Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онайгул апай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

46. Айви Лидің қағидасы

Айви Ли қандай да бір ұжым не мекеме үлкен сынға ұшыраса, одан шығудың жалғыз ғана қадамы өзі жайлы шын және нақты ақпарат беру екендігін түсіндірді.

47.Қарашы қызметі және оның мысалдары

Қазақтың «қарашы» деген көне сөзі бар. академик Рабиға Сыздықова «Сөздер сөйлейді» атты зерттеу еңбегінде былай деп келтіреді: «Қарашы сөзі көбінесе хан сөзімен қатар жүреді: «Хан – қазық, қарашы - азық», «Хан қасында қарашың болса, Қара жерден кемең жүрер», «Ханды құдай алайын десе, қарашысымен қас болар», «Ханның ісі қарашыға да түседі». Бұл мақал-мәтелдерге қарағанда қарашы – хан қасындағы адам, яғни қарашы сөзі ханды сағалаған, соған қызмет еткен, соған бағынышты, бірақ саяси-праволық және экономикалық жағынан басы азат қоғамдық топ уәкілі дегенді білдірген. ... мақал-мәтелдердің ішіндегі «Хан қасында қарашың болса, Қара жерден кемең жүрер» деген мақал бүгінгі PR маманы қызметінің дәл мағынасын беріп тұр. Жұртшылық пен басшылықтың арасының кілтін тауып байыппен тіл табыстырса, «қара жерден кеме жүрердей» болып, қандай бір қиын іс те оңға басады дегенді айтып тұрған бұл мақал бұқарамен байланыстың қандай жолдардан өтіп келгендігін көрсететін нақты дерек. Осыған қарап «қарашы» деген сөздің түп-төркіні «қара халықпен жұмыс істейтін адам» деген мағынадан бастау алатын болар деп те пайымдай аламыз. Бұл сөздің «қара, қарау» етістігімен байланысы да болуы мүмкін. «Қараушы, байқаушы, бақылаушы», яғни, жан-жақтағы жағдайды бақылау, қалың көпшіліктің ішінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды немесе қара халықтың көңіл ауанын бақылау қызметін атқарушы адам деген мағынаны да беріп тұр дей аламыз. Махамбет кезінде Жәңгір ханның сарай ақыны болған еді. Сарай ақынының міндеті – ханның халық алдындағы жағымды образын жасау. Махамбет солай жасады да. Бірақ ел ішінің ауыр жағдайы мен саяси мәселелердегі хан мен екеуінің келіспеушілігінен Махамбет халықтың жоқшысы болып, ханның қысымынан зардап шегіп отырған халық жағына шығып кетті. Жай-қоныстан айрылып, Мен бір қаңғып жүрген қарашы, - деген жолдар соның куәсі. Демек, қоғаммен байланыс ежелден өзіндік ұғымдар жиынтығын құраған, өмір сүру қағидаттарын бойына жинақтаған ғылым.

48.Баспасөз хатшысының жұмысы және оны ұйымдастыру

Баспасөз хатшысы. Президент, премьер-министр немесе белгілі бір мемлекеттік орынды иеленген басқа тұлға не басқа саяси қайраткердің бұқаралық. ақпарат құралдарымен байланысын жүзеге асыратын және оның сол немесе басқа мәселе бойынша көзқарасын жариялайтын өкілі.

баспасөз хатшының атқаратын қызметін 3 негізгі бөлімге бөлуге болады:

Ақпараттық

Қоғамдық-саяси

Басқарушылық

Ақпараттық қызметке баспасөз хатшының өз мекемесіне байланысты барлық ақпараттарды иелену процессі, қажет болған мәліметтерді БАҚ өкілдеріне тарату ісі жатады.

Қоғамдық-саяси қызметі – қоғамның назарынан тыс қалмау, яғни әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастыру мақсатында мекеменің саяси функцияларын айқындау және оның ішкі/сыртқы жүйесін анықтау сияқты жұмыстар қарастырылады.

Басқарушылық қызметі – мекеменің жұмысын үнемі нысаналы түрде үйлестіріп отыруды талап ететін құбылыс ретінде қабылданады.

49.ПР-шыға қойылатын талаптар.

PR маманы өзінің жұмысын алға бастыру үшін көзбояушылыққа, екіжүзділікке, сатқындыққа жол бермеуі тиіс. Қоғаммен байланысорнату барысында тілі майда, сөзі жұмсақ,жүзі жайдары болуы керек. Сонымен қатар, PRмаманы барлық әдеп нормаларын меңгерумен қатар үлкен психолог бола білуі керек:қоғамда әртүрлі адамдар,адамдар тобы болады, әртүрлі пікірлер мен

мінездер тоғысып отырады, ал ПР маманы осы механизмді басқарып отыратын тетікке айнала білуі керек. Осы мақсатқа қабылданған кодекстер қызмет етеді.Алайда,егжей-тегжейлі қабылданған кодекстің өзі PR маманының аяқ-асты тап болған оқиғасына түсінік бере алмауы мүмкін. Бұл кезде тек PR маманының кәсіби этикасымен ар-ұяты ғана маңызды рөл атқаруы мүмкін. PR маманының этикасы – қоғамда, әлеуметтік ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі тұлғалар, ұжымдық топтармен арадағы қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан оның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Қоғам жәнехалық арасындағы үлкен жауапкершіліктің өзі PR маманына моральдық-этикалық және имани игі қасиеттерді игеруін талап етеді. PR маманы этикасының қалыптасу негізіне келсек, ол өз халқының озық дәстүрінен нәр ала отырып, имандылыққа бой түзеп, қоғамдық

мейірбанды да салауатты ортада тәлім-тәрбие алып, өсіп-жетілуге тиіс.

PR маманы - шындыққа сүйене отырып, дұрыс мәліметті халыққа жеткізуші. Пиар маманының мінез – құлқы мен әдебінің жоғары дәрежеде болу маңыздылығы оның атқаратын қызметі мен үнемі қоғаммен байланыс пен қатынаста болуымен анықталады.