- •Көрнекті құралдар
- •2 .Қазақстан Респуликасында офтальмологиялық көмекті ұйымдастыру.
- •2 .Қазақстан Респуликасында офтальмологиялық көмекті ұйымдастыру.
- •Физиологиялық оптика ,рефракция және оның жасына байланысты ерекшеліктері.
- •Тақырып: Көз ұясының аурулары. Дифферинциальды диагноз.
- •Көз ұясының патологиясында кебір жиі кездесетін симптомдар
- •Дәрістер
- •Дәрістер Тақырыбы:Жас ағзаларының аурулары.
- •Тақырыбы:Конъюктиваның аурулары.
- •Тақрыбы: Қасаң қабық және оның аурулары
- •5) Кератиттердің жалпы белгілері:
- •Кератиттердің ағымы және шешімі:
- •Қасаң қабықтың ауруларын емдеудің жалпы принциптері.
- •Кератиттердің алдын алу.
- •Керамиттердің шешімдеріен емдеу.
- •Тақырыбы « Тамыр жолының аурулары ». «Аномалиялары »
- •Тақрыбы: Глаукома
- •3. Глаукомада жанұялық және тұқымқуалаушылық
- •Куқ және оның анықтаушы факторлары.
- •Көздің дренажды жүйесі.
- •6. Көздің ішкі қысымын өлшеу тәсілдері
- •7. Глаукоманың клиникасы
- •8. Глаукоманың негізгі түрлері(3 түрі):
- •11. Жабық бұрышты глаукома (жбг) белгілері
- •12. Біріншілік глаукоманың этиологиясы.
- •13. Біріншілік глаукоманың алдын алу және ерте анықтау.
- •Тақрыбы: Глаукома
- •Глаукоманың ересектер, балалар жәнежасөспірімдер арасында таралуы- 2 мин.
- •3. Глаукомада жанұялық және тұқымқуалаушылық
- •Куқ және оның анықтаушы факторлары.
- •Көздің дренажды жүйесі.
- •6. Көздің ішкі қысымын өлшеу тәсілдері
- •7. Глаукоманың клиникасы
- •8. Глаукоманың негізгі түрлері(3 түрі):
- •11. Жабық бұрышты глаукома (жбг) белгілері
- •12. Біріншілік глаукоманың этиологиясы.
- •13. Біріншілік глаукоманың алдын алу және ерте анықтау.
- •Дәрістер Көру нервісінің аурулары
- •Тор қабықтың аурулары
- •Тақырыбы: «Жалпы аурулардағы
- •Шакенова нүргүл серікқазы қызы офтальмологиядан дәрістер (оқу құралы)
Тақрыбы: Қасаң қабық және оның аурулары
Оқу мақсаты: Қасаң қабықтың анатомно-физпологиялық ерекшеліктері, дифферициональды диагнозы, қасаң қабықтың жедел ауруын емі және олардың шешмі.
Сабақты өткізу тәсілі және откізу орыны: Аудиторияда топпен теориялық сабақ.
1. Қысаң қабықтың оптикалық жүеде және қорғаныстағы ролі: Қысаң қабық көздің сыртқы фиброздіы капсулаларының алдындағы бөлімі және оның 1/6 бөлігін алады. Ол қорғаныс қызметін атқарады және оптикалық жүйенің басты бөлімі. Жалпы көздің жарықты сындыру күші 60, ОД болса, қасаң қабық үлесіне 40, ОД тиеді.
2. Қысаң қабықтың ауруларының социальды мәні, соқырлық пен еңбекке жарамдылықтың төмендеу себебі ретінде -2 мин.
Қысаң қабықтың зақымдануының социальды мәні зор. Себебі оның салдарынан еңбекке жарамдылығы төмендейді және өте ұзақ уақытқа. Қабыну ауруларында процесске басқа қабаттар ілігеді – склера, шатыраш қабық, кірпікті дене, шыны тәрізді дене. Процесске аталғы көз бөлімдерінің ілігуі көзде қайтымсыз өзгерістер тудырады.
