- •Шоқан Уәлиханов
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
- •Бесікке салу
- •Қазақ тілін зерттеген ғалымдар
- •Ежелгі қалалар
- •Түркістан
- •Қазақтың қолөнер туындылары
- •Музыка аспаптары
- •Ұлттық киім
- •Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
- •Ә.Қастеев - атақты суретші
- •Гульфайрус Исмайлова
- •Қазақтың билері
- •Түркістан
- •Абайдың мұражай үйі
- •Кино өнері
- •Шәкен Айманов
- •Шешендік сөздер
Гульфайрус Исмайлова
Қазақ суретшісі, театр және кино суретшісі Гульфайрус Исмайлова 1929 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келді. Қаз.КСРО (1965) өнер қайраткері. 1949 жылы Алматы көркем өнер училищесін бітіріп, 1956 жылы Репин атындағы Ленинградтық мүсін және сурет, архитектура институтын аяқтады.
Г.Исмайлова «Құрмет белгісі» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ол - қазақ өнерінің қылқалам шебері, әрлеуге аса мән берген көркем өнер қайраткері. Оның туындылары шетел мемлекеттеріне де белгілі біртуар суретшілердің бірі.
Қазақтың билері
Ертеде қазақ халқының билік айту деген дәстүрі болған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен даулы мәселелерді шешкен. Олар ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтек би.
Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Кіші жүздің биі. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып, сауатын ашқан.
Қаз дауысты Қазыбек би. Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII–XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүздің биі. Ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер берген.
Түркістан
Түркістан — Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (XVI—XVIII рғ.) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Кейін Қазақ хандығының ордасы болады. Қасиетті Түркістанды "Екінші Мекке" деп атаған.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген.
Қазір Түркістан — тарихи және туристік кала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне барады. Бұл кесене — сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден жөне сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында "қырық төрт бөлмеден тұратын "қылует" деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан каласы Қожа Ахмет Йассауи атымен әлемге әйгілі болды. Бүгінгі Түркістан — туристердің назарын аударып отырған қала. Мұндағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан каласында туризмнің дамуына мүмкіндіктер мол. Туризмді экономиканың бір саласы деуге болады.
Әбу Насыр Әл-Фараби
Әл-Фараби – дүние жүзіне әйгілі, ұлы ғалым, энциклопедияшы.
870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені маңында, Фараб қаласында дүниеге келді. Оның балалық шағы Сырдария бойында өтті. Әбу Насыр Әл-Фараби білімін жетілдіру үшін Бағдат қаласына келді. Мұнда ол Аристотель, Эвклид, Прометей еңбектерін оқып үйренді.
Әл-Фараби - 25-30 жас шамасында құнды-құнды еңбектер жазды.
Еңбектері: «Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», математика, астрономия, музыка мәселелерімен де көп айналысқан.
Замандастары және шәкірттері оны «екінші Аристотель», «Екінші ұстаз» деп атаған.
Әл-Фараби - аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы және ақын болған. Ол домбыра, қобыз секілді аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық шығарма жазған.
