- •1.20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі кезеңдегі әдеби сынның даму ерекшелігі
- •2. З.Шашкин «Доктор Дарханов» романы
- •3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
- •20 Ғасырдың 60-шы жылдарынан кейінгі әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктері
- •2. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романы
- •3. Т.Айбергенов лирикасы
- •Қазақ прозасында тарихи тақырыптың көркем игерілу себептері
- •3.Т.Нұрмағамбетов әңгімелері
- •Ғабит мүсірепов. Жаны толы жыр еді (ғ.Мүсіреповтың мақаласы, яғни Ғали Орманов туралы айтқаны).
- •2. "Үркер" романы
- •Сырбай Мәуленов
- •1960-2000 Жылдардағы өнер адамдарының бейнесі
- •2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы
- •1960-2000 Жылдардағы эпистолярлық жанр
- •С.Жүнісов «Ақан сері» романы.
- •Ж.Әбдірәшев поэзиясы
- •1. Драмадағы мінез және драмадағы тартыс
- •14.2 Оралхан Бокей повестері мен әңгімелері
- •1. Абайдың жұмбағы р.Тоқтаров
- •2. Жұбан Молдағалиев поэмалары
- •3. И.Сапарбай драмалары жалпы шығармашылығы
- •3) Есенғали Раушанов өлеңнің қара бауыр қасқалдағы
- •Күтумен кешкен ғұмыр
- •Қалтай Мұхамеджановтың комедиялары
- •Ұлықбек Есдәулет шығармашылығы
- •Көздеріңе ғашықпын...
- •1.Дихан Әбілов шығармашылығы
- •2.Б.Момышұлы шығ – ғы соғыс көрінісі
- •3. Сағат Әшімбаевтың әдеби сын еңбектері
- •25 Билет!
- •26 Билет
- •27 Билет
- •Өмірбаяны[өңдеу]
3. С.Жиенбаевтың поэзиясы
Сағи Жиенбаев жырлаған тақырып мейлінше кең. Қазақ аталатын ұлы халықтың ұлттық қасиеттері мен бүгінге дейін бастан кешкен қасіреттерін ол өзіндік өрнекпен, мөлтек сюжетке құрып, мөлдіретіп бере білді. Ол жырлар ішінде бейкүнә балалық - ақын шығармашылығының алтын өзегі секілді арна тартып жатады. Ақын адалдық азаматтық кісілік, тазалық ұғымдарының қай-қайсысын да балалық бейнесінде береді. Демеқ, ақын шығармашылығында балалық - қарапайым тура мағынасында қолданудан, Дүние-тіршіліктің тірегі саналатын адалдыққа дейін баламаланып жетіп жатыр. Сондықтан да ақын соғыс аязы қарыған балалық шағына қарығыздар шығар. Ал біз ақынның балалық шақты басқыш етіп айтқан оймауыт ойлары мен жампаз жырларына қарыздармыз. Өйткені өзіңмен сырласып, өзіңмен мұндасып сөйлер ол жырлар бізді пендешіліктен тазартып періштелікке жетелейді. Ондай сәттері ақын да сезім құбылыс-құйылыстарын ойнақыландыра, қызындыра, қыздыра "жырлай келіп ...жас сәби қаз тұрғанда, Бар дүние кетті ғой сәби болып - деп аяқтап жатады. Ақын үшін Жер-дүниеде әділдіқ болуы үшін - бәріміздің, әрбіріміздің сәбилік сезіміміз өліп қалмауы керек. Сәбилік сезім ақын үшін кісілік кредосы! Ақын жыры бізді баурайды. Міне, осылай ақын өз оқырманын адалдыққа баулиды.
Үлкен, кіші деп жатар не бар, шыншыл жыр, сыршыл жыр - балғын бөбектерден бастап өлең сүйер өрендердің қай-қайсысын да бейтарап қалдырмайды, елітеді, ерітеді, тербейді, тебірентеді. "Кәмилаға» арналған мына бір өленді орып көрейікші:
Алғаш рет...
Қаз тұрады бүгін бөбек,
Басталады балапан ғұмыр бөлек.
Бел байлады балапан ұлы жолға,
Нәртәуекел!
Ал, кәні! Жүру керек! -болып басталады өлең! Осы алғашқы шумақтың өзінен-ақ нақты, затты сурет, өленге жан берер қимыл-қозғалыс, динамика, өлеңді өнер туындысына айналдырар ақындық философия көмейміз бе?! Ақын кішкентай ғұмырдың (бөбек) қаз-қаз тұруын әрбір адам үшін бөлекше сабақтағылар ғұмыр философиясына сабақтастыра жырлап отыр.
Бір бұл ғана ма, ақын соғыс қасіретін "Хат", "Оң аяқ" секілді өдеңдерде оңтайымен жьфлаған еді. Бүддфішн бала қара таныған соң қарттардың майдандағы жаумен жағаласып жүрген жауынгер ұлдарына хат жазып беріп отырады. Талай хат жазып, ата-ананы қуантады. Машықтанып алған лирикалық қаһарман:
Содан соң,
"Сырын" біліп ап,
Ұшырдым талай хаттарды.
Хат жазып беріп ұлына
Қуанттым қанша қарттарды -дейді.
Расында Ұлы Отан соғысы жылдарыңдағы қараңғы қазақы өмір картинасы емес пе? Жаңадан қара танып, хат жазуды үйренген бала үшін хат жазып беру, қарт ата-ана қуанғанын көргеннен артық бақыт жоқ қой. Сағи ақын өзі үшін жаңа "Америка ашқан бала психологиясын соншалық нәзік жырлайды. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа бармайды. Майданға жолдаған балақан хаттары "Сабылып майдан алабын" қайтып келіп тұр міне, ауыр тағдыр. Міне, өлендегі күтпеген бұрылыс. Бұл баласын күткен қарттардың үзілген үміті. Бұл - хат жазып беріп, үлкендер қажетін өтедім деген сәби көңілдегі қуаныштың күл-талқаны шыққаны. Соғыс картинасын, оның қан майданы мен тылдағы үміт-арманын жүрек бұлқынысымен, бұрылыс-бұрылысымен бұдан артық дэл елестету, бұдан артық дәл жырлау, эй мүмкін емес шығар-ау. Өз басым Сағи ағаның осы Хат", "Оң аяқ", Құлын" секілді бір шоғыр философиялық өлеңдерін қазақ поэзиясы классикасынан санаймын.
Мұндай жұтынып тұрған, үлкен тағдыр арқалаған өлендер ақында аз емес. Біз "жұпарым болса, жұртым ал" - дегендей, бар ғұмырын өлеңге арнап келе жатқан өнерпаз ағаға бар пейілімізбен қарыздар сезінеміз.
5- билет
