- •Абдуалиева Айдана 110-113б Сәбидің ересек адаммен ситуативті-іскерлік қарым –қатынасы
- •Сәбидің 1 жылдығында ересек адамға деген қарым-қатынасының даму
- •Абуханова Асел 114-117б Сөйлеу тілінің дамуының алғышарттары
- •Арынтай Бақыт 117-121 б
- •Екінші жартыжылдықтағы танымдық белсенділіктің дамуы
- •Абилдаева Дариха 125-133 б
- •Түйіндеме
- •Глава 1 Баланың жағдайлы – іскерлік қарым – қатынас және заттық әрекеті
- •Абсаттарова Перизат 133-137б
- •Байдилда Назира 137-142б Түйіндеме
- •Қабылдаудың дамуы
- •Баймағамбет Салтанат 142-146 б
- •Бораздаева Жұлдыз 148-152б
- •Бөлеген Айкүміс 152-156 б
- •Владимир Санжар 156-160 бет
- •Ерлан Ақбота 160-164 б
- •Кусайынова Айнур 171-173б
- •Қалиева Әселхан 174-176 б
- •Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы.
- •Көкенәлиева Айжан 177-180 б
- •Мырзақұл Інкәр 180-184б
- •1 Жастан 3жасқа дейінгі балалардың қарым-қатынасының деңгейі.
- •Пайзуллаева Жансая 184-186б
- •Тойболдиев абзал 186-190б
- •Уайтова Ақбөпе 190-193б
- •3 Жас дағдарысының негізгі феномендері
Байдилда Назира 137-142б Түйіндеме
Ерте жаста балада дамудың әлеуметтік жағдайы мен жетекші әрекеті өзгереді. Ересектермен жағдаяттық-іскерлік қатынас баланың заттық әрекетін ұйымдастырудың түрі мен құралы. Ересектер жай заттардың көзі және бала қозғалысының көмекшісі ғана емес, сонымен қатар оның әрекеттерінің қатысушысы, еліктеу үшін үлгі болып табылады. Содан кейін бала мен ересектің бірлескен әрекеті туындайды. Баланың жасалған заттармен қоғамдық әрекет тәсілдерін меңгерген заттық әрекеті жетекші болады.
Ерте жаста заттық әрекет шеңберінде баланың қарқынды психикалық дамуы бірнеше бағытта болады, олардың ішіндегі маңыздысы сөйлеу, көрнекі-бейнелік ойлау, символикалық ойынның бастамасы, өзіндік сана-сезімінің қалыптасуы.
Ерте жастың басында баланың заттармен әрекеті өзіндік мінез-құлыққа ие. Бала нақты заттармен ересектердің қимыл-қозғалысын қайталау арқылы меңгерген әрекет үлгілерін басқа заттар мен жағдайларға тасымалдай бастайды.
Өмірінің екінші жылында заттық әрекет құралдарын қарқынды меңгеруі жүзеге асады. Заттардың қоғамдық қалыптасқан түрлерін қолдануды меңгеру тек бала мен ересектің бірлескен әрекеті негізінде болады. Ең алдымен заттық әрекетті меңгеруде заттық-құралдардың қызметі және әрекет мағынасы, содан кейін осының негізінде - оның операцональды-техникалық жағы меңгеріледі. Әрекеттің бұл жағын меңгеру әрекет үлгісіне тура ыңғайлау жолымен емес, заттық құралдармен баланың әрекет бейнесін жасау үдерісінде туындайды. Заттық-құралдардың материалдық қасиеттеріне тікелей бейімделу әрекет үлгісіне қосылудың негізінде болады.
2-тарау. Ерте жастағы танымдық даму ерекшеліктері
Қабылдаудың дамуы
Ерте жастағы барлық психикалық процестердің ішінде – қабылдау маңызды орынға ие. Осы жаста баланың тәртібі мен сана-сезімі қабылдауымен анықталады. Сонымен ерте жаста ес – танып-білу түрінде болады, яғни таныс заттарды қабылдау. Баланың 3 жасқа дейін ойлауы айрықша тікелей мінез-құлықпен өтеді – бала қабылданатын заттар арасында байланыс орнатады. Ол тек оның қабылдауының айналасындағыларға ғана мұқият болуы мүмкін. Баланың барлық күйзелісі сонымен қатар қабылданатын заттар мен құбылыстарда жинақталады. Л.С.Выготскийдің сөзі бойынша «...бұл жастың барлық қызметі қабылдаудың айналасында жүреді, қабылдау арқылы және қабылдаудың көмегімен... қабылдау сияқты ешқандай қызмет дәл мұндай ерте жастағы ауқымды өрлеуді бастан кешірмейді». Бұл қабылдау дамудың аса жағымды шарттарын орнатады.
