Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иммун ответы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183 Кб
Скачать
☆

19.Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативті жолдармен активтенуі, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуінің негізгі этаптары Са –ионның қатысуымен АГ/АД комплексімен активтенеді. С1 арқылы басталады. С1 молекуласы иммуноглобулиннің (көбіне IgM және IgG) домені аумағындағы Fc-фрагментімен байланысады. Бул кезде С1 молекуласың байланыстыратың IgG –дің екі молекуласы “критикалық” қашықта болуы керек. Сонда ғана С1 -молекуласы активтенеді. Бірақ, бул жағдай әрқашан болмайды және IgG комплемент жүйесінің эффективтілігі төмен активаторы болып саналады.Сондықтан барлық иммуноглобулиндер ішінде пентамерлі IgM ең күшті активаторы болып табылады.

Иммуноглобулиндердің Fc-фрагментімен С1g- байланысады, одан кейін С1s- фрагменті байланысады. Ол комплементтің С2 және С4 компоненттерің 2 фрагментке бөледі: С2а, С2в, С4а, С4в. С4в пен С2а комплекс түзіп С1-фрагментінен босайды. Қалғандары сұйық фазаға кетеді. Босалған С1 келесі С2 мен С4 молекулаларың ыдыратуға дайын болады. Арығарай тізбектік реакциясының схемасы: С4вС2а комплекс (С3-эстераза) С3-ке әсер етеді. С3 С3а мен С3в ға ыдырайды. С3а сұйық фазаға кетеді, ал С3в бірінші комплекске қосылып 2-ші комплексті түзеді - С4вС2аС3в. ол С5-эстераза деп аталады және С5-ке әсер етеді. С5 екі фрагментке ыдырайды: С5а мен С5в –ға. С5а сұйық фазаға кетеді, ал С5в арығарай өзіне С6, С7, С8, С9 қосып мемранолитикалық комплексті түзеді (МЛК).

Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен белсенуінің негізгі этаптары: Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі С3-тін активациясынан басталады. Оны антиденелер емес микробтың қабығының компоненттері, пропердин жүйесі, активтейді. Процестің ары ғарай ағымы классикалық жолмен бірдей. Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі организмге түскен микроорганизмдерден жедел қорғану механизмің жүзеге асырады.

20.Т-лимфоциттердің субпопуляциялары және олардың қызметі.

60-жылдарда Дж.Миллердин тышқандарға тимоэктомия тәжірибе жасаумен

перифериялық мүшелерде Т-лимфоциттердің саны азайғаны және аллогенді трансплантаттың ұзақ отырып қалуы, антиденелердің өндіруінің бұзылуы табылған.

Сүйек кемігінің пре-Т-лимфоциттері тимустың субкапсулярлық қабатында бөлініп мүшеленеді. Функция жөнінде бұл клеткалардың ішінде СД4, СД8 маркерлардың тасымалдаушылары айырылады. Эпителиалды клеткалармен өндірілген биологиялық заттардың көмегімен Т-лимфоциттер даму процесін өтіп қыртысты қабатқа миграциялайды. Қыртысты қабатта жағымды селекциядан өтеді, яғни І-ІІ классты гистосәйкестік антигендерге сәйкес рецепторлары бар клондарды сұраптайды. І классты МНС танушы клондар – Т-киллерлер болып түзіледі, І, ІІ классты МНС танушы клондар Т-хелперлер болады.

Т-клеткалардыңсыртында тек қанабіркорецептор (СД3) экспрессорлайды. Ол антиген байланыстырурецепторлардыңантигендерменөзараәрекетінкүшейтедіжәнесигналды клетка ішінежеткізуролінатқарады. СД4 және СД8 позитивтікклеткалар Т-хелпер мен Тс ретіндесаналады. Аутоантигендерменәсерлесуқабілеті бар клеткаларапоптозжолыменжойылады. Сұраптаушарттанөткенклеткалариммунжүйесініңперифериясынабарады.

