- •2. Дағдарыстың түрлері
- •3.Пиар дегеніміз не?
- •7.Халықаралық қатынастар pr-ы
- •8.Қара пиардың психологиялық ықпалы
- •10. Лоббистке қойылатын талаптар:
- •17. Саяси pr міндеті.
- •25.Стрингер – независимый (внештатный) репортёр.
- •29.Маркетинг және оның міндеті
- •33. Мақсатты аудитория
- •32. Пиардың негізгі аудиториясы
- •37. Спин-торнадо операциясы.
- •38.Корпоративтік имиджді құрайтын негізгі элементтер.
- •46. Айви Лидің қағидасы
- •47.Қарашы қызметі және оның мысалдары
- •48.Баспасөз хатшысының жұмысы және оны ұйымдастыру
- •50. Қоғаммен байланыс саласындағы зеттеулер.
- •51.Pr концепциясының дамуы
- •52.Қоғамдық байланыстың ақпараттық-құқықтық базасы
- •53. Қоғаммен байланыс қызметінің негізгі құрамдас бөліктері
- •54. Хvii-XX ғасырдағы қоғаммен байланыс
- •59. Корпоративтік саясатты әзірлеу, түсіндіру және талдау
- •68. Лоббистке қойылатын талаптар:
59. Корпоративтік саясатты әзірлеу, түсіндіру және талдау
Корпоративтік саясатты орнықтыруда әлеуметтік-психологиялық климатын құраушы екі түрлі факторлар тобын бөліп көрсетуге болады: 1) макроорта факторлары; 2) микроорта факторлары.
Бірінші топқа - әртүрлі меншік формалары кіретін өндірістік қатынастар жатады. Жоғары билік немесе экономикалық органдар шаруашылық басшылықты жүзеге асыра отырып, өндірістік ұжымдарды басқару міндетін атқарады. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты олар өздері қожалық етіп, сырттан араласу азайды, ал мемлекеттік емес еңбек ұжымдарында бұл тіпті болмауы керек.
Микроорта факторлары: Нақты өндірістік жағдайды анықтайтын тікелек материалдық техникалық орта, оған еңбек жағдайлары мен ұйымдастырылуы кіреді;
Дау-дамайлы мәселелердің мән-жайын бағдарлап, оларды шешіп отыру, ең алдымен, жеке адамдар арасындағы, өзара түсіністікті орнықтыратын болса, ал ұжым атқаратын іс-әрекетердің онан әрі қарай жемісті жүргізілуіне де себепші болмақ. Сөйтіп адамдар арасындағы қарым-қатынас орнататын факторға айналады. Екіншіден, дау-дамайлы мәселелердің туындау себептері анықталып, оларды болдырмаудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері белгіленеді. Үшіншіден, бұрынғы кикіл+-жіңді қарым-қатынастардан бас тартып, енді өзгеше де тиімді қатынас орнатудың амал-тәсілдері қарастырылады. Төртіншіден, топтар мен ұжымды жаңа жардайларға бейімдеп қарым-қатынас орнатудың әдістері негізінде адамдардың бойында бұрыннан орын алған ашу-ызасы мен кекті пікірлерін ұмытып, нақты істерді атқаруға бағдарлайды. Бесіншіден, әрбір адамның өз бойындағы қадір-қасиеті мен кабілетінің сипаттарын ашып көрсетіп, оның кісілік ерекшеліктерінің беті ашылып, бойындағы күш-қуаты мен ақыл-ойының дамуына кеңінен жол ашылады. Корпоративтік саясатта негізгі ұстанатын бағыт дау-дамайлы мәселелердің туындауына жол бермеу, бола қалған жағдайда оны ушықтырмай, дер кезінде қалыпты жағдайға түсіру.
60. ӨНДІРІСТІК СЕГМЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРі. Өндірсті сегменттеу олар: фирма үшін жұмыс істеп, пайда алуға қолайлы; екі немесе одан да көп нарық сегменттерінің • өндірістік және коммерциялық іс-әрекет шеңберіндегі бизнестің инновациялық Микросегменттеу негізінде жергілікті (локальный) және жекелей маркетинг іске асырылыдаы. Сегменттеудің критерийлері мен қағидалары (белгілері) болады. Критерий - таңдап алынған нарық сегментін бағалайтын әдіс. Нарық - маркетинг әрекеттеріне байланысты мүдделер тоғысатын біртұтас құрамды орта. Ал қажеттеліктің нақты бағытына қарай ондағы болашақ тауарларды топтарға немесе түрлерге бөлу нарықты сегменттеу деп аталады.
