Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-сынып е мтихан мәтіндер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125 Кб
Скачать
☆

Шешендік сөздер

Қазақ ауыз әдебитінің бір саласы - шешендік сөздер. Шешендік сөздер - елге белгілі адамдардың белгілі бір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері. Ол сөздер өткір, көңілге қонымды болған. Елге тез тарап, ауыздан-ауызға көшіп сақталып отырған.

Шешендік сөздер дауларға байланысты туған. Ондай дауды қазақ тұрмысында негізінен билер шешіп отырған. Сондықтан да шешендік сөздерді айтушылар көбінде билер, шешендер болып келеді. Шешендік сөздер дау-тартыстардағы айтылатын айтыстармен ғана шектелмеген. Бата-тілек, нақыл сөздер түрінде де айтылып отырған.

Шешендік сөздерде халықтың бастан кешкен оқиғалары, ақыл-ойы, арман-тілегі бейнеленеді, тілінің байлығы байқалады.

Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды, бірлікке, татулыққа, үлкен-кішіні сыйлауға шақырады.

Ертеде қазақ халқының билік айту деген дәстүрі болған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен даулы мәселелерді шешкен. Олар ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтек би.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]