Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гомеопатия 5 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
255 Кб
Скачать
☆

Табиғаты әртүрлі сұйық заттардан дәрілік ысқыланған ұнтақтар дайындау

§ 8

§ 8 Бойынша ысқыланған ұнтақтар сұйық дәрілік заттардан дайындалады.

Дәрілік заттардың сұйық ерітінділерінен ысқыланған ұнтақтар § 7 келтірілген салмақтық бөлшектер қатынасында дайындалады.

Дәрілік сұйылту аз мөлшерде дайындалғанда сулы ерітіндіден 2 тамшы немесе спиртті ерітіндіден 4 тамшы алынып 9,9 г сүт қантымен, § 7 келтірілгендей, ысқыланады.

Дәрілік зат мөлшері 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.

§ 9

Эссенция мен тинктурадан ысқыланған ұнтақтар (тритурация) дайындау

§ 9 Бойынша ысқыланған ұнтақтар негізгі эссенциялар мен тұрындылардан дайындалады.

Эссенциялар мен спиртті тұрындылардан ысқыланған ұнтақтар дайындау, сұйық дәрілік заттардан дайындау секілді, яғни § 7 келтірілгендей, препараттың белгілі мөлшері сүт қантымен ысқыланады.

а) § 1 және § 2 бойынша дайындалған эссенцияның 2 бөлігі сүт қантының 99 бөлігімен ысқыланады, бұл 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.

б) § 3 бойынша дайындаған эссенцияның 3 бөлігі сүт қантының 99 бөлігімен ысқыланады, бұл 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.

в) § 4 бойынша дайындалған тұрындының (тинктура) 1 бөлігі сүт қантының 99 ысқыланады, , бұл 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.

ОНДЫҚ ШКАЛА ЖӘНЕ ЖҮЗДІК ШКАЛА

Дәрілерді ондық шкала бойынша дайындау жоғарыдағы 1- 9 параграфтарда көрсетілген ережелер талаптарына сәйкес дайындалған негізгі дәрілік заттарды сұйылту немесе ысқылау арқылы жүргізіледі.

Сұйылту немесе ысқылау 2 шкала бойынша жүргізіледі:

  1. Ондық шкала. 2. Жүздік шкала

Ондық сұйылту «Д» орыс, ал қазақ тілінде «О» немесе «Х» әріптерімен, ал жүздік сұйылту «С» орыс, ал қазақ тілінде «Ж» әрпімен немесе араб цифрімен көрсетіледі.

  1. Ондық сұйылту шкаласы

Дәрілерді ондық шкала бойынша дайындау келесі негізгі принцип бойынша жүргізіледі:

Бірінші ондық сұйылту бастапқы дәрілік заттың 1/10 бөлігінен тұрады. Әрбір келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудың бір бөлігінен және индифферентті заттың (су, спирт, қант) 9 салмақтық бөлігімен дайындалады.

  1. Жүздік сұйылту шкаласы

Дәрілерді жүздік шкала бойынша дайындау келесі негізгі принцип бойынша жүргізіледі:

Бірінші жүздік сұйылту бастапқы дәрілік заттың 1/100 бөлігінен тұрады. Әрбір келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудың бір бөлігінен және индифферентті заттың (су, спирт, қант) 99 салмақтық бөлігімен дайындалады.

Бұл гомеопатиялық ережелер барлық гомеопатиялық және Мемлекеттік Фармакопеяның 9-шы басылымындағы кейбір құралдарды да дайындауда сақталынады.

Сонымен оныншы және жүзінші шкаланы салыстыра отырып олардың құрамына кіретін дәрілік заттың мөлшерін білеміз:

Ондық шкала Жүздік шкала

1х – 1/10

2х – 1/100 1. – 1/100

3х – 1/1000

4х – 1/10 000 2. - 1/10 000

5х – 1/100 000

6х – 1/1000 000 3. – 1/1 000 000

7х – 1/10 000 000

8х – 1/100 000 000 4. – 1/100 000 000

9х – 1/ 1000 000 000

10х – 1/10 000 000 000 5. – 1/10 000 000 000

ӘРТҮРЛІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДАН СҰЙЫЛТУЛАР ДАЙЫНДАУ

Сұйылтулар дайындау кезінде келесі технологиялық үрдістерді дәлме-дәл сақтау керек.

А. Сұйық заттарды сұйылту

Сұйық заттарды (жоғарыдағы 1- 9 параграфтарда көрсетілген ережелер талаптарына сәйкес дайындалған ерітінділер, эссенциялар, тинктуралар) сұйылту күн сәулесінен қорғалған бөлмелерде дайындалады. Сұйылтуға арналған сауыттар көлемі дайындалатын сұйылтулар көлемдерінен 1/2, 1/3 есе артық болуы керек.

Дәрілік заттың аты мен сұйылту дәрежесі дайындауға қолданылатын сауыттың тығынына және сауытта көрсетіледі. Демек жүздік сұйылту дәрежесінің алдында «С» әрпімен немесе араб цифрімен, ал ондық сұйылту «Д» немесе «Х» әріптерімен көрсетіледі.

Егер сұйылтуға қажет зат көп мөлшерде алыну керек болған жағдайда оның мөлшері салмақтық өлшеммен, ал аз мөлшерде болса - тамшылар санымен алынады.

а) Ондық шкала бойынша:

Д1-ден Д30 дейінгі сұйылту зат аттары мен дәрежесі көрсетілген шынылардың Д2 бастап әрқайсысы 45° этил спиртінің 9 салмақтық бөлігімен толтырылады. Эссенциядан бірінші ондық сұйылту тиесілі параграфта көрсетілген ереже бойынша дайындалады. Әрбір келесі сұйылту жоғары-төмен 10 рет екпінді шайқау арқылы дайындалады, содан кейін осы дайындалған сұйылтудың 1 салмақтық бөлігі келесі шыныға ауыстырылады және дайындау қайталанады.

