- •Гомеопатия тәжірибесінде қолданылатын дәрілік қалыптар.
- •"Гомоепатиялық дәрілік құралдар" нұсқаулығы
- •Гомеопатиялық рецептер
- •Гомеопатикалық құралдар концентрациясы мен дозалары.
- •Гомеопатиялық гален препараттары мен дәрілік құралдар.
- •Қосынды (гален) препараттары. Балауса өсімдіктер препараттары
- •Сұйық дәрілік қалыптар
- •А. Гомеопатиялық фармация
- •Қатты дәрілік қалыптар. Ұнтақтар (тритурациялар).
- •Жұмсақ дәрілік қалыптар.
- •Дәрілерді сақтау және жіберу ережелері
- •Б. Гомеопатиялық дәрілік құралдарды дайындау технологиясы
- •Дәрілерді өсімдік және жануарлар дүниесінен дайындау
- •Балауса шөп шырындары дәрілік зат өлшемі ретінде
- •Эссенциялар мен тинктуралар дайындау әдістері
- •§ 1 Бойынша дайындалған эссенция өте мөлдір болу керек.
- •§ 1 Бойынша дайындалған эссенцияны пайдаланып спиртті тұрынды дайындау. Бұл мақсатта эссенцияның 2 бөлшегіне 8 бөлшек 45° этил спиртін алып араластырады.
- •Есептелінген шырын мөлшерімен және 90 % этил спиртінің тең салмақтық бөлімінен дайындалған эссенциялар
- •Есептелінген шырын мөлшерінің 1 салмақтық бөлігімен және 90 % этил спиртінің 2 салмақтық бөлігінен дайындалған эссенциялар
- •§ 3 Бойынша эссенциялар есептелінген шырынның 1 салмақтық бөлігімен 90° этил спиртінің 2 салмақтық бөлігінен дайындалады.
- •Өсімдіктегі шырын мөлшерін анықтау
- •Этил спиртінің 10 салмақтық бөлігі және кептірілген өсімдктің 1 салмақтық бөлігі немесе тірі тіндерден түрынды дайындау
- •§ 4 Бойынша спиртті тұрындылар (тинктура) кептірілген өсімдіктерден және жануарлардың жас ұлпаларынан дайындалады.
- •Минералды заттар мен химиялық қосылыстардан дәрілер дайындау
- •Сулы ерітінділер
- •Спиртті ерітінділер Спиртте жақсы еритін дәрілік заттардан ерітінді дайындау.
- •Құрғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар (тритурация) дайындау
- •Табиғаты әртүрлі сұйық заттардан дәрілік ысқыланған ұнтақтар дайындау
- •§ 8 Бойынша ысқыланған ұнтақтар сұйық дәрілік заттардан дайындалады.
- •Эссенция мен тинктурадан ысқыланған ұнтақтар (тритурация) дайындау
- •§ 9 Бойынша ысқыланған ұнтақтар негізгі эссенциялар мен тұрындылардан дайындалады.
- •Таблеткалар дайындау
- •Жақпа майлар, майлы ерітінділер, оподельдоктар және сырт денеге қолданылатын спирттер дайындау
- •Спирттер
- •Суппозиторий
- •Пресстеу үрдісінде қолданылатын дәке
- •Ысқылауға арналған келілер
- •Елеуіштер
- •§ 1 Бойынша 0,944
- •§ 2 Бойынша 0,944
- •§ 3 Бойынша 0,905
- •2. Этил спирті мөлшері
- •Экстракт (сығынды) мөлшері
- •Сұйық майлар (өсімдік)
- •5.Майсызданған құрғақ заттар
- •6. Алкалоидтар мөлшері
- •9. Эссенциялар, тинктуралар және сұйық сұйылтулар түстері
- •10. Эссенцияларды, тинктураларды, сұйылтуларды капиллярлы талдау және капиллярлы-люминисцентті талдау
Қатты дәрілік қалыптар. Ұнтақтар (тритурациялар).
Гомеопатияда қатты дәрілік қалыптарды сүт қантымен ұнтақтап алады. Жүздік шкала бойынша 0,1 г дәрілік затты 9,9 г сүт қантымен, ондық шкала бойынша 1 г дәрілік затты 9 г сүт қантымен араластырып фарфор келіде ұнтақтап алады. Осы сияқты 1г жүздік сұйылтуды немесе 1г ондық сұйылтуды 99г немесе 9г сүт қантымен ұнтақтап екінші жүздің немесе екінші ондық сұйылту алады. «Гомеопатиялық дәрілік құралдар» нұсқаулығы бойынша 1 сұйылтуға 1 сағат уақыт кетеді.Бұл жағдайда сүт қантын 3 бөледі. Бірінші бөлігін келіге салып, келіде бірнеше рет араластырып, келі тесіктерін бітегенннен кейін дәрілік затты қосады. 6 минут бойына ұнтақтап, 4 минут пластикалы қалақша арқылы сапырады. Осы операция тағы бір рет қайталанады. Содан кейін сүт қантының екінші бөлігін келіге салып, тағы екі реттен ұнтақтап, екі рет сапырады. Сүт қантының үшінші бөлігімен осы үрдістер қайталанады.