Макросегменттеу - мұнда тұтынушылар жеке мемлекет, ірі аймақтар шеңберінде қарастырылады. Олардың табиғи-географиялық орталары, экономикалық потенциалы, шаруашылық құрамдары, жетекші басты салалары, технолгиялық даму деңгейі есепке алынады. Микросегменттеу - түрлерін белгілі бір мемлекеттің ішкі ерекшеліктеріне сәйкес бөледі. Онда экономикалық аудандардың кәсіптік бағдарға қарай мамандандырылуы, олардың жергілікті ерекшеліктері, сол жерді мекендейтін халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, салт-дәстүрлері мен өндіріс жаңалықтарына деген өзіндік көзқарастары сегмент құрамына жатуы мүмкін.Міндеттері: -сатып алушылардың тауарларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға;
-кәсіпорынның тауарларды шығару және өткізу шығындарын оңтайландыруға;
-маркетингтің тиімді стратегиялық бағдарламасын жасап шығаруға;
-толтырылмаған нарық кеңістіктерін табуға;
-сатып алушылардың мінез-құлқы туралы ақпараттарға сүйене отырып,
-кәсіпорын және оның тауарларының немесе идеясының бәсекедегі артықшылықтарын көбейтуге.
61.Crazy PR – это мощный эмоциональный инструмент, который заставляет конечную целевую аудиторию фактически «обалдеть» от того, что она увидит в рекламе. Этот инструмент заставляет бренд или продукт быть все время на слуху. Он шокирует, глубоко удивляет, но тем самым и притягивает к себе внимание зрителей и СМИ. При этом, Crazy PR делает упор именно на ненавязчивое рекламное сообщение, подкрепленное сногсшибательной картинкой.
62. Сұр PR. Сұр PR ақ пен қараның ортасынан шыққан деп айтуға келетін бағытты ұстанады. Ал сұр PR-дың не мақсат көздеп тұрғаны түсініксіздеу, жасырын болып келеді. Ол әлде бір жағдайды қолдайтын да сияқты, қолдамайтын да сияқты. Осындай әдісі арқылы сұр PR адиторияны өз уысына түсіріп алуды көздейді. Сұр PR да өсек тарату, нақтыланбаған деректерді ұсыну, сол арқылы қандай да бір компанияның немесе ұйымның жұмысына күдік келтіру сияқты әрекеттерді жүзеге асырады.
Сұр PR бір жағынан өзінің негізгі тегін көрсетпей тұратын жарнаманың да қызметін атқарады. Ол негізгі объектісі туралы жанамалай ғана айтып өтіп, ымдап көрсеткендей нышан танытады.
Википедияда сұр PR-ға мынадай анықтама берілген: «қара PR-ға қарағанда ол ашықтан ашық алдап-арбауды мақсат етпейді. Мысалы, қандай да бір тұлғаға немесе ұйымға қатысты қайғылы оқиға болғандығын баяндайды да, оның қандай ұйымның офисінде немесе офисінің жанында, кейде қандай да бір аты шулы тұлғаның туған ауылында болғандығы туралы баяндалады».
63. Қызғылт PR. Қызғылт PR-дың міндеті – өз объектісі туралы «ғажайып» нәрсені елестету, жарқын болашаққа сендіру. Ол қай тарапқа болса да қандай да бір зиян келтіруді мақсат етпейді. Қызғылт PR, әсіресе, қоғамда қандай да бір себептерге байланысты ауыр жағдай орныққанда қолданылады.
«Дамыған елдерде қандай ұйым болса да өзінің өткен шағы туралы тартымды тарих жасақтауға ерекше маңыз береді. Фирма туралы имидждік роликтерде оның өнімдері фирма өмірге келген кездерден басталған тарихымен қоса өріліп беріледі. Өйткені тұтынушының санасына «өткен шағы жоқтың болашағының болуы да екі талай» деген стереотип әбден орнығып қалған.
Фирманың өмір сүріп кетуі жолында құрбандықтардың болғаны барынша айқын көрініс табуы керек. Онсыз тұтынушылар сіздің аңызыңызға сене қоймайды.
шындыққа жанастыра, тарихи деректерді саралай, біреудің ашу-ызасына тиіп кетпей құрастырғанда ғана ол қызғылт PR-дың қызметін атқара алады.