б) Жүздік шкала бойынша:

С1-ден С30 дейінгі сұйылту зат аттары мен дәрежесі көрсетілген шынылардың С2 бастап әрқайсысы 45° этил спиртінің 99 салмақтық бөлігімен толтырылады.

Эссенциядан, тұрындыдан немесе ерітіндіден бірінші жүздік сұйылту тиесілі параграфта көрсетілген ереже бойынша, жоғары-төмен 10 рет екпінді шайқау арқылы С2 шынысында дайындалады. Содан кейін осы дайындалған С2 сұйылтудың 1 салмақтық бөлігі келесі, С3 шынысына ауыстырылады және дайындау барлық шынылармен қайталанады. Сонымен әрбір алдыңғы сұйылтудың 1 салмақтық бөлігі келесі шыныға көшіріліп, жоғары-төмен 10 рет екпінді шайқау арқылы үрдіс жалғастырыла береді.

Б. Ысқыланған ұнтақтар ( тритурация) дайындау

Ысқыланған ұнтақтардың ( тритурация) ондық және жүздік дайындау технологиясы § 7 көрсетілгендей жүргізіледі.

В. Сұйық сұйылтуларды ысқыланған ұнтақтардан дайындау

Сұйық сұйылтулырды ысқыланған ұнтақтардан дайындау үшін:

3-ші жүздік сұйылту шкаласы бойынша 3-ші жүздік сұйылтуға дейін ысқыланған дәрілік заттың бір бөлігі алынып дистилденген судың 79 салмақтық бөлігімен ерітіледі, содан кейін шыныға 90° этил спиртінің 20 салмақтық бөлігін қосады. Шынының 2/3 бөлігіне дейін толтырылған сұйықты 10 рет шайқайды. Осылай дайындаған сұйылту 4-ші жүздік сұйылтуға сәйкес келеді.

Сұйылтуды ары қарай жалғастыру келесі үрдістер бойынша жүргізіледі: дайындалған 4-ші жүздік сұйылтудың 1 салмақтық бөлігін 45° этил спиртінің 99 салмақтық бөлігі құйылған шыныға қосады, 10 рет шайқайды. Алынған сұйық 5-ші жүздік сұйылтуға сәйкес. Сонымен әрбір алдыңғы сұйылтудың 1 салмақтық бөлігі келесі, 45° этил спиртінің 99 салмақтық бөлігі құйылған шыныға көшіріліп, 10 рет екпінді шайқау арқылы үрдіс жалғастырыла береді.

ГРАНУЛАЛАР (ТҮЙІРШІКТЕР) ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Гранулаларды (түйіршіктер) жоғары сапалы қант құрағынан алынған таза қантта дайындайды. Қант дистилденген суда тұнбасыз еріп кетуі керек.

Гранулалар, гомеопатиялық сұйылтулармен қанығуы үшін біркелкі және белгілі өлшемде болуы керек. Олар бекітілген нөмірлерімен ажыратылады:

№ 1 бір гранула салмағы 2 миллиграмм: 500 гранула салмағы 1 грамм.

№ 2 бір гранула салмағы 4 миллиграмм: 250 гранула салмағы 1 грамм.

№ 3 бір гранула салмағы 8,3 миллиграмм: 120 гранула салмағы 1 грамм.

№ 4 бір гранула салмағы 12,5 миллиграмм: 80 гранула салмағы 1 грамм.

№ 5 бір гранула салмағы 2,2 миллиграмм: 45 гранула салмағы 1 грамм.

№ 6 бір гранула салмағы 4 центиграмм: 25 гранула салмағы 1 грамм.

№ 7 бір гранула салмағы 1 дециграмм: 10 гранула салмағы 1 грамм.

№ 8 бір гранула салмағы 2 дециграмм: 5 гранула салмағы 1 грамм.

№ 9 бір гранула салмағы 3,3 дециграмм: 3 гранула салмағы 1 грамм.

№ 10 бір гранула салмағы 5 дециграмм: 2 гранула салмағы 1 грамм.

Жиі қолданылатын түйіршіктер өлшемдері № 4 және № 5.

Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру кезеңінде, әрбір түйіршікке дәрілік заттың бір тамшысы сәйкес келуін қамтамасыз ету керек.

Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру 3-ші жүздік немесе одан жоғары сұйылтудан және 70° спиртпен жүргізілуі керек.

Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру төмендегіше жүргізіледі: Көлемі, ішіне салынатын түйіршіктер салмағынан 1,5 немесе 2 есе үлкен, шыны банкалар алынады.

Олардың біреуіне, 1 кг № 5 түйіршіктерге дәрінің 10 г тиесілі сұйылтуы есебінен және түйіршіктер біркелкі араласып қанығулары үшін соншалықты салмақты 70° этил спиртін қосады. Банканы қақпақпен жауып, пергамент қағазымен орап бірден банканы 10 минут бойына қолмен немесе 3-4 минут машина көмегімен шайқайды. Үрдіс аяқталғаннан кейін, түйіршіктерді пергаментпен жабылған тесік көздері бар ағаш тақтай бетіне төгіп, кептіреді.

Түйіршіктерді толық кептіру ауада жүргізіледі, содан кейін арнаулы ыдысқа көшіріледі.

Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру ұшқыш, иісті заттармен дайындалмауы, және барлық қышқылдарда 3-ші жүздік сұйылтудан төмен болмауы керек.