Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-сынып е мтихан мәтіндер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125 Кб
Скачать
☆

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы

Мемлекеттік ту - көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанды білдіреді және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

Қырқынан шығару – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін (алғашқы кигізілген жейдесі) шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастарқан жайылады.

Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауына кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылып, дастарқан жасылып, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.

Бесікке салу

Бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да қазақ халқның елеулі дәстүрінің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар жабады. Бесікке салған адамға «бесікке салар», яғни кәделі сый беріледі.

Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу, ширақ болады. Сондай–ақ бесік баланы суық пен ыстықтан да қорғайды. Пәле – жаладан сақтасын деп, оған тұмар, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі сияқты заттар тағып қояды.

Қазақ тілін зерттеген ғалымдар

В.В.Радлов – есімі әлемге әйгілі түрколог, шығысты зерттеуші ғалым. Ол Берлинде туған. Сол елде білім алып, кейін Ресейге келіп, қалып қойған.

1884 жылы орыс академиясына мүше болды. Он жыл бойы Сібір, Алтай, Қырым, Түркістанды аралап, ондағы халықтардың әдеби мұраларын жинайды. В.Томсенмен бірге Орхон-Енисей жазуын оқиды. Орты Азияны зерттейтін ғылыми комитетке басшылық жасайды. Нәтижесінде он бір томдық «Түрік тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері» атты еңбегі жарияланды, төрт томдық «Түрік тілінің сөздігін» құрастырады.

Академик В.В.Бартольд - шығыстану ғылымның аса көрнекті өкілі, әйгілі тарихшы. Ол Орталық Азия мен Орта Азия тарихын зерттеген.

Ол 1893-1894 жылдары Жетісу өлкесінде болып, парсы және шығыстың әдеби мұраларымен танысады. Соның негізінде «Жетісу тарихының шежіресі» еңбегін жазады. Бұл еңбегінде қазақ, тәжік, қырғыз, түркімен, өзбек халықтары туралы көп фактілер, оқиғалар берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]