- •Гомеопатия тәжірибесінде қолданылатын дәрілік қалыптар.
- •"Гомоепатиялық дәрілік құралдар" нұсқаулығы
- •Гомеопатиялық рецептер
- •Гомеопатикалық құралдар концентрациясы мен дозалары.
- •Гомеопатиялық гален препараттары мен дәрілік құралдар.
- •Қосынды (гален) препараттары. Балауса өсімдіктер препараттары
- •Сұйық дәрілік қалыптар
- •А. Гомеопатиялық фармация
- •Қатты дәрілік қалыптар. Ұнтақтар (тритурациялар).
- •Жұмсақ дәрілік қалыптар.
- •Дәрілерді сақтау және жіберу ережелері
- •Б. Гомеопатиялық дәрілік құралдарды дайындау технологиясы
- •Дәрілерді өсімдік және жануарлар дүниесінен дайындау
- •Балауса шөп шырындары дәрілік зат өлшемі ретінде
- •Эссенциялар мен тинктуралар дайындау әдістері
- •§ 1 Бойынша дайындалған эссенция өте мөлдір болу керек.
- •§ 1 Бойынша дайындалған эссенцияны пайдаланып спиртті тұрынды дайындау. Бұл мақсатта эссенцияның 2 бөлшегіне 8 бөлшек 45° этил спиртін алып араластырады.
- •Есептелінген шырын мөлшерімен және 90 % этил спиртінің тең салмақтық бөлімінен дайындалған эссенциялар
- •Есептелінген шырын мөлшерінің 1 салмақтық бөлігімен және 90 % этил спиртінің 2 салмақтық бөлігінен дайындалған эссенциялар
- •§ 3 Бойынша эссенциялар есептелінген шырынның 1 салмақтық бөлігімен 90° этил спиртінің 2 салмақтық бөлігінен дайындалады.
- •Өсімдіктегі шырын мөлшерін анықтау
- •Этил спиртінің 10 салмақтық бөлігі және кептірілген өсімдктің 1 салмақтық бөлігі немесе тірі тіндерден түрынды дайындау
- •§ 4 Бойынша спиртті тұрындылар (тинктура) кептірілген өсімдіктерден және жануарлардың жас ұлпаларынан дайындалады.
- •Минералды заттар мен химиялық қосылыстардан дәрілер дайындау
- •Сулы ерітінділер
- •Спиртті ерітінділер Спиртте жақсы еритін дәрілік заттардан ерітінді дайындау.
- •Құрғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар (тритурация) дайындау
- •Табиғаты әртүрлі сұйық заттардан дәрілік ысқыланған ұнтақтар дайындау
- •§ 8 Бойынша ысқыланған ұнтақтар сұйық дәрілік заттардан дайындалады.
- •Эссенция мен тинктурадан ысқыланған ұнтақтар (тритурация) дайындау
- •§ 9 Бойынша ысқыланған ұнтақтар негізгі эссенциялар мен тұрындылардан дайындалады.
- •Таблеткалар дайындау
- •Жақпа майлар, майлы ерітінділер, оподельдоктар және сырт денеге қолданылатын спирттер дайындау
- •Спирттер
- •Суппозиторий
- •Пресстеу үрдісінде қолданылатын дәке
- •Ысқылауға арналған келілер
- •Елеуіштер
- •§ 1 Бойынша 0,944
- •§ 2 Бойынша 0,944
- •§ 3 Бойынша 0,905
- •2. Этил спирті мөлшері
- •Экстракт (сығынды) мөлшері
- •Сұйық майлар (өсімдік)
- •5.Майсызданған құрғақ заттар
- •6. Алкалоидтар мөлшері
- •9. Эссенциялар, тинктуралар және сұйық сұйылтулар түстері
- •10. Эссенцияларды, тинктураларды, сұйылтуларды капиллярлы талдау және капиллярлы-люминисцентті талдау
Өсімдіктегі шырын мөлшерін анықтау
§§ 2 және 3 бойынша дайындау үшін қолданылатын осімдік шырындары мөлшерін анықтау төмендегіше жүргізіледі:
Алдымен ұсақталынған өсімдік массасының ылғалдығы 100°С анықталады. Осымен қатар, шырынды өсімдіктерден біраз мөлшерде шырын сығып алады, сүзеді және 100°С кептіріп құрғақ қалдығын анықтайды.