Сәбилік кезеңнің аяқталуына қарамастан балада естілім кейпі жинақталады және ол қоршаған таныс заттар мен адамдарды оңай таниды, қабылдау аса жетілмеген болып қала береді. Бір жасар бала затты ретімен және жүйелі түрде қарауға бейімделмеген. Ол қандай да бір белгіні тартып алады және соған ғана жауап қатады, соған орай әр түрлі заттарды тани алады.
Баланың заттарды қабылдайтын көріп бағдарлаушы әрекеттері ұстау және қармау барысында туады, көп жағдайда балада бар көру кейіптерімен анықталады. Қаншалықты әрекет заттардың түрі және көлемі сияқты қасиеттеріне бағытталса, дәл осы белгілер бала үшін басты болып саналады. Ерте жастың бастапқы кезінде түстің затты тану үшін еш маңызы жоқ. Сәби толық боялған және боялмаған суреттерді, сонымен қатар ең айрықша түске боялған суреттерді бірдей таниды. Ол тек суреттің түріне, ортақ пішініне бағдар жасайды. Бұл бала түстерді ажырата алмайды дегенді білдірмейді. Еске түсірер болсақ, белгілі бір түстерді ажырату және көру сәби өмірінің алғашқы айларында пайда болады. Алайда түс затты сипаттайтын белгі емес және оны тануды анықтамайды.
Ерте жаста қабылдаудың дамуы заттық әрекет шеңберінде және жаңа әрекеттерді меңгерумен байланысты болады. «Арақатынастылық» деп аталатын әрекет ерекше маңызға ие. Бұл екі немесе одан да көп заттармен болатын әрекет, міндетті түрде ескеру және әртүрлі заттардың қасиеттерінің арақатыстығын белгілеу – олардың мөлшері, түрі, қаттылығы, тұрған орны. Сәбилік кезеңнің соңында ол екі заттармен әрекет жасай бастайды – тізілдіріп, бірінің үстіне бірін қояды, жинақтайды т.б. Бірақ бұл әрекеттерде сәби заттардың қасиеттерін ескермейді – керек заттарды оның түрі мен мөлшеріне байланысты таңдай және жинақтай алмайды, оларды белгілі бір тәртіппен орналастыруға талпынбайды. Ерте жаста меңгеріле бастайтын арақатыстық әрекеттер осыларды есепке алуды талап етеді. Ерте жастағы балаларға арналған ойыншықтардың көбісі (пирамидалар, кубиктер, матрешкалар), дәл арақатыстық әрекеттерді бағамдайды. Бала осындай әрекетті жүзеге асырғысы келгенде ол заттарды немесе оның бөліктерін түріне, мөлшеріне, түсіне қарай оған кеңістікте өзара жағдай туғызу үшін таңдайды және біріктіреді. Сонымен, пирамиданы құрастыру үшін дөңгелектердің мөлшерінің арақатынасын ескеру қажет. Матрешкаларды жинақтауда жартысын бірдей көлемдегілерді таңдап және әрекетті белгілі бір ретпен – алдымен ең кішкентайларын, содан соң үлкендерін салу керек.
Бұл әрекеттер алу керек нәтижеге реттелуі және бағытталуы тиіс, яғни дайын пирамиданы немесе матрешканы... Бірақ бала дайын нәтижені елестете және өзінің әрекеттерін бағындыра алмайды. Бұл үшін міндетті түрде ересектің көмегі қажет. Арақатыстық әрекеттер ересектер үйреткендей әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Егер бала жай ересекке еліктесе, яғни сол заттармен сол әрекеттерді орындайды, ол нәтижеге тек ересектің қатысуымен және тікелей көрсетіп тұруымен ғана қол жеткізе алады. Сол үшін баланың заттардың керекті қасиеттерін өзі бөлуді үйренуі, өзі керекті бөліктерін реттілікпен таңдауы және құрастыруы маңызды болып табылады. Бастапқыда сәби бұл әрекеттерді тек тәжірибелік сынақтар арқылы орындауы мүмкін, себебі ол әлі заттардың түрі мен мөлшерін көру арқылы салыстыра алмайды.Мысалы, матрешканың төменгі бөліктерін жоғарыға салу арқылы бала оның сәйкес келмей тұрғандығын байқайды және басқасын салып көре бастайды. Кейде ол нәтижеге күшпен жеткісі келеді – сәйкес келмейтін бөліктерді тығыздап салады, бірақ көп кешікпей бұл талпынысының дәрменсіздігіне көзі жетіп және керекті детальді тапқанынша өлшеп, қайта ауыстырып салуға көшеді. Мұнда ойыншықтардың өзі қандай бөлік сәйкес келетіндігін айтып тұрады, сондықтан оларды автодидактикалық (немесе өз бетімен оқу) деп атайды. Сыртқы бағдарлаушы әрекеттің көмегімен бала ерте ме, кеш пе керекті нәтижеге қол жеткізеді.
