- •2. Дағдарыстың түрлері
- •3.Пиар дегеніміз не?
- •7.Халықаралық қатынастар pr-ы
- •8.Қара пиардың психологиялық ықпалы
- •10. Лоббистке қойылатын талаптар:
- •17. Саяси pr міндеті.
- •25.Стрингер – независимый (внештатный) репортёр.
- •29.Маркетинг және оның міндеті
- •33. Мақсатты аудитория
- •32. Пиардың негізгі аудиториясы
- •37. Спин-торнадо операциясы.
- •38.Корпоративтік имиджді құрайтын негізгі элементтер.
- •46. Айви Лидің қағидасы
- •47.Қарашы қызметі және оның мысалдары
- •48.Баспасөз хатшысының жұмысы және оны ұйымдастыру
- •50. Қоғаммен байланыс саласындағы зеттеулер.
- •51.Pr концепциясының дамуы
- •52.Қоғамдық байланыстың ақпараттық-құқықтық базасы
- •53. Қоғаммен байланыс қызметінің негізгі құрамдас бөліктері
- •54. Хvii-XX ғасырдағы қоғаммен байланыс
- •59. Корпоративтік саясатты әзірлеу, түсіндіру және талдау
- •68. Лоббистке қойылатын талаптар:
53. Қоғаммен байланыс қызметінің негізгі құрамдас бөліктері
Разработка стратегических программных планов по связям с общественностью согласно разработкам Сэма Блэка состоит из четырёх шагов:
1.Определение проблемы.
2.Планирование и программирование.
3.Действие и коммуникация.
4.Оценка программы.
Широкий взгляд вокруг. Вторым шагом является непрекращающийся ни на минуту мониторинг общественного мнения по отношению к PR-объекту, что позволит верно выбрать стратегию воздействия на целевую аудиторию PR-кампании.
Глубокий взгляд внутрь. Исследование самого PR-объекта, при котором удобна оценка с точки зрения его сильных и слабых сторон, возможностей и угроз при взаимодействии с внешней средой.
Такой подход к резюмированию анализа ситуации называют SWOT-, или TOWS-анализом. Из этой аналитической конструкции вытекает несколько стратегических соображений.
SO-стратегия строятся на сильных сторонах организации с целью извлечения преимуществ из новых возможностей, появляющихся во внешнем окружении организации.
54. Хvii-XX ғасырдағы қоғаммен байланыс
Пиардың алғашқы даму сатыларына келетін болсақ:
1.Американдық бастама.Бұл Скотт Катлиптің пікірі бойынша Солтүстік Американың тәуелсіздік үшін күресі кезеңінде пайда бола бастады(1775-1789).Бұл кезде қоғаммен байланыс саяси салада дамыды.Тарихтың кейінгі кезеңінде тәуелсіздік үшін болған американдық революцияның басында Самюэл Адамс,Томас Пейн,Бенджамин Франклин,Александр Гамелтон мен Томас Джеферсон тұрды.Олардың барлығы ауызша және жазбаша түрде сол кездегі қоғамға қатты әсер ете білген.Олар памфлеттерді таратып,баспасөзде сөз сөйлеген,секция оқып,мінберден бүкіл жұртшылыққа өздерінің революйиялық ойлары мен көзқарастарын жеткізген. Олар шабуылдаушы әрекеттері кезінде халықтың қолдауына ие болудың жолдарын назарда ұстап отырды.Ол үшін әртүрлі үгіт-насихат құралдары пайдаланылды:пресс бюллетеньдер,газеттер,лозунгілер,митингілер,поэзия,әндер,комикстер және т.б.
Эдвард Бернейз «Кристаллизуя общественное мнение» атты кітабында американдық тәуелсіздікті құрушылардың қоғаммен байланыс орнату қабілетін жоғары бағалайды.Осылайша,АҚШ-тағы,яғни жалпы алғандағы пиардың алғашқы даму сатысында іс-әрекеттің барлығы саяси үгіт-насихат процесіне бағытталды.