Т-клеткалардың В-жүйеден айырмасы – Т-клеткалар антигенді жеке танымайды, яғни І-ші немесе ІІ-ші МНС-ның молекулаларымен комплекс құрап отырып таниды. І-ші классты молекуласы кіретін комплексті цитотоксикалық СД8 Т-клеткалар таниды, ал ІІ-ші классты молекуласы кіретін комплекс СД4 Тн1 қабыну клеткаларымен немесе СД4 Тн2 хелперлы клеткалармен танылады.

Эффекторлы клеткалардың генерациясы.

Антигенді біріншілік тануы аңқау Т-клеткалармен жүзеге асады. Аңқау Т-клетканың жетілуі лимфоидты тканьде өтеді. Лимфа ағымымен патоген жақын лимфа түйініне, ал қан ағымымен көк бауырға барады. Антиген кілегей қабықтарға орналасқанда пейер табақшаларға, бадамша бездерге миграциялайды.

Перифериялық лимфоидты тінде АГ танып жэне оны Т-лимфоциттерге иммуногенді түрде ұсынуға қаблеті бар 3 типті мамандандыру клеткалар бар. Олар – макрофагтар, дендритті клеткалар және В-клеткалар. Бұл клеткалардың функциясы 1-ші немесі 2-ші МНС молекулалардың антигенді пептидтермен комплексті түзуімен көрінеді. Антиген лимфоидты тінге түсіп лимфоциттердін рециркуляциясын күшейтеді. Аңқау Т-лимфоциттер лимфотүйіндердің Т-аймағына венуланың эндотелийі арқылы түседі. Жетілген Т-клеткалардың генерациясы макрофагтардың және дендритті клеткалардың бетінде пептидті антигенді І немесе ІІ-ші МНС классты молекулалармен комплексте танудан басталады. Кофакторлардың әсері Т-клеткалар рецепторларының антигендік комплекспен әсерлесуіне мүмкіндік береді. Осы қызметті АТК-лар жүзеге асырады.

Аңқау Т-клеткалардың антигенмен біріншілік кездесуден кейін активациясы “сәйкестендіру” (примирлеу) деп аталады. Осыдан кейін Т-клеткалардың әрбір субпопуляцияларының қызметтік бағыттары анықталады. Егер аңқау СД4 ТнО клеткалар антигендік комплексті макрофагтың бетінде таныса, ары қарай СД4 Тн1 клеткаларға мүшеленеді. Егер МНС ІІ-ші молекуламен комплексте антиген В-клетканың бетінде танылса, ары қарай СД4 Тн2 хелперлі клеткаларға мүшеленеді.

Аңқау Т-клеткалардың көпшілігі арнайылық әсерлесудің сұрыптауынан өте алмайды, қайтадан рециркуляция процесіне қатысу үшін, өзіне тән антигенді іздеп эфферентті лимфа тамырлары арқылы кетеді.

Т-клеткалардың антигентанушы рецепторларының антигендік комплекспен байланысуы және СД8 немесе СД4 корецепторлардың қатысуы, аңқау Т-клеткалардың дамуына бірінші сигналды қамтамасыз етеді – пролиферациямен дифференцировкаға. Даму процесінің жалғасуына екінші сигнал қажет. Костимулятор ретінде АПК мембранасында экспрессерленетін В7 молекуласы шығады. В7 – гомодимер, иммуноглобулиндердің супер тұқымдасына жатады. Аңқау Т-клеткаларадың бетінде В7 рецепторы ретінде СД28 белок болып табылады. В7: СД28 өзара әсерлесуі екінші сигналды қамтамасыз етеді.

Активтелген аңқау Т-клеткалар СД28-ден басқа костимулдеуші активтілігі бар тағы бір белокты синтездеп экспрессерлейді – CTLA-4. Ол СД28-ге қарағанда В7-ге аффинділігі жоғары.