Бала сыртқы бағдарлаушы әрекеттен көруге қатысы бар заттардың ерекшеліктеріне ауысады. Басқа заттың ерекшелігінің өлшемін өлшеу үшін бір заттың ерекшелігі үлгіге айналғанда көріп қабылдаудың жаңа типі қалыптасады. Мысалы, пирамиданың бір дөңгелегінің көлемі қалғандарының да өлшемі болып табылады. Бұл қабілет баланың заттық әрекеттерді орындай отырып, көріп бағдарлауға ауысады – ол көзбен керекті детальін таңдайды және тәжірибелік сынақтарсыз дұрыс әрекетті бірден орындайды.
2-2,5 жаста ересектің өтінішімен үлгідегідей екі әр түрлі формадағы және көлемдегі затты үлгі бойынша көру арқылы таңдау бала үшін қол жетімді болады. Айта кетерлігі, бейнесі арқылы көріп таңдау – жай танып-білу немесе өлшеп көруге қарағанда әлдеқайда қиынырақ тапсырма. Әрі алдымен балалар заттарды бірдей формалары бойынша, содан соң көлемі және түсі бойынша таңдайды. Бұл қабылдаудың жаңа әрекеттері бастапқыда сол тікелей тәжірибелік заттық әрекеттерді іске асыратын ерекшеліктер үшін қалыптасады және кейіннен басқаларына ауысады. Ерте жастағы балалар бейне бойынша дұрыс таңдау жағдайында емес, егер оларға екіден артық бірнеше заттарды немесе көп бөлікті, күрделі формалы заттарды ұсынғанда.
Ерте жастың барлық жылындағы қабылдау заттық әрекетпен тығыз байланысты. Егер керекті және қол жетімді әрекетті орындау үшін бала жеткілікті түрде заттың формасын, көлемін, түсін нақты анықтай алады. Басқа жағдайларда қабылдау тіпті нақты емес және бұлдыр болуы мүмкін.
Егер балаға өте қиын әрекетті орындау үшін оның есебі талап етілсе, онда бала сол және басқа ерекшеліктерді мүлдем байқамауы мүмкін. Сонымен, бала суреттің түсін байқамай сурет салуды бастағанда және кез келген қарындаштарды қолданады. Немесе, үлгі бойынша тұрғызуды орындағанда ол негізгі түстерді ажырата алғанымен кез келген түстегі кубиктерді алады.
Бала өмірінің үшінші жылында салыстыру үшін тұрақты бейнелер – оған жақсы таныс ашық түсті формалы заттар пайда болады. Мұндай бейнелер нақты қабылданған заттар ғана емес , сонымен қатар олардың көрсетілімдері болуы мүмкін. Мысалы, үшбұрышты пішінді затты бала «үй» деп, ал дөңгелек пішінді затты «доп» сияқты анықтайды. Мұның өзі балада заттардың қасиеті туралы туралы көрсетілімнің бар екендігін және бұл нақты заттармен бекітілгендігін білдіреді. Заттардың қасиеті туралы көрсетілімнің қалыптасуы баланың заттық әрекетінде көріп бағдарлауды қаншалықты меңгергендігіне байланысты. Баланы заттардың қасиеті туралы көрсетілімдермен байыту үшін оның нақты тәжірибелік әрекеттерде заттардың әр түрлі сипаттары және белгілерімен танысуы маңызды. Сәби белсенді әрекет ететін бай және әр түрлі сенсорлы орта ішкі әрекет жоспарын қалыптастырудың және ақыл-ойын дамытудың алғышарты болып табылады.