2.Екінші тарихи кезең паблисити кезеңі болып табылады(1810-1900).Американың батысы жедел қарқынмен игерілді,өмір сүрудің әлеуметтік-экономикалық дағдылары өзгерді:үлкен қалалар пайда болды,жеке секторда ақша айналымы жүріп отырды,қазіргі кездегі зерттеушілердің пайымдауынша,демократияға қауіп төндірген алпауыт корпорациялар қалыптасты.Американың экономикалық өміріндегі бұл кезең еркін кәсіпкерліктің көтерілуімен байланысты. Осы кезеңде сауатсыздықты жою үшін алғашқы мектептер ашылды.Өсіп келе жатқан сауаттылық деңгейі газет-журналдардың таралымын көбейтті.1830 жылы АҚШ-та басқа елдермен салыстырғанда газет атралымы әлдеқайда көп болды.Прессаның кең көлемде таралуы жаңа мамандықтың,пресс-агенттердің,пайда болуына алып келді.
55. Бүгінде билік жүйесі жаңа ғылыми технологияны пайдаланып, ғаламтор желісі, элекртонды қызмет түрлері сияқты адам санасы тудырған жетістіктермен жүзеге асырылуда. Жаһандану заманында халық пен билікті бір-бірімен байланыста ұстау үшін екі жақтық көзқараспен санасатын мамандар қажет. Мемлекет пен қарапайым жұртшылық арасындағы дәнекерші «Қоғаммен байланыс» саласы. «Кімде ақпарат болса сол әлемді билейді» демекші, ақпараттық қоғамда өмір сүріп отырған кез келген мемлекет - ақпараттық мамандықтар дайындайтын салаға аса үлкен мән беруі керек. «Экономика мен бизнес, саясаттағы оң бағыттағы шешімдердің қабылдануы қоғаммен байланысқа тікелей байланысты», деген Ресейдің «Советник» журналының Қазақстандағы өкілі Владимир Павленконың сөзінен PR мамандығының қаншалықты қоғамға қажет екендігін түсінуге болады.
56. Имидж қалыптастыру технологиясы Имидж – бұл мақсатты түрде белгілі бір объекті туралы керекті мәліметтерді бейнелеп, көрсету өнері. Имидж өнеріне жарнаманы да қосуға болады. Имиджтануда имиджмейкинг деген де ұғым қалыптасты. Имиджмейкинг – объектінің қоғам алдындағы бет-бейнесін қалыптастырушы және имидж саласына зерттеу жүргізу, имидж қалыптастыру құралдарын айқындау және таныту. Бұл да имидж саласы ғылымының өзіндік бір таралу ретімен өзіндік ретімен зерттеу нысанына айналды. Әсіресе, бұл саяси салада көбірек қолданылатын технологиялардың бірі. Имиджді қалыптастыру технологияларының әрқайсысының өзіндік қызметі де саралануда. Мысалы: тек қана бет-бейнені анықтау, яғни, бұл объектіге символдық тұрғыдан келу. Имиджелогияда символдық бейнені елестету нәтижесінде жасалған образ немесе сол символ арқылы қандай да бір ақпарат беру имидждік технологиялардың тиімді түрі болып табылады.
Саяси объектілердің оң бейнелерін (имидждерін) құру ең маңызды тұжырымдалатынПР-технологиялардың бірі болып табылады. Мұндай объектілерге жеке тұлғалар да, бірлескен құрылымадар да (партиялар, қозғалыстар), тіпті жалпы мемлекет немесе мемлекет аралық ұйымдар да бола алады.
Имиджді құру – бұл қоғамды қызықтыратын және нақты бір саяси міндетті (сайлауда жеңуді, билік беделің арттыруды және т.б.) шешуге мүмкіндік беретін субъектінің қандай да бір қасиеті мен сапасын саналы түрде құру. Бұл мағынада имидж саясат саласының маңызды құрылымдық компонентін білдіреді, оның көмегімен билеуші субъектілер халықпен байланыс жасайды, халықпен қайтымды байланысты ұстауды қамтамасыз етеді, қоғамдық ой-санаға мақсатты әсер етуге мүмкіндік жасайды. Имидж – бұл саяси субъектілердің саяси капиталының маңызды формасы және бір мезгілде оны көбейтудің механизмі.
57. БАҚ және бұқаралық коммуникация. Ғалымдардың пайымдауынша, бұқаралық ақпарат құралдарының саяси процеске ықпалдын зерттеу П. Лазарсфельдтен басталады деп санайды. 1940-жылдары телевизия мен радионың сайлаушылардың электралдық көңіл-күйіне ықпалын зерттеген болатын. Дегенмен бұқаралық ақпарат құралдарының аудиторияға ықпалын зерттеудің әдістерін
зерттеу 1920 жылдардан бастау алады. Саясаттағы бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын зерттеудің қазіргі кезеңі бірыңғай моделдің жоқтығымен сипатталады. Ал БАҚ-тың саяси санаға ықпал ету механизмін түсіндіру мақсатында түрлі теориялардың дүниеге келгені мәлім. Олардың басым бөлігі 1960-1970 жж. пайда болды. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарының сайлаушыларға ықпал етуі не ықпал етпеу мәселесі қарастырылмайды. Әрине, БАҚ-тың ықпалы болатындығы рас. Өйткені ақпараттық кеңістіктің субъектілері (ақпаратты өндірушілер де, оны тұтынушылар да) түрлі қарым-қатынасқа түсе отырып, бір-біріне ықпал етпеуі мүмкін емес. Қатардағы сайлаушылардың саясат, депутаттыққа үміткер мен партия туралы түсінігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалардан алатындығы ақиқат. Мәселе БАҚ-тың қоғамдық-саяси
процестерге ықпал ету дәрежесі мен әдістерін айқындауда болып отыр. Б. Коэн 1963 жылы бұқаралық коммуникацияның осынау әсерін «күн тәртібін бекіту» аталатын классикалық ұғымды негіздеді. Бұл аталған әдіс қазіргі заманғы зерттеулердің нысанына айналды. Оның мәні «баспасөз адамдарды белгілі деңгейде ойлауға мәжбүрлей алмайды, өз оқырмандарына не жайлы ойлау керектігін көрсете алмайды» дегенге саяды. Күн тәртібін бекіту - қоғам бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын күн тақырыбы жайлы ойлануы тиіс деп саналатын когнитивтік процесті сипаттайттын метафора. 1970 жж. неміс социологы Э. Ноэль-Нойман қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысты «үнсіздік спиралі» концепциясын ұсынған болатын. Бұл концепция бұқаралық коммуникация, тұлғааралық коммуникация арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ индивид пікірін өзгелермен салыстыруды қарастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси процеске айтарлықтай ықпал ету теориясын қолдаушылар қатарында Дж. Зеллер коммуникациялық саладағы бұқаралық ақпарат құралдарының мәні азаматтардың қондырғыларының күшейтуге емес, қалыптасуы мен ұзақмерзімді ықпал етуінде деп мәлімдейді. Дж. Зеллер бұқаралық ақпарат құралдарының дербес және қоғамдық санаға, саяси қондырғылар мен сайлаушылардың мінез-құлқына ықпалы туралы қорытындылар жасайды.
58. Дағдарысты технологиялар - кейін шегінер жолды алдын ала ойластырып қойып, дағдарысты жағдайды әдейі ойдан шығару. Әсіресе, дәстүрлі мәдениеттегі елдерде тиімді. Дағдарыс нәтижесінде және ақпаратты қарқынды әрі жеделдетілген тәртіпте жүргізу барысында күйзелісті жағдай туады. Көптеген көзқарастар мен құндылықтар қайта қаралады, сананың қозғалмалылығы артады, дәстүрлі құндылықтарға сүйену жоғалады, нәтижесінде жаңа құндылықтар жүйесін енгізу оңайға түседі. Дағдарыс туралы журналистердің:
Неге бұлай болды?
Бұған кім жауапты?
Неліктен басталды?
Енді не істеліп жатыр?
Не істелмей жатыр? деген сұрақтардың барлығына жауап беру ең қиыны болып саналады.Сондықтан пиаршы оның жауаптарын тез арада дайындап қоюы керек.Тіпті тиісті адамды да дайындап кою керек.Журналистің қисық сұрақтарына бола олармен ұрыс шығарудың, камераларды сындырудың қажеті жоқ. Сіз алғашқы сәттегі сұрақтарға арнайы комиссия құрылғандығын, оны бәлен деген адамның басқарып, іске кірісіп жатқандығын, комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы бәлен ақпарат бере алатыныңызды ,әзірге нақты бір нәрсе айтудың қиындығын, жобалап болса да ештеңе айта алмайтыныңызды айтсаңыз да сұраққа жауап болып табылады.