Қысаң қабықтың ауруларының шешімі көрудің төмендеуіне, кейде соқырлыққа әкеледі. Қысаң қабықтың ауруларының үлесі басқа көз аурулары ішінде 25%, ал нашар көретіндер мен соқырлар арасында 50% . Әлемде 40 млн. науқас қысаң қабығының ақ шеліне байланысты оперативті емді қажет етуде. Яғни, қысаң қабық аурулары жартылай немесе толық мүгедектіктің себебі болуы мүмкін.
Қысаң қабықтың анатомо-дизпологиялық ерекшеліктері – 3 мин.
Анатомиялық қасиетіне сай қысаң қабық бір беті шығыңқы бір беті ойыс мениск тәрізді. Ол сфералық, тегіс, айналы, беті жылтыр; Ортасында қалыңдығы 0,6 мм, ал шетінде 1,0 мм; ересектерде горизонтальды мөлшері вертикальдіден үдкен ( сәйкес 11х10 мм). Бұл анатомиялық құрылысы қасаң қабықтың күшті сындыруын қамтамасыз етеді. Микроскопиялық зерттеулер бойынша ол 5 қабаттан тұрады: 1) алдыңғы эпитемий; 2) алдыңғы шекаралық мембрана немесе боумеен қабаты; 3) қасаң қабықтың өздік заты немесе строма;4) артқы шекаралық мембрана немесе десцемет қабаты; 5) артқы эпитемий немесе энделий.
Алдыңғы эпитемий коньюктиваның эпитемиінің жалғасы, қасаң қабықтың бетін жауып қорғаныс қызметін атқарады және оның ортаның зиянды физико-химиялық әсерінен жас жолдарынан, коньюктива қуысынан оның бойына енуінен қорғайды.Эпитемидің ішкі базальд қабаты жоғары регенеративті қасиетке ие, сондықтан эпитемий зақымдалса өте тез қалпына келеді. Қасаң қабықтың беткей күйіктерінде толық сырылған эпитемий 1-3 тәулікте қалпына келеді. Эпитемидің регенерацияға қаблеті қасаң қабықтың қабынуларының және зақымдалуларының жазылуында өте маңызды роль атқарады.
Эпитемидің астында құрамсыз гологенді, аз эластикалы боумен қабаты орналасады. Ол стромамен тығыз байланысқан. Боумен қабатының ерекшелігі жарақаттарға төзімділігі, ал эпителий тез сырылатындықтан инфекциялық процесстерге төзімділігі төмен.
3. Строма – қасаң қабықтың бар қалындығының 9/10 бөлігін құрайды. Кезектесібін гомогенді байланыс тінді пластиналардан тұрады. Олар қасаң қабықтың бетіне парарель орналасады. Пластиналардың арасында қасаң қабық клеткалары (сызыңқы, жұқа, көптеген өскіндері бар) орналасқан. Олар өзара байланысып синтиций құрайды. Қасаң қабықты клеткалар үлкен регенеративті қабілетке ие, қасаң қабықтың жарасының жазылуына қатысады.
4) Десцемет бұл гамогенда мөлдір, эластикалық артөы шекаралық мембрана. Ол стромаммен баәланысқан сондықтан деңіл сырылады (қатпалар болып көоінеді). Бұл қабат эндотелимен тығыз байланысқан. Децимет қабатының ерекшелігі – іріңге төзімді. Қасаң қабықты жылжымалы жарасында іріңді эксудат оны балқытады. Децимет қабатындағы алдыңғы қабаттары балқығанада ол алдыға қарай ығысып шығып тұрады – дессциметоцилле. Децимет қабаты бактерия, қан тамырларының ену жолына тежу болады және жоғары регенеративті қабәлетке ие, зақымдалғтез қалыпқа келеді.
5) Артқы эпитемий немесе эндотелий десцимет қабатына жанасып орналасқан және онымен бірге корнеосклеральды тробекуларды құрауға қатысады. Эндотемий қасаң қабықтың мөлдірлігінде және қасң қабық пен алдыңғы камераның ылғалы арасындағы зат алмасуында басты роль атқарады. Бұл қабаттың бүтіндігі бұзылса қасаң қабықтың көректенуі бұзылады да, онда ісік және қарауыту пайда болады.
Қасаң өабықта зат алмасу процесстерінің ерекшеліктері және олардың патологиялық процесстерінің дамуындағы мәні –3 мин
Қасаі қабықтың көректенуі алдыңғы камераның ылғалынан омос арқылы және шеткі тамырлы түінді тораптан (олар екі қабатта орналасады: беткі эписклеральды және склеральды торды) дизфузия арқылы жүзеге асырылады. Соңғы көректену жолы қасаң қабық үшін өте маңызды. Іс жүзінде келесі жәй дәлелденеді: артқы цилиарлы артерияларды кессе, қасаң қабық қарауытады; ал коньюктиваны лимбтің бойымен толық қиып алса, алдыңғы камераны ауамен толтырса да қасаң қабықтың мөлдірлігі сақталады. Қасаң қабық арқылы көректік заттардың өтуіне басты роль эпитемий мен эндотелиге беріледі. Олар суды жақсы өткізеді, ал электролиттер мен органиқалық ( майда ерімейтін) заттарды өткәзбейді.
Коньюктива қуысына тамызылған дәрілер қасаң қабық арқылы өтуі үшін олар суда, айда еритін болуы керек. Эндотемий мен эндотелий қасаң қабықтың стромасында сұйыұтың тұрақтығын, оттегін ауадан алдыңғы камераға өтуін, көміртегінің керсінше алдыңғы камерадан қасаң қабық арқылы сыртқа өтуән қамтамассыз етелді. Қасаң қабықтың басты қызметі – мөлдірлігі. Ол келесі жайлармен қамтамасыз етіледі:
гистологиялық құрамының тазалығы және гемогенді
қасаң қабықта қан тамырлары жоқ, ал нервта миелин қабығы жоқ
Қасаң қабық жоғары сезімтал. Сезімтал нервтерді қасаң қабық екі ұзын цилиарлы нервтер жүйесінен алады. Олар назоцилиарлы нервтердің таралымдары. Ал назоцилиарлы нерв үшкіл нервтың көздік таралымынан көз ұясында бөлінеді. Бұл ұзын цилиарлы нервтер кірпікті түйінге еңбейді, көру нервысының маңында көздің артқы полюсын тесіп өтіп, супрахориондальды кеіестіте көздің алдыңғы полюсінде өтіп, лимбтен 3-4 мм қашықтықта склераны тесіп өтіп, қасаң қабыққа өтеді. Келесіде олар эпитемиде, жпитемий астында және стромада көптеген сплетениялар құрайды.
Қасаң қабықтағы зат алмасу трафикалық нервтермен реттеледі. Трафикалық нервтер үшкіл нервтің бірінші таралымынан, бет нервісінен алынады. Трофикалық нервтердің зақымдалуы қасаң қабықта барлық процесстердің тоқтауына әкеледі.
Қасаң қабықтың нервтерінің ----------- нерв жүйесі қатысады. Үшкіл нервтың құрамында парасимпатикалық және симпатикалық талшықтар өтеді. Олар вазаматорлы, секреторлы, традикалық қызметтер атқарады.
Қасаң қабықтың ---------------- ойқымдылығына тамырдың реакциясының жеделдігі және айқындығы байланысты. Яғни, Қасаң қабықтың негізгі қасиеттері: мөлдірлігі, айналығы, сфералығы, жоғары сезімталдығы, қан тамырларының болмауы, регенерацияға қабілеттілігі.
