Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гомеопатия 5 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
255 Кб
Скачать
☆

Б. Гомеопатиялық дәрілік құралдарды дайындау технологиясы

1 Бөлім

Дәрілерді өсімдік және жануарлар дүниесінен дайындау

Өсімдік шикізаттарынан дайындалатын дәрілер ерекшеліктері мынада:

Эссенциялар мен тинктуралар препараттар дайындауға керекті, әр кезде жиналған балауса және кептірілген өсімдік бөлшектерінен дайындалады.

    1. Жемістер мен тұқымдар, егер көктей жинауға нұсқау болмаса, олар толық пісіп-жетілген кездері - жазда немесе күзде жиналады.

    2. Ағаштар өзегі ерте көктемде, ағаш бүршіктері ашылмай тұрған кезде жиналады.

    3. Шөптер, әрқайсысына көрсетілген уақытта, ең төменгі түбірге жақын жапырақтарының үстінен кесіп жиналады.

    4. Ағаштар қабығын, бұтақтарды және жер үсті тамырларын жинау:

а) шайырлы ағаштар мен тал-шіліктерден - бүршіктері ашылғанда немесе жапырақтана бастағанда;

б) шайырлы емес ағаштар мен тал-шіліктерден – күзде, өсімдіктер тіршілігі тыныстағанда;

5) Тамырлар, құжаттарда көрсетілген уақытта қазып алынады, егер ондай нұсқау болмаса, онда:

а) біржылдық өсімдіктер тамырлары тұқымдары пісер алдында қазып алынады;

б) екі жылдық өсімдіктер тамырлары – екінші жылы көктемде;

в) көпжылдық өсімдіктер тамырлары – күзде;

6) Ағаштар мен тал-шілік жас бұтақтары бірінші жылы жиналады.

7) Өсімдік толық пайдаланған шақта, өсімдік жер үсті және жер асты бөлшектері толық жиналады.

Әрбір өсімдікті сипаттаған мәтінде өсімдіктің қай бөлшегі дәріні дайындауға қолданатындығы көрсетіледі.

Егер мәтінде «толық өсімдік» деп көрсетілсе, онда өсімдіктің жер үсті және жер асты бөлшектері толық пайдаланылады.

Өсімдіктер дүниесінен дайындалатын барлық дәрілер төменде көрсетілген, жеке параграфта көрсетілген ережелер бойынша дайындалады. Әр өсімдікті сипаттаған кезде, одан дайындалатын эссенция қай параграф ережесі бойынша дайындалатыны көрсетіледі.

Бірінші 3 параграф бойынша эссенциялар тек балауса өсімдіктерден дайындалады, бұл ретте сығылып шығарылған шырын, пайдаланылған өсімдік түріне байланысты, спирттің әршамалы мөлшерімен араластырылады.

Балауса шөп шырындары дәрілік зат өлшемі ретінде

Балауса жас шөптерден эссенция дайындау олардан алынған шырындардың мөлшерін есепке алу арқылы орындалады.

Гомеопатия тәжірибесінде ұсталынатын қағида, ол балауса жас шөптерден алынатын шырынның мөлшері дәрілік заттың өлшемі ретінде қабылданғаны. Осыған байланысты гомеопатиялық технологияның мақсаты - балауса жас шөптерден шырынды мейлінше мол шығару және шырынның белгілі мөлшерінен тұратын эссенция алу.

Балауса жас шөптердің құрамындағы шырын мөлшері көптеген факторларға, соның ішінде өскен ортасына, жыл уақытына, атмосфералық құбылыстарға (ылғалдық, құрғақшылық ), жер құнарлығы және басқа да себептерге байланыстылығы себепті §§ 2 мен 3 бойынша әрбір эссенция дайындағанда шикізаттағы шырын мөлшерін қайталап анықтап тұру қажет. Себебі өсімдіктердің, әр өскен ортасына, климат айырмашылықтарына және жер құнарлығына байланысты, шырын мөлшерінің айырмашылықтарын байқауға болады.

Өсімдіктерден сығылып алынған шырын мөлшері дәрілік өлшем ретінде қабылданады, әрине бұл шешім шырынның мөлшеріне және консистенциясына байланысты.

Осыған орай, балауса жас шөптердің белсенді заттарының физика-химиялық қасиеттерін және бірқатар тәжірибелер нәтижелеріне сүйене отырып, эссенцияларды дайындау төменде келтірілгендей жүргізіледі:

§ 1