- •Көрнекті құралдар
- •2 .Қазақстан Респуликасында офтальмологиялық көмекті ұйымдастыру.
- •2 .Қазақстан Респуликасында офтальмологиялық көмекті ұйымдастыру.
- •Физиологиялық оптика ,рефракция және оның жасына байланысты ерекшеліктері.
- •Тақырып: Көз ұясының аурулары. Дифферинциальды диагноз.
- •Көз ұясының патологиясында кебір жиі кездесетін симптомдар
- •Дәрістер
- •Дәрістер Тақырыбы:Жас ағзаларының аурулары.
- •Тақырыбы:Конъюктиваның аурулары.
- •Тақрыбы: Қасаң қабық және оның аурулары
- •5) Кератиттердің жалпы белгілері:
- •Кератиттердің ағымы және шешімі:
- •Қасаң қабықтың ауруларын емдеудің жалпы принциптері.
- •Кератиттердің алдын алу.
- •Керамиттердің шешімдеріен емдеу.
- •Тақырыбы « Тамыр жолының аурулары ». «Аномалиялары »
- •Тақрыбы: Глаукома
- •3. Глаукомада жанұялық және тұқымқуалаушылық
- •Куқ және оның анықтаушы факторлары.
- •Көздің дренажды жүйесі.
- •6. Көздің ішкі қысымын өлшеу тәсілдері
- •7. Глаукоманың клиникасы
- •8. Глаукоманың негізгі түрлері(3 түрі):
- •11. Жабық бұрышты глаукома (жбг) белгілері
- •12. Біріншілік глаукоманың этиологиясы.
- •13. Біріншілік глаукоманың алдын алу және ерте анықтау.
- •Тақрыбы: Глаукома
- •Глаукоманың ересектер, балалар жәнежасөспірімдер арасында таралуы- 2 мин.
- •3. Глаукомада жанұялық және тұқымқуалаушылық
- •Куқ және оның анықтаушы факторлары.
- •Көздің дренажды жүйесі.
- •6. Көздің ішкі қысымын өлшеу тәсілдері
- •7. Глаукоманың клиникасы
- •8. Глаукоманың негізгі түрлері(3 түрі):
- •11. Жабық бұрышты глаукома (жбг) белгілері
- •12. Біріншілік глаукоманың этиологиясы.
- •13. Біріншілік глаукоманың алдын алу және ерте анықтау.
- •Дәрістер Көру нервісінің аурулары
- •Тор қабықтың аурулары
- •Тақырыбы: «Жалпы аурулардағы
- •Шакенова нүргүл серікқазы қызы офтальмологиядан дәрістер (оқу құралы)
Дәрістер
Тақырыбы:Қабақтың аурулары.
Оқу мақсаты:Қабақ негізгі қабыну аурулары туралы, олардың маңыздылығы,белгілері, дифференциальды диагнозы мен емі туралы түсінік беру
Блефарит қабақ шетінің қабынуы (мейбомиев,май безшелерінің) және оның үш формасын ажыратады: жәй, қабыршақты және жаралы.Басқа тұрлері-мейбомиевті,демодекозды.
Этиологиясы-токсико-аллергиялық жағдайлар,созылмалы инфекциялар,глистті инвазия,саңырауқұлақты,жас ағзаларының аурулары,асқазан аурулары,анемия,авитаминоздар,диабет,түзетілмеген рефракцияның аномалиялары ( жиі гиперметропия мен астигматизм,),қолайсыз санитарлы-гигиеналық жағдайлар,демодекозды блефаритте демодекстің зат алмасу заттарының әсері.
Анықтау принциптері- шағымдарына,анамнезге,клиникалық белгілеріне негізденген;конъюктивадан жағынды алып оның антибиотикке сезімталдығын анықтайды;цитологиялық вирусологиялық зерттеулер,алынған кірпіктерге микроскопиялық зерттеулер жасау;
Клиникалық белгілері:жәй блефариттерде қышу,жас ағу,қабақтың қызаруы және қырының қалыңдауы;қабыршақты блефаритте -қосымша жоғарыда айтылғанға сұр,ақ түсті, мақтамен жеңіл алынатын қабыршақтар қосылады;
Жаралы блефаритте айтылғандарға қосымша кірпіктердің шетінде жаралану,қатқан қабыршақтар пайда болады және қабыршақтарды алғанда орнында қанаған жара қалады ,кірпіктер де бірге алынады.
Асқынулары-трихиаз, мадароз,қабақтың кірпікті қырының сыртқа қарай айналуы.
Мейбомиев бездеріне байланысты блефариттерде қарапайым формасындағыдай белгілерге қосымша кірпіктерде ақ түсті муфталар пайда болады.
Емі :этиотропты жалпы және жергілікті-қабақтарды антисептиктермен тазарту (қабыршақтардан тазарту),спирт,эфир,брилл. көгімен сұрту,көзге СА( альбуцид 30%,),АБ (левомицетин 0,25%),түнге қарай АБ,СА майлар жағу,қабақтың массажы.
Жаралы блефариттерде қосымша хирургиялық тазарту тәсілдері қолданылады ( жараны тазарту, медикаментозды ем, диатермокоагуляция,трихиаз пен энтропионда пластикалық ем).
Демодекозды блефаритте қабақтарлың шетін спирт- эфир қоспасымен сүртеді,арнайы паразиттерге қарсы ем(ихтиол мен ланолин,күкіртті май,трихополмен,цинкпен,ланолинмен,неостомозан және т.б. )
.Емдеу мерзімі 1,52 ай.
Гиперметропия мен астигматизмде үