Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Oftalm_lektsia_kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
731 Кб
Скачать
☆

5) Кератиттердің жалпы белгілері:

Барлық кератитттерге сай субъективті белгілер: қасаң қабық синдромы: ауырсыну, жарыққа қарай алмау, блефароспазм, көзде бөгде зат сезіну. Бұл синдром қасаң қабықтағы нерв талшықтарының, шатыраш қабық пен кірпікті, денедегі кірпіктің тітіркенуінен болады. Кейде ауырсыну самайға, маңдайға, бүкіл басқа беріледі.

Қасаң қабықтың синдромына көсымша көруіне төмендеуіне шағымданады. Ол Қасаң қабықтың мөлдірлігінің төмендеуіне0, жас ағуына, көздің жарыққа қарай алмауына байланысты.

Басты объективті белгілер: блефароспазм, аралас немесе перекорнеальды инфекция, Қасаң қабықтың бүтіндігі бұзылған (оның мөлдірлігі), жаңадан қан тамырлары түзіледі және сезімталдығы өзгереді.

Берикорниальды немесе терең инъекция Қасаң қабықтың айналымдығы шеткі тамырлы тараптың тамырларының кеңиуімен түсіндіріледі., және коньюктиваның күмбезіне қарай бетіндеп азайады. Оның түсі көкшіл түсті, диффузды, онда жеке қан тамырлары анықталмайды. Терең инъекция барлық жағдайларда Қасаң қабықты қоршап орналаспайды, кейде сектральды орналасады. Көп жағдайда перикорнеальды инъекция коньюктивальды инъекциямен бірігіп, аралас инъекцияны береді.

Қасаң қабықтың қабынуының басты белгісі оның қарауытуы(Қасаң қабықтың тінінің клеткалық элементтерімен инфлетрациясы және дамуы салдарынан).

Аталған инфильтраттар мөлшері, формасы, сыны, орналасуы бойынша алуан болады. Орналасқанда Қасаң қабықтың шектелген бөлімін немесе бүкіл бетін немесе беткей және терең қабаттарында орналасады.

Инфлетраттың түсі клеткалық құрамына байланысты: егер мейкоциттер аз болса, түсі сұр түсті; іріңді инфильтрацияда түсі сарғыш немесе сары.

Шекарасы инфильтраттың ашық немесе анық емес. Мөлдірлігінің бұзылуына басты роль эпитемиге байланысты. Кез келген кератитте эпитемий сырылады. Қасаң қабықтың беті айналығылығынан айырылады, беті бұжыр жіне бойына су сіңгеннен кейін эпитемий сырылып, эррозия пайда болады. Эпитемидің сырылуы 1-2 % флюросцеин ертіндісін тамызумен анықталады.

Қасаң қабықтың инфильтраты алуан өзгерістерге ұшырайды. Мөлшері кіші, беткей инфильтраттар, боумен қабатына бармаған толық тарап кетеді. Боумен қабаты зақымдалса мөлдірлігі қалпына келмейді. Клеткалық элементтермен стромада инфильтрация болса ол өзінің мөлдірлігін қалпына келтіреді. Егер ол некрозға ұшраса, толық байланыс тінімен алмасады.

Беткей инфильтраттар жиі ыдырап жараланады. Алдымен эпитемий сырылады, келесіде некроз, жараның қалыптасуы.

Жара микробтың вирулентігіне науқастың жалпы жағдайына, жүргізілген еміне байланысты түрлі ағымда өтеді.

Жаңадан түзілген қан тамырларының Қасаң қабықта пайда болуы оның бойына беткей (коньюктивальды) және терең ( эписклеральды және склеральды) тамырлардың өтуімен қамтамасыз етіледі. Беткей васкулиризация қан тамырларының ашық қызыл түсімен, тамырлардың эпитемидің астында беткей қабаттарында орналасуымен сипатталды. Қасаң қабыққа коньюктивадан өткен қан тамырларын еркін көруге болады. Тамырлар тарлыманады, иректелген, өзара анмастамоз құрайды.Терең тамырлар мен Қасаң қабықтың стромасының орта және терең қабаттарында орналасады. Сондықтан олар нашар көрінеді., түсі соншалықты ашық емес. Қан тамырлары тарамданбайды, тік, щетка тәрізді. Қан тамырлары лимбтің астынан Қасаң қабыққа өтетіндей.

Кейбір кератиттерге беткей, кейбіреулерге терең васкулиризация тән.

Қасаң қабықта қан тамырларының пайда болуы қорғаныс реакциясы, себебі Қасаң қабықтағы үсік пен инфильтрация оның көректенуін бұзады: оттегі, витаминдер, цистеин және т.б. жеткіліксіз. Сондықтан қасаң қабықтың вискулиризациясы кератиттің үдемелі кезеңінде пайда болады. Бірақ, жеке жағдайларда қасаң қабықта қан тамырлары кері процесс барысында пайда болады,яғни қабыну инфильтраты грануляциялық тінімен алмасқанда.

Нейрогенді кератиттерде қасаң қабықтың сезімталдығы өзгереді, яғни төмендейді немесе толық жойылады. Тіпті, екінші сау кезге қасаң қабық сезімталдылығы төмендейді. Сирек сезімталдық жоғарлайды, және ол жәй ауырсыну синдромымен өтеді.

Қасаң қабықтың сезімталдылығын мақтаның шиыршылықталған фрей шаштарымен анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]