дамуының алғышарттары
- •Арынтай Бақыт 117-121 б
- •Екінші жартыжылдықтағы танымдық белсенділіктің дамуы
- •Абилдаева Дариха 125-133 б
- •Түйіндеме
- •Глава 1 Баланың жағдайлы – іскерлік қарым – қатынас және заттық әрекеті
- •Абсаттарова Перизат 133-137б
- •Байдилда Назира 137-142б Түйіндеме
- •Қабылдаудың дамуы
- •Баймағамбет Салтанат 142-146 б
- •Бораздаева Жұлдыз 148-152б
- •Бөлеген Айкүміс 152-156 б
- •Владимир Санжар 156-160 бет
- •Ерлан Ақбота 160-164 б
- •Кусайынова Айнур 171-173б
- •Қалиева Әселхан 174-176 б
- •Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы.
- •Көкенәлиева Айжан 177-180 б
- •Мырзақұл Інкәр 180-184б
- •1 Жастан 3жасқа дейінгі балалардың қарым-қатынасының деңгейі.
- •Пайзуллаева Жансая 184-186б
- •Тойболдиев абзал 186-190б
- •Уайтова Ақбөпе 190-193б
- •3 Жас дағдарысының негізгі феномендері
Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы.
Ерте жастағы балаға шығармашылық жайлы әңгіме біртүрлі болып көрінуі мүмкін. Өйткені шығармашылық жалпы алғанда, бұрын соңды болмаған жаңа туындының жаңа материалдық және рухани байлықтың қызмет нәтижесі ретінде қарастырылады. Дегенмен балалар психологиясы шығармашылық мәселесіне деген көзқарасты дұрыс түсінуге мәжбүрлейді. Л.С. Выгодский жазғандай, шығармашылық барлық жерде кездеседі, яғни адам еліктейтін, өзгеретін, стереотиптен ығысатын, өзіне немесе басқаларға болсын кішкене жаңалық туындатады. Осы көзқарастан ерте жастағы балаларда да шығармашылық қасиет болатынын айта кету керек, баланың шығармашылығы алғашында ойын кезінде және басты ауыстыру әрекетінде айқындалады.
Ойын баланың өмірінің екінші жылында мынадай репродуктивті мінездеме береді: олардың іс-әрекеті толығымен ересек адамның көрсетуімен және көрнекілік жағдайымен анықталады. Орнын басатын заттарды қолдану еліктеу мінездемесін береді және балаға нашар түсіндіріледі.
Л.Н.Галигузованың мәліметінше, өмірінің үшінші жылында ойын келесідей өзгерістерге ұшырайды.
1) ойын мотивация және баланың ойынға эмоционналды еліктеуі күшейеді: ойын ұзақтығы артады, бала жарқын және түрлі эмоцияларын жиі көрсете бастайды, ересек адамға тәуелсіз болып, өзіндік ойындық әрекеті арта түсед;
2) ойындық әрекет құрамы өзгереді. Ойын дағдыларын игеру және ойындық әрекет саны ғана емес, сонымен қатар вариативтілікте артады. Екі жастағыларға екі бөлек әрекеттегі кезекте бір көріністің кестесін өздігінен ретімен қайтадан жасауға тура келеді. Осылайша бала қуыршаққа түскі ас әзірлеу үшін 15-20 минут ішінде көкөністерді турай отырып, қазанға салады, араластырады, дәмін татады, стол жаяды және т.б. Сондай жағдайда бала қуыршақтың аузына қасықпен тасиды.
3) баланың ойындық тәртіп репертуарына орнын ауыстыру кіреді. Көптеген балалар 3 жасының соңында бір затпен екінші затты қиындықсыз ауыстырады және оларға сәйкес ат бере алады. Бұл ауыстырулар балалардың нақты өзіндік туындысы. Олар балалардың шығармашылығындағы алғашқы «жемісі» болып табылады.
Ерте жастың соңында балалардың әрекетінде заттық орын алмастырумен жаңа әдіс қойылады. Бала заттардың арасындағы айырмашылықты және ұқсастықты анық көре бастайды; орын-алмастыру затын таңдауы аяқ-асты болуын доғарады – сәби алдымен сәйкес келетін затты іздеп, содан кейін оған жаңа атау береді. Баланың орын ауыстыру әрекетінің саналылығы, өзіндік орындауы және нақтылығы балалық елестетуінің туындауына мүмкіндік береді. Заттың кейіптерін жөндеуде пайда болған еркіндігі және жағдайға байланысты толықтай атауға, өзіндік ойын сюжетінің туындатуына мүмкіндік береді.
Көкенәлиева Айжан 177-180 б
Л.Н. Галигузова қайта құрылымын былай сипаттайды:
2жас 11 айдағы Наташа С. Қуыршақпен ойнап отырып , кенеттен жанындағы барлық ойыншықтардын барлығын шетке итеріп тастайды , 2 табақша алып олардың әр қайсысына бір – бір кубиктен қояды және олардын үстіне пирамиданың сопақша бөлшегін қояды. Ересек адамға бұрылып қалып : кубиктарды көрсетіп «бұл терезелер деді , ал мынау суып тұрған бауырсақтар деді». Содан соң Наташа оларды алып тастап олардын орнына тегіс пластмастан жасалған үшбұрышты қояды : «Міне көпір , көліктер осы жерге өтеді». Өтетін жолдын бірін басқа бөлшекпен жауып , былай деді : «Бақша жабық , өтуге болмайды». Қолына қасық ұстап оны көлік деп бейнелеп көрсетті , көпірмен қозғалып «ду – ду – ду» деген дыбыстар шығарды. Кейін, қасыққа қарап , қатал түрде былай деді: «Бақша жабық , қайда бара жатырсын?». Қасықты алып тастап , таяқшаны алып , дәл соны қайта қайталайды...
Бұл мысалда бала ойыншықтармен ақиқатқа сүйенбей ойнайды , бір затты басқа затпен еркін алмастырып отыр. Бұл жерде ойын дербес түрде көрсетіледі , ересек адамнан тәуелсіз және бала еркін әр түрлі жағдайлардан оө қиялындағы әлемін құрастырады.
Түйіндеме
Ерте жаста баланың ойын қызметінде заттық – тәжірибелік бөліністер жүреді.
Бала өмірінің екінші жылындағы ойынның процессуалдық көрсеткіші болады: ойындық әрекеттер бір актілі, бір – бірімен байланыспайды , стереотипті. Бала әлі ойнап жатқанын түсінбейді: ол жай ғана заттармен әрекет жасайды. Ойын бала мен ересектін өзара әрекетінен құрылады. Бұл процессті былай сипаттауға болады : ересекпен бірігіп жасалған әрекеттердін баланың жекеленген әрекетеріне ауысуы , сол арқылы ол өзі үшін заттармен жаңа әрекеттерді ашады және озі заттардын орнын басуын ойлап табады.
Ойынды құру барысында бала әрекеттер мен атауларды ажыратады , сол арқылы ол бір заттын мағынасын басқа затқа аудара алады. Заттың атауын ауыстыру бала үшін қабылданған жағдайды мағыналылыққа өзгертуге көмектеседі.Әрекет заттан емес сөз арқылы жүзеге асуға мүмкіндік алады.
Бала өмірінің 2 және 3 жылдарының арасында ойынның көрінісі маңызды өзгереді: ойынның мотивациясы күшейеді , ойын әрекетінің құрылымы өзгереді , баланың қиялы қарқынды жұмыс жасайды , тұпнұсқалық ойындардын орнын басуды 3 жастағы баладан байқауға болады.
Ерте жастағы баланың құрдастарымен қарым – қатынасы
Ерте жаста бала өмірінің тіршілік әрекетінің тағы бір маңызды өрісі көрінеді: оның басқа балалармен қарым – қатынасы. Нәрестелік шақта , бала өз құрдастарының арасында өссе де , ол басқа балалармен қарым - қатынасқа түспейді. Тіпті , сәбилер бір – біріне өзіндік қызығушылық танытқаннын өзінде де , мұндай сәбилік қатынас көбіне жаңа әсер алу үшін және белсенді жұмыс істеуде көрінеді.Басқа бала олар үшін қарым – қатынас серіктесі емес, қызықты тірі объект болып табылады. 3 жастан кейін бала өзінің құрдастарымен қарым – қатынастың қажет екендігін байқата бастайды және олар бір – бірімен спецификалық қарым – қатынасты орнатады. Мұндай маңызды қажеттіліктін құрылу кезеңі ерте жас кезеңі болып табылады.
Бұл жерде атап өтетін жағдай ол ерте жастағы тұлғааралық қарым – қатынастарда келенсіз жағдайлардын пайда болуы толық зерттелмеген. Ерте жастағы балалардын бір – бірімен қарым – қатынастары жайлы жазылған әдебиеттер аз және оларда көп қарама – қайшылықтар бар. Осы кезеңдегі балалардын қарым – қатынасы жайлы Л.Н. Галигузова жүргізген жұмысында толық зерттелген.Сол себепті бұл тарауда біз көбіне осы жұмыстың нәтижелеріне сүйенеміз.
Бала өз құрдастарын қалай қабылдайды? Бәрімізге белгілі , баланың алғашқы өмірінде ересек адамның орны өте маңызды болады. Ересекке деген қарым - қатынас басқа балаларға ауысады ма , және құрдастарына? Басқа балалар ересектерге не түрімен , не мінез – құлқымен ұқсамайды ғой. Сол сәтте де ерте жастағы балалар ойыншықтарға деген ерекше қызығушылық танытады.Басқа бала оған тірі әрі қозғалатын ойыншық ретінде көрінуі мүмкін. Құрдастарына деген қарым – қатынастын ерекшелігін анықтау үшін , оның басқа адамдарға деген қарым – қатынасымен және балаға маңызды затпен салыстыру керек. Мұндай салыстыру Л.Н. Галигузова еңбегінде жүргізілген.
Тәжірибенің алғашқы бөлімінде балаларға құрдастарының суреттері, ересектін немесе ойыншықтын,жануардын бейнесі бейнеленген слайд көрсетілді.Балаларда тірі адамның суреті көбірек қызығушылықты көрсетті, оның көрінісі эмоциясынан , мұқият қарауынан байқалды. Ерекше эмоциялық тартымдылықты балалар құрдастарын көргенде байқатты.Құрдастарының суреті ересек адамның суретіне қарағанда 2 есе көп эмоциялық және1,5 есе көп вокализацияны байқатты.Ең қызығы , слайдтағы құрдастарына қарағанда олар тек суреттерді көрмей , олардан өздерін немесе таныс жағдайларды таныды. Бірнеше мысалдар келтіріп өтейік.
2 жас 1 айдағы Виталик Ф. баланың суретіне ұзақ және мұқият қарап , зерттеушіге таңданып қарап бірнеше рет «Виталик! Виталик!» деп қайталады.
2жас 8 айдағы Сережа В. Жылап тұрған баланың суретіне қарап , ересекке қарап: «Баланың анасына барғысы келіп тұр. Пижама киіп жылап тұр. Ал , мен балабақшаға барғанда жыладым» деді.
1жас 11 айдағы Вика К. дәл сол суретке қарап , ересекке былай деді: «Бұл бала Вика сияқты басын жарақаттап алды» ( аз уақыт бұрын ол құлап басын ауртып алған)
Құрдастарының суреттерін қарап отырып , балалар онымен тірі адаммен сияқты сөйлесіп отырды, оған жандары ашығанын білдірді, оны өздеріне таныс жағдайға енгізді.
Ал , ойыншық пен ересектердін суреттеріне қарағанда мұндай қабылдау мүлдем байқалмады.Жануарлардын ойыншық суреттерін қарап отырып олар тек олардын аттарын атап отырды. Ересек адамдардын суреттері оларға жақындарын естеріне салды: кейбір балалар ересекке анасымен кездесуі жайында , ал кейде аналарынын жандарында жоқтығынан көңілдері түсіп кетті.Бірақ тек құрдастарының суреттері «өздерін тануды» шақырды, және ол әр кезде жарқын эмоциямен бірге жүрді.Өздерінің құрдастарының суреттерін қарай отырып олар өздерін сырттай көргендей болды және сол арқылы өздерін танып қана қоймай білуіне де көмектесті.Сол уақытта бұл жағдай екі жақты қатынастын мүмкіндігін жоққа шығарды.