Егер анықталған ылғал дәрежесін «а» белгілесе, құрғақ қалдық мөлшерін «б» деп белгілесе, онда өсімдіктегі шырын мөлшері «х» келесі формула бойынша есептелінеді:
Х = 100 а / 100 б
Мысал. Берілгені: өсімдік - 100 бөлік
ылғал мөлшері «а» (100 бөлік өсімдікте)
шырын мөлшері «х» (100 бөлік өсімдікте)
шырындағы құрғақ қалдық мөлшері «б» (100 бөлік шырында)
Демек, 1 бөлік шырында бх / 100 құрғаө қалдық бар.
Теңдеу құрамыыз: Шырын – құрғақ қалдық = ылғал, немесе
Х – бх / 100 = а
Х = а / б = 100 а / 100 - с; 1 – б / 100
Егер ұсақталынған масса шырышты немесе шырын мөлшері өте аз болып оны тікелей сығу мүмкін бомаса, онда сынақтағы өсімдік мөлшеріне оның массасына тең су қосып, тыңғылықты және екпінді түрде араластырып 24 сағатқа қалдырады, сүзеді. Сүзілген шырында 100°С кептіріп құрғақ қалдығын анықтайды. Егер анықталған құрғақ қалдық мөлшерін «с» деп белгілесе, онда өсімдіктегі шырын мөлшері «х» келесі формула бойынша есептелінеді:
Х = 100 (а + с)/ 100 с
Жүргізіліп жатқан сынақ кезінде шырын мөлшері өзгермес үшін, сынақтағы массаның салмағының жартысына тең мөлшерде 90° этил спиртін қосады, тыңғылықты араластырады және жарамды ыдысқа көшіреді.
Шырынның анықталған нәтижесіне байланысты эссенцияны §§ 2 және 3 бойынша дайындап, этил спиртінің жетпеген мөлшерімен толықтырады, барлығы тағы араластырылады.
§ 4
Этил спиртінің 10 салмақтық бөлігі және кептірілген өсімдктің 1 салмақтық бөлігі немесе тірі тіндерден түрынды дайындау
Дәрілік зат мөлшері – 1/10.
§ 4 Бойынша спиртті тұрындылар (тинктура) кептірілген өсімдіктерден және жануарлардың жас ұлпаларынан дайындалады.
Спиртті тұрындыларды § 4 бойынша 2 рет мацерация, содан кейін перколяция әдісін қолдану арқылы дайындайы. Осы мақсатта кептірілген өсімдіктерді ірілеу ұнтақтайды. Осы ұнтақтың 1 бөлшегін және этил спиртінің 10 салмақтық (спирт концентрациясы фармакопея нұсқауы бойынша) бөлшегін алады. Алдымен ұнтақтың ыдыстағы 1 бөлігі дайындалған этил спиртінің жартысымен араластырылады және жақсы жабылған ыдыста 2 күнге қалдырылады. Дәрілік шикізатқа спирт толық сіңу үшін, сұйықты жиі шайқап тұру керек.
Екі күн өткеннен кейін масса перколяторға көшіріледі және этил спиртінің керекті мөлшерімен малшындырылады. Перколирлеу жылдамдығы 1 минутта 20 тамшы; перколятордағы 1 дәрілік зат бөлшегіне 10 бөлшек спирт мөлшері сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін спирт үнемі үстеме қосылып отырады.
Егер преколяция әдісін қолдану мүмкін болмаса, онда § 4 бойынша спиртті тұрынды дайындау мацерация әдісімен жүргізіледі. Яғни, ұсақталынған өсімдіктің 1 бөлігі этил спиртінің 10 бөлшегімен малшындырылады, 16°С температурада 8 тәулікке, күнделікті шайқап қалдырады. Содан кейін сұйық бөлігі құйылып алынады, масса пресспен сығылады, сұйықтар қосылып араластырылады, 8 күнге қалдырылады, сүзіледі.
§ 4 бойынша жануарлар жас ұлпасынан спиртті тинктуралар дайындау үшін, материал фарфор келісінде мұқият жаншылады. Жануар ұлпасының шыны ыдыстағы 1 салмақтық бөлігіне этил спиртінің керекті концентрациялы 10 бөлігін құйып, 14 күн бойына жиі шайқап қалдырады. Содан кейін тұрынды құйылып алынады, қалдық сығындалады, алынған сұйықтар қосылып 8 күн бойы тұндырылады. 8 күннен кейін тұндырылған сұйық сүзіледі. § 4 бойынша дайындалған тинктурадағы дәрілік зат мөлшері – 1 : 10, яғни бірінші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.
11 БӨЛІМ