64. Баспасөз парағы. Пиар тарихында баспасөз парағын таратуды кімнің қай кезде бастағаны туралы дерек жоқ. 19-ғасырдың соңында Американың ірі теміржол компаниялары осы бағыттағы ақпараттық хабарламалар таратуды қолға алғандығы туралы ғана дерек бар. Ал 20 ғасырдың басында “Ohio Bell Telephone” атты компания «баспасөз парағын таратсаңыз, журналистердің сізді мазалауынан құтыласыз» деп баспасөз-парағының уақыт үнемдеудегі маңызына сілтеме жасапты. Ал бүгінгі таңда баспасөз парағы – ақпарат таратуда қолданылатын ең ұтымды технологияның бірі. Бұл – баспасөз парағының ақпаратты түзушіден ақпаратты таратушыға дейін жүретін жолының жалпы көрінісі.Жаңалық дегеніміз – әлі еш жерде ешкімге айтылмаған, аудитория әлі білмейтін, бірақ білуге белгілі бір дәрежеде мүдделі болатын ақпарат. Жаңалық жұртшылыққа не үшін керек?
БАҚ үшін ақпараттың оқырман үшін қызықты және маңызды болуы – басты шарт. Сондықтан да РR маманы материалдың баспаға жарамдылығын объективті түрде бағалауы тиіс.
РR-мәтінде бір сөйлемдегі сөздердің саны 10-12-ден аспағаны жөн. Нашар жазылған баспасөз парағы тек БАҚ-пен қарым-қатынас үшін жаман болып қана қоймай, сондай-ақ мұндай релизді жіберген ұйым туралы жағымсыз пікірдің қалыптасуына да себепкер болады.
-Қалай болса да жаңалықтық релиз жарнамаға ұқсамау керек. Жаңалықтық релизді жазуды үйренудің қарапайым жолы – газеттерді мұқият оқу» дейді [2. 115-125].
Зерттеушілер БАҚ-пен байланысты жақсартудың төрт факторын айқындаған:
1. Баспасөз парақтары жорналшылар қолданылатын стильде жазылуы керек, ол эссе, сұрақтарға жазбаша жауап немесе негізгі мақала стилінен елеулі ерекшеленеді
2. Релиздер қолжазба түрінде жіберіліп, оны жіберетін хатшылар білікті болуы тиіс. 3. Баспасөз парағының мәтіні өзі жіберілген БАҚ-тың ұстаным-бағытына сай келуі керек. Техникалық басылымға арналған техникалық материалдарда дұрыс терминологияны қолдану қажет. Ал қызмет орындарына жаңа тағайындаулар туралы бір-екі жол жазатын газетке бизнесменнің өмірбаянын жіберудің қажет жоқ.
4. Баспасөз парағы өз уақытында басылу үшін оларды мұқият іріктелген басылымдарға алдын-ала жіберіледі
тақырып: әңгіме не туралы?
ұйым: ұйымның аты қандай?
орналасуы: ұйым қайда орналасқан?
артықшылықтар: жаңа не ұсынылады және оның нендей пайдасы бар?
қосымша: кім тұтынады?
өнім туралы нақты мәліметтер – өлшемдері, түстері, бағалары қандай, кім орындайды және т.б.
7. бас офистің орналасқан жері – бас офистің мекен-жайы көрсетілуі тиіс.
65. Пресс-кит. Пресс-кит – бұл бұқаралық ақпарат құралдарына тарату үшін жасақталатын ақпараттық құжаттар кешені. Оның құрамында ұйым туралы немесе белгілі бір жоба әлде жеке тұлға тура – қысқасы PR-объекті туралы мәтіндік, аудио және визуалды құжаттар жиынтығы. Бұл құжаттар негізінен көрмелерде, дөңгелек үстел өткізілгенде, пресс-турларда, кездесулерде, акционерлердің бас қосуларында таратылып беріледі. Пресс-кит дайындаудағы мақсат – оқиға немесе қандай да бір саяси немесе экономикалық немесе халықаралық шара, жоба, өнім, жеке тұлға туралы БАҚ өкілдерін нақты деректермен хабардар ету. Пресс-кит те PR-объекті туралы жан-жақта ақпараттар беріледі, оның нақты бір ұжымда болып жатқан жаңалықтар, оның өндірген өнімі туралы, тағы да басқа қызмет көрсетулер жайында, мекеменің немесе өнімнің тарихы туралы да деркетер барынша тартымды етіп баяндалады.
Пресс-кит құрамында мынадай құжаттар болады:
- іс-шара бағдарламасы;
- баспасөз парағы;
- басшының немесе PR-объекті ретіндегі жеке тұлғаның өмірбаяны;
- брошюра;
- деректер парақшасы;
- шақырылған қонақтар тізімі;
- іс-шараға басшылық ететін жауапты адамдармен сұхбат;
- БАҚ өкілдеріне арналған өтініштер мен тілек-талаптар.
Пресс-киттің қандай іс-шараға арналып отырғандығына байланысты оның құрамындағы құжаттар қатарына шараның өткізілетін орнының карта-схемасы да кіреді.
66.Ньюс-кит – белгілі бір іс-шараның өткізілуіне орай жасақталатын құжаттар салынған арнайы папка. Оның ішкі жағында іс-шара материалдары салынатын қалташалары болады, олардың сыртына әдетте баспасөз мәслихатына қатысатын тұлғалардың визиттік карточкалары қыстырылып қойылады.
Коммерциялық емес ұйымдар баспасөз мәслихатын өткізген кезде өткізілгелі отырған іс-шараға қаржылық немесе ақпараттық қолдау көрсеткен коммерциялық ұйымдар мен БАҚ-тардың логотиптерін ньюс-киттің ішкі немесе сыртқы жағына орналастырады. Ал олардың қатарында нарыққа көптеген өнімдер сериясын шығаратын коммерциялық ұйымдар бар болса, бұл ұйымның логотипімен қоса, олар өндіретін өнімдердің сауда маркаслары да көрсетіледі.
Ньюс-китке салынатын құжаттар негізінен мыналар:
медиа-китке салынған құжаттардың тізбесі көрсетілген парақша;
осы іс-шараға шақыру қағазымен қоса жіберілген меди-релиз;
өткізілетін іс-шара туралы кеңірек ақпарат беретін медиа-релиз, мұндай медиа-релиздер осы шара туралы көлемді материалдар даярлайтын журналистерге арналады;
осы іс-шараны өткізуге жауапты тұлғалардың өмірбаяндық қысқаша деректері;
іс-шараға қатысатын ұйымдар өкілдерінің сөйлейтін сөздерінің мәтіндері;
бэкграундер немесе деректер парақшасы;
іс-шараның тақырыбына байланысты парақшалар немесе брошюралар;
мекеменің паблик рилейшнз бөлімі жарыққа шығаруға даярлаған мақалалалар мәтіні;
фотосуреттер, кестелер, сызба көрсеткіштер;
іс-шараға қатысатын ұйымдар өкілдерінің визит-карточкалары;
өнімнің жарнамалық шағын кескіндері, фирма туралы CD-дисклері ;
фирманың логотипі бар естелік блокноттар, қалам, пластик қалталар.
67. Лоббист қызметі Лоббистер қызметінің бүгінгі таңда да өзекті болып отырғандығының басты себебі парламенттегі партиялар қоғамдағы саяси және әлеуметтік жағдайлардың иірімдеріне көп бойлай бермейді. Лоббистік топтар солардың назарынан тыс қалып жатқан шешімін күткен мәселелерді көтереді. Билікке ықпал етудің партиялық және лоббистік жүйесі өркениетті, құқықтық, демократиялық мемлекетте әлеуметтік және басқа да мүдделер мен қажеттіліктердің дер кезінде жүзеге асырылуына мүмкіндік береді. Бүгінгі таңдағы лоббизм – бұл жабық жағдайдағы іс-қимыл ғана емес, ол деректемелер жүйесі, тиісті заңдылықтарды қабылдаттыруға қоғамның әртүрлі саласындағы қоғамдық игілікті жасап жатқандардың әрқайсысы өз саласы бойынша ұсыныс айтып, талаптар қою арқылы қатыса алуының механизмі, дәлелдемелер мен деректер жүйесі.
Лоббистік ұйымдар негізінен жеке меншік институттар болып келеді. Олар парламенттердің жанынан немесе үкіметке қолжетімді жағдайда ұйымдасады. Бірақ лоббистік ұйымдар толықтай өздерін өздері қаржыландыруы тиіс.
Бүгінгі таңдағы лоббизм жан-жақты дамыған, оның қазіргі кездегі талаптарына сай түрлі формалары мен әдіс-тәсілдері де жеткілікті. Олардың ішіндегі әлемдік тәжірибеде ең жиі қолданылатын технологиялары мыналар:
ақпарат жинау;
ақпаратты заң шығарушыларға ұсыну;
Парламенттің белгілі бір мәселеге қатысты отырыстарына қатысуға рұқсат алып, көзделіп отырған мәселе бойынша баяндама жасау;
дайын заң жобаларын ұсыну;
заң жобаларын даярлауға қатысу;
бұл қарастырылып отырған заң жобасы нақты бір депутаттың оның сайлау округінде қандай жағдай туғызуы мүмкіндігі туралы сол депутатқа ақпарат беру;
ресми емес байланыстар орнату;
үгіт-насихат кампаниясын ұйымдастыру;
хат жазу, телефон соғу, жедел хат жіберу;
сайлау науқанын қаржыландыру;
сайлау науқанын өткізуге қатысу;
беделді сайлаушылар арқылы заң шығарушыларға ықпал ету;
бірнеше ұйымның біріккен лоббизмі (ұжымдық лоббизм);
мемлекеттік лауазымды қызметке тағайындау үдерісіне ықпал ету;
ведомстволарды саяси жағынан қолдау;
