Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Oftalm_lektsia_kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
731 Кб
Скачать
☆
  1. Кератиттердің ағымы және шешімі:

Кератиттердің шешңмң көп жағдайларда ауыр және процесстің ауырлығына, тереңділігіне, инфекцияның веруленттігіне, қасаң қабықтың трофикалық қасиеттеріне және жағдайына байланысты.

Кератиттердің еңбекке жарамдаылық ұзақ (4-6 ай және одан артық) мерзімге созылады. Қасаң қабықта кератиттердің салдарынан байланыс – тінді тыртықтар қалыптасып, түрлі формалы және түрлі мөлшерлі тұрақты қарауытулар қалыптасады. Бізге қасаң қабықтың оптикалық бөлімінде орналасқан қарауытулар маңызды, себебі олар көру өткірлігін төмендетеді.

Ең әлсіз қарауытулар (нубекула); нақтылы, шектелген қарауытулар дақ тәрізді, айқын ақ түсті тыршық – ақ шел (лейкома). Қарауытулар қасаң қабықтың бар бетін немесе шектелген бөлігін ғана алуы мүмкін. Өтпелі жараларда қасаң қабықтың жарасы тесіліп, шатыраш қабық ақ шелмен бетісіп, алдыңғы синехия қалыптасады. Бұл ақ шелдерде жиі КУҚ жоғарлайды, яғни екіншілік глаукома дамиды. Жоғары КУҚ ақ шелдің жұқаруына және созылуына әкеледі, яғни қасаң қабықта стафилома қалыптасады. Стофилома толық немесе жартылай болады. Стофилома шығыңқы кір сұр түсті шар тәрізді. Стофиломада жиі КУҚ жоғары болатындықтан көру кызметі жойылып, соқырлық туады.

Кейбір жағдайларда қасаң қабықта фистула қалыптасады: шатыраш қабық тесілген қасаң қабықтың жарасында қысылып қалады. Ол келесіде тығыз, берік тыртықтың қалыптасуына кедергі болады. Фистула көздің ішіне инфекцияның өтуіне кауіп тудырады.

Кератиттердің ауыр шешімдеріне қасаң қабықтың тегістелуі (аппланация) жатады. Көбінесе бұл жай қасаң қабықтың ауқымды жарасынан кейін дамилы. Егер процесске шатыраш қабық пен кірпікті дене ілессе, көз алмасының алдыңғы бөлімінің селеуі ғана емес, бүкіл кқз алмасының селеуі мүмкін ( фтизис бульбн).

Жоғарыда айтығандарды қортындылай келе кератиттер көру қызметі төмендейді.

  1. Қасаң қабықтағы қабыну және тыртықты процесстер арасында Қасаң қабықта қарауытуды көргеннен соң оны қабыну процессі ме, әлде тыртықты процес пе анықтау керек. Екеуіде қасаң қабықтың мөлдірлігін төмендетеді.Тыртықты процесске тән: қасаң қабық синдромының болмауы, қасаң қабық жылтыр, айналы; қарауытудың шекарасы анық, түсі ақ немесе әлсіз көгілдір.

Қабыну процессінде: қасаң қабық синдромы, сұр немесе сары түссті, қаруытудың шекарасы анық емес, қасаң қабықта жылтырлық және линиялық жоқ, беті тегіс емес, бұжыр.

  1. Кератиттердің жіктелуі.

Бізде тәжребиеде қолданылатын жіктеме – А.И.Колоконенко, Т.И. Ерошевскидікі. Ол В.Б.Одинцов (ФЗО) және И.Барбель (Ф60) классификация негізінде құрастырылған. Кератиттердің жіктелу негізінде олардың этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері салынған.

Бірақ бұл классификация шартты экзогенді кератиттер қасаң қабықтың беткей қабаттарынан басталады, келесіде терең қабаттарына өтеді.

Эндогенді кератиттер басынан беткей немесе терең форма ретінде басталады.

Экзогенді кератиттер түрі: жарақаттық, бактериальды, аденовирусты; эндогенділер ішінде – герпетикалық кератит. Семей аумағында жиі кездесетін кератиттер түрі - қасаң қабықтың жылжымалы жарасы, оның шешімі жиі соқырлыққа әкеледі, сирек жағдайда көздің қазасын әкеледі. Эндогенді кератиттер жиі вирусты герпетикалық кератиттер.

Кератиттердің жіктелуі:

А. Экзогенді кератиттер:

  1. қасаң қабық эрозиясы;

  2. жарақаттық кератиттер, механикалық, физикалық немесе химиялық кератиттер;

  3. Инфекциалық кератиттер, бактериальды;

  4. Коньюктива, қабақ, мейболиев бездерінің ауруларымен шақырылған кератиттер;

  5. Саңырауқұлақтфы кератиттер немесе кератомикоздар.

Б. Эндогенді кератиттер:

        1. Инфекциялық кератиттер.

а) туберкулезді: гемогенді және аллергиялық

б) мерезді

в) герпетикалық

        1. Нейропарапластикалық кеатиттер

        2. авитаминозды кератиттер

В. Этиологиясы шықталмаған кеатиттер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]