- •Шоқан Уәлиханов
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
- •Бесікке салу
- •Қазақ тілін зерттеген ғалымдар
- •Ежелгі қалалар
- •Түркістан
- •Қазақтың қолөнер туындылары
- •Музыка аспаптары
- •Ұлттық киім
- •Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
- •Ә.Қастеев - атақты суретші
- •Гульфайрус Исмайлова
- •Қазақтың билері
- •Түркістан
- •Абайдың мұражай үйі
- •Кино өнері
- •Шәкен Айманов
- •Шешендік сөздер
Қазақтың қолөнер туындылары
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Олардың өз технологиясы бар.
Алаша
Қазақтың киіз үйіне лайықталып жасалған үй жиһаздары болған. Олар - кебеже, әбдіре, жүк аяқ, жастық ағаш. Төселетін бұйымдар: алаша, текемет, сырмақ. Алаша - жүн жіптерінен тоқылатын төсеніш. Олар әр түрлі түске боялған мақтадан тоқылады. Алаша, текемет - қазақ тұрмысына жиі қолданылатын мүлік . Алаша, текеметтерді тоқу әдістері: түрлі-түсті жіптерді жарыстыра жолақтап тоқып, түрлі-түсті жіптермен өрнектер түсіреді. Ертеде қазақ әйелдері бірде киіз, сырмақ, текемет, алаша басқан, бірде кілем тоқыған, бірде киім тіккен.
Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы
Араб алфавиті 1072-1929 жылдар аралығында қолданылды. Араб алфавитінен жалпы түркіге ортақ жаңа алфавитке көшу қажеттілігі жайында Орта Азия республикаларының көптеген ғалымдары өзара пікір алысты.
Латын алфавиті – көне және халықаралық алфавит. Онымен ағылшындар, итальяндықтар, француздар, немістер жазады. Латын алфавиті 1928-1929 жылдары Қазақстанда, Әзербайжанда, Өзбекстанда, Татарстанда кеңінен қолданыла бастады. Сөйтіп 1929-1939 жылдары Қазақстанда жаңа алфавитке көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болды.
Орыс алфавиті негізінде қазақ әріптерін жасау 1939 жылы қолға алынды. Жаңа алфавитке көшуге тіл білімінің көрнекті өкілдері ғалымдар С.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев және тағы басқалар белсене қатысты.
1939 – 1940 жылдары түгелдей орыс алфавитіне көшу туралы үкімет арнаулы қаулы қабылдады.
Музыка аспаптары
Музыка - ән, әуен, ырғақ арқылы адамның жан сырын бейнелейтін көркемөнер саласы. Музыка дыбыстардан тұратын, сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнердің бір түрі.
Музыка аспаптарының мұражайлары көптеген елдерде бар. Қазақ музыка аспаптары мұражайында «өлі» экспонат жоқ. Мұнда әр музыкалық аспаптың үнін естуге, ойнау тәсілімен танысуға болады. Музыкалық аспаптардың ойналу сипатына, дыбысына қарай төрт топқа жіктелген. Ішекті аспаптарға домбыра, қобыз, сазген, жетіген, адырна , үрмелі аспаптарға сыбызғы, керней, сазсырнай, уілдек, қамысссырнай, үскірік жатқызылады. Ал дабылды–шулы аспаптар тобына дабыл, тоқылдақ, асатаяқ, қоңырау, дауылпаз және тұяқтас жатады. Сарнамалы аспаптарға ауызсырнай, сырнай жатқызылады.
Домбыра – қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын аспап. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан немесе құрап жасалады.Домбыра екі ішекті, кейде үш ішекті болып келеді.
Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. Домбыра күйлері — қазақ хақының ішкі жан дүниесін суреттейтін туынды.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
(1873—1938)
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады.
Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882—1884 жылдары ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтьш мектепте білім алады.
1913—1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы болады. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды.
Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілінің қазақ тіл білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың әліпбиін жасады. Оның "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) еңбектері бар. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды.
