Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иммун ответы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183 Кб
Скачать
☆

33 Билет1.Біріншілік (туа біткен) ижж. Иммунитеттің в-жүйесінің біріншілік ижж-ң патогенезі және клиникалық көріністері.

Иммундефицит дегеніміз - туа немесе жүре пайда болған иммунды жауаптың бұзылысы, жұқпа ауруларымен, ісікті ауруларға организмнің қарсылығы төмендеуімен сипатталатын жағдай. Ол жұқпалы ауруларға қабылдағыштықтың, ациклдық ағымға бейімділіктің аллергиялық және аутоиммунды аурулардың, онкопатологияның себебі болады.

Барлық иммунжетіспеушіліктер 2 үлкен топқа бөлінеді:

1-ші туа пайда болған, тұқым қуалайтын ИЖК;

2-ші жүре пайда болған ИЖК.

Біріншілік иммунжетіспеушіліктердің арасында В-жүйенің ақаулары 50 пайыз, Т-клеткалық жүйенің – 30 пайыздай, фагоцитоз жүйесінің – 18 және комплемент жүйесінің – 2 пайыз құрайды. Иммунжетіспеушіліктердің диагностикасы ауру тарихына, жанұялық анамнезін, иммунологиялық жетіспеушіліктің клиникалық көріністерін талдауына және иммунологиялық ақауды анықтауына негізделген. Біріншілік ИЖ-дің клиникалық дебюті көп жағдайда бала жаста көрінеді. Біріншілік иммунжетіспеушіліктердің (БИЖ) кездесу жиілігі 10000-100000 нәрестелердің ішінде біреу болады, бірақ IgА-ның селективті дефициті 500-1500 адамның ішінде біреуі кездеседі. Иммундыққа дейінгі, лимфоциттерсіз клеткалық және гуморалдық резистенттіліктің механизмдері, жалғыз үздіксіз өзгеретін инфекциялық микроорганизмдердің және гельминттердің көпшілігімен күресу қызметін орындай алмайды. БИЖ-тің негізгі клиникалық ақауы - иммунитеттің негізгі функциясына (инфекцияға қарсы) байланысты және инфекциялық аурулармен көрінеді. БИЖ-тер көп жағдайларда бала жаста көрінеді.

Аурулардың Халықаралық жіктелуі бойынша туа пайда болған ИЖК арнайы және арнайы емес бөлімінің иммунжетіспеушіліктеріне бөлінеді. Біріншілік иммунжетіспеушіліктер гендердің ақауларына байланысты тұқым қуалайтын аурулар.

БИЖ-дің жіктелуі.

А. Иммун жүйесінің арнайы бөлімінің иммунжетіспеушіліктері.

  1. Иммунитеттің гуморалды жүйесінің жетіспеушілігі. Агаммаглобулинемия, Брутон ауруы.

    1. Дисиммуноглобулинемии:

А) Жалпы вариабелды гипогаммаглобулинемия

Б) IgА-ның селективті дефициті

В) IgG мен IgGА-ныі жетіспеушілігі гипер IgМ-мен қатар

Г) IgG-подкластарының дефициті.

  1. Т-клеткалық иммунжетіспеушіліктер

    1. Лимфоцитарлы дисгенезия (синдром Незелофа)

    2. Ди-Джорджи синдромы (тимуспен қалқанша маңайы бездерінің гипоплазиясы)

  2. Комбинирленген иммунжетіспеушіліктер

    1. Ретикулярлы дисгенезия

    2. Лимфоцитофтиз (БИЖ-тің швейцар түрі)

2. Адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің құрылысы,локустың қызметі.Генетикалық бөгде тіндердін тұрақтамауна жаупты негізгі антигендерге – гистосәйкестік антигендері жатады, оларды кодтайтын гендерін - гистосәйкестік гендері деп атайды. Олар өздерінің антигендігін өзінің емес, генетикалық бөгде организмнің иммун жүйесімен анықталғанда ғана көрсетеді, мысалы мүшелерді аллотрансплантациялау кезінде.Ұқсас антигендері бар тіндерді - гистосәйкестік тіндер деп атайды. Бул тіндер тұрақтамаушылық реакциясына келтіретін иммундық жауапты шақырмайды. Манызды антигендік айырмашылықтары бар - гистосәйкессіз болып келеді, олар тұрақтамаушылық реакциясын шақыратын иммундық жауапка әкеледі.Гистосәйкестікті орнататын антигендер 40 -тан астам әртүрлі локустарда шифрленген., бірак көрнікті тұрақтамаушылық реакциясына жауапты локустар гистосәйкестіліктің бас –МНС –комплексінде орналасады. Бул комплекс барлық сүткөректілерде және құстарда анықталған. Адамдарда HLA-жүйесі (Human Leukocyte Antigens) деп аталған. HLA-жүйесінің гендері трансплантациялық (тін сәйкесті) антигендердің синтезің бақылайды. Трансплантациялық антигендер ең көп мөлшерде лимфоциттерде,теріде; аздауөкпе, бауыр, ішек, жүректе; ең аз – ийда болады. Жалпы, олар ядролы клеткалар бетінде және тромбоциттерде табылады. Донор мен реципиенттің трансплантациялық антигендер бойынша толық сәйкестілігі моногзиготалы егіздерде ғана болады. Ал басқа жағдайда тұрақтамаушылық реакциясын шақырады.

HLA-жүйесіадамның 6 хромосомасының қысқа иығында орналасады, ғ локустан тұрады:А,В,С, Д, ДR. Әр локусқа гендердің көпшілік аллельдік түрлері кіреді. А-локусына 23,локусына- В- 49, С-локусына- 8 аллельдер кіреді. Ал Д- локус өзі 2 локустан турады: DG,DP. DG- локусына “ аллель кіреді, DG-і,DP-, аллельдер анықталған.

HLA-комплексіне үш гендер класстары кіреді.

1 класс гендеріне АВС локустар іреді. Олар антидене түзілуін, цитотоксикалық Т-лимфоциттерді, Т-супрессорларды стимульдейтін, трансплантациялық антигендердін синтезін бақылайды. HLA-1 класс антигедері организмнің барлық ядролы клеткаларда , Т-лимфоциттерде экспрессияланған және өзіндік тануда манызды роль атқарады.

2 класс гендеріне иммундық жуаптың гендері (IR) жатады. HLA- 2 класс анти- гендері В-лимфоциттерде, макрофагтарда, дендритті клеткаларда , активтелген Т-лимфоциттерде орналасады. HLA-2 класс антигендері иммунокомпетентті клеткалардың әсерлесүіне , антигендерді таныстыруында қатысады.

3 класс гендері С2,С4 – комплементтің компонентері, Вf –пропердин жүйесінің В-фаторы түзілуің және В-лимфоциттердегі С3 рецепторының экспрессиясын бақылайды

НLA-А және В локустарының антигендері күшті трансплантациялық антигендер қатарына жатады. Пратикада трансплантат күшті антиген бойынша біреуі ғана сай келмесе, донор мен реципиент оптималды болып саналады.