- •2. Дағдарыстың түрлері
- •3.Пиар дегеніміз не?
- •7.Халықаралық қатынастар pr-ы
- •8.Қара пиардың психологиялық ықпалы
- •10. Лоббистке қойылатын талаптар:
- •17. Саяси pr міндеті.
- •25.Стрингер – независимый (внештатный) репортёр.
- •29.Маркетинг және оның міндеті
- •33. Мақсатты аудитория
- •32. Пиардың негізгі аудиториясы
- •37. Спин-торнадо операциясы.
- •38.Корпоративтік имиджді құрайтын негізгі элементтер.
- •46. Айви Лидің қағидасы
- •47.Қарашы қызметі және оның мысалдары
- •48.Баспасөз хатшысының жұмысы және оны ұйымдастыру
- •50. Қоғаммен байланыс саласындағы зеттеулер.
- •51.Pr концепциясының дамуы
- •52.Қоғамдық байланыстың ақпараттық-құқықтық базасы
- •53. Қоғаммен байланыс қызметінің негізгі құрамдас бөліктері
- •54. Хvii-XX ғасырдағы қоғаммен байланыс
- •59. Корпоративтік саясатты әзірлеу, түсіндіру және талдау
- •68. Лоббистке қойылатын талаптар:
32. Пиардың негізгі аудиториясы
Аудитория - [лат. audio - естимін] - тікелей мағынасында "тыңдаушы топ", яғни, сөзді тындаушы, қабылдаушы топ. Аудиторияның қазіргі ұғымы бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси коммуникация аудиториясы ретінде түсініледі. Мұндай аудиторияның ерекшелігі - оның кеңістігінің шектелмегендігінде. Ал, мақсатты аудитория дегеніміз-тауар немесе белгілі бір қызмет түрін таратуда басты назарға алынатын адамдардың тобы. Мақсатты аудиторияның болуымен өнім түрінің нарыққа жылжуы жеңіл түрде жүзеге асады. Осы орайда көптеген компания, өндіріс ошақтарының маркетинг бөлімдері мақсатты аудиторияны анықтауда түрлі шараларға жүгінеді.
Мақсатты аудиторияның түрлері
Қазіргі уақытта мақсатты аудиторияның екі түрі бар:
- бизнес саласындағы мақсатты аудитория (b2b – бизнес үшін бизнес);
- жеке тұтынушыларға арналған мақсатты аудитория (b2c – жеке тұтынушыларға арналған бизнес).
33. Мақсатты аудитория
мақсатты аудитория дегеніміз-тауар немесе белгілі бір қызмет түрін таратуда басты назарға алынатын адамдардың тобы. Мақсатты аудиторияның болуымен өнім түрінің нарыққа жылжуы жеңіл түрде жүзеге асады. Осы орайда көптеген компания, өндіріс ошақтарының маркетинг бөлімдері мақсатты аудиторияны анықтауда түрлі шараларға жүгінеді.
Мақсатты аудиторияның түрлері
Қазіргі уақытта мақсатты аудиторияның екі түрі бар:
- бизнес саласындағы мақсатты аудитория (b2b – бизнес үшін бизнес);
- жеке тұтынушыларға арналған мақсатты аудитория (b2c – жеке тұтынушыларға арналған бизнес).
34. Ақ ПР.
ақ пиар оған керісінше сайлау алдындағы кандидаттың жағымды жақтарын халыққа жеткізіп, халықтың көп мөлшерлісінің сеніміне ие болу ақ пиардың мақсаты болып табылады
35. Дағдарыс технологиясының бірі. Дағдарысты технологиялар - кейін шегінер жолды алдын ала ойластырып қойып, дағдарысты жағдайды әдейі ойдан шығару. Әсіресе, дәстүрлі мәдениеттегі елдерде тиімді. Дағдарыс нәтижесінде және ақпаратты қарқынды әрі жеделдетілген тәртіпте жүргізу барысында күйзелісті жағдай туады. Көптеген көзқарастар мен құндылықтар қайта қаралады, сананың қозғалмалылығы артады, дәстүрлі құндылықтарға сүйену жоғалады, нәтижесінде жаңа құндылықтар жүйесін енгізу оңайға түседі. Дағдарыс туралы журналистердің:
Неге бұлай болды?
Бұған кім жауапты?
Неліктен басталды?
Енді не істеліп жатыр?
Не істелмей жатыр? деген сұрақтардың барлығына жауап беру ең қиыны болып саналады.Сондықтан пиаршы оның жауаптарын тез арада дайындап қоюы керек.Тіпті тиісті адамды да дайындап кою керек.Журналистің қисық сұрақтарына бола олармен ұрыс шығарудың, камераларды сындырудың қажеті жоқ. Сіз алғашқы сәттегі сұрақтарға арнайы комиссия құрылғандығын, оны бәлен деген адамның басқарып, іске кірісіп жатқандығын, комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы бәлен ақпарат бере алатыныңызды ,әзірге нақты бір нәрсе айтудың қиындығын, жобалап болса да ештеңе айта алмайтыныңызды айтсаңыз да сұраққа жауап болып табылады.
36. ПР қызметі. PR маманы міндеті өзінің жұмысын алға бастыру үшін көзбояушылыққа, екіжүзділікке, сатқындыққа жол бермеуі тиіс. Қоғаммен байланысорнату барысында тілі майда, сөзі жұмсақ,жүзі жайдары болуы керек. Сонымен қатар, PRмаманы барлық әдеп нормаларын меңгерумен қатар үлкен психолог бола білуі керек:қоғамда әртүрлі адамдар,адамдар тобы болады, әртүрлі пікірлер мен мінездер тоғысып отырады, ал ПР маманы осы механизмді басқарып отыратын тетікке айнала білуі керек. Осы мақсатқа қабылданған кодекстер қызмет етеді.Алайда,егжей-тегжейлі қабылданған кодекстің өзі PR маманының аяқ-асты тап болған оқиғасына түсінік бере алмауы мүмкін. Бұл кезде тек PR маманының кәсіби этикасымен ар-ұяты ғана маңызды рөл атқаруы мүмкін. PR маманының этикасы – қоғамда, әлеуметтік ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі тұлғалар, ұжымдық топтармен арадағы қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан оның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Қоғам жәнехалық арасындағы үлкен жауапкершіліктің өзі PR маманына моральдық-этикалық және имани игі қасиеттерді игеруін талап етеді. PR маманы этикасының қалыптасу негізіне келсек, ол өз халқының озық дәстүрінен нәр ала отырып, имандылыққа бой түзеп, қоғамдық
мейірбанды да салауатты ортада тәлім-тәрбие алып, өсіп-жетілуге тиіс.
PR маманы - шындыққа сүйене отырып, дұрыс мәліметті халыққа жеткізуші. Пиар маманының мінез – құлқы мен әдебінің жоғары дәрежеде болу маңыздылығы оның атқаратын қызметі мен үнемі қоғаммен байланыс пен қатынаста болуымен анықталады.