Тритурацияларды сулы немесе этанолды ерітінділерден де дайындайды. Бұл кезде 2 тамшы сулы немесе 4 тамшы спиртті 9,9 г сүт қантымен ұнтақтайды, бірінші жүздік немесе екінші ондық суйылту алынады.
Тритурацияларды эссенция мен тұндырмалардан дайындағанда: а) эссенцияның 2 бөлігін 99 бөлік сүт қантымен ұнтақтап, бірінші жүздік немесе екінші ондық сұйылту алады; б) эссенцияның 3 бөлігін 99 сүт қанты бөлігімен араластырып ұнтақтайды, бірінші жүздік немесе екінші ондық сұйылту алады; в) тұндырманың 1 бөлігін 99 бөлік сүт қантымен араластырып ұнтақтайды (1 немесе 2х сұйылту).
Гранулалар (пилюлалар, түйіршіктер). Гранулаларды рафинад қантымен дайындайды. Гранулалар суда жақсы еруге тиіс. Гранулалар гомеопатиялық сұйылтуларды жақсы сіңіру үшін олардың салмақтары 0,002 ден 0,5 г дейін болады. Жиірек пайдаланылатын гранулалар массалары 0,022 ден 0,033 г дейін. Гранулаларды қанықтыру үшін оларды әрқайсысы 0,022 г гранулалардың 1 кг құбырға салып 10 г сұйылтылған дәрілік зат ерітіндісін және 10 г 70 % этил спиртін қосып тығыздап тығындайды және қолмен 10 мин., арнаулы қондырғыда 3-4 мин. шайқайды. Гранулаларды ауада кептіреді. Дәрілік заттар ауыз қуысы шырышты қабатында гомеопатиялық ұнтақтар және гранулаларды жақсы сіңуі үшін оларды тіл астында қабылдайды.
Жұмсақ дәрілік қалыптар.
Жақпа майлар. Жақпа майлар негізі ретінде вазелин және ланолин қабылданады. Жақпа майлар МФ Х нұсқасы бойынша дайындалады. Егер жақпа майлар құрамына күшті әсерлі заттар болмаса 10%, ал күшті әсерлі заттар кірсе – 5% жақпа майлар дайындалады.
Гомеопатияда жақпа майлар, линименттер, спирттер және басқа қалыптар дайындауда «аз дозалау» принципі сақталынбайды.
Суппозиторийлер. Суппозиторийлер негізі ретінде какао майы пайдаланылады. Суппозиторийлер дайындауда олардың 1 данасына 2 тамшы эссенцияны немесе 20 тамшы тұндырманы алдын-ала қоюлатып араластырады.
Төменде Швабе Вильмардың неміс тіліндегі «Руководство по изготовлению гомеопатических лекарств» еңбегінің орыс тіліндегі аудармасының қазақша мәтіндері берілді.
А. Гомеопатиялық фармация
Ганеман өзіне тән емдеу әдісімен қатар, науқасты емдеуге арналған дәрілерді арнаулы дайындау әдісін құрды. Ол фармацияға балауса өсімдіктер мен олардың құрамдарынан дайындалған дәрілік құралдар кіргізді. Бүгінгі гомеопатия Ганеман және оның ізбасарларының ілімін жалғастыруымен қатар, бүгінгі күннің жетістіктерін де пайдаланады.
Гомеопатиялық дәрілер өсімдіктерден, кейбір фауна өкілдерінен, минералды заттардан және химиялық қосылыстардан дайындалады. Гомеопатиялық дәріханаларда әртүрлі дәрілік заттардан эссенциялар, тұрындылар, дәрілік заттың белгілі бір мөлшері бар ерітінділер немесе сылауға арналған ерітінділер дайындалып, арнаулы ережелер бойынша сұйылтылады. Бұл іс-әрекеттер орындалуы үшін әртүрлі нұсқаулықтар талаптары сақталынады. Фармацевтің негізгі міндеті - сол нұсқаулықтар талаптарын мұқият сақтай отырып, дәрілік заттардың нәзік сұйылтуларының әсерлілігін сақтау. Таза гомеопатиялық ерекшеліктері бар фармацевтикалық және химиялық препараттар үшін Д-р Вильмар Швабе-нің «Руководство по изготовлению гомеопатических лекарств» фармакопея рольіндегі әдебиетте оригиналды нұсқаулар келтірілген.
Бұл әдебиетте Мемлекеттік фармакопеяға кірген химиялық және фармацевтикалық зауыт – фабрикаларда алынған химиялық препараттар үшін оларды дайындау әдістері берілмеген.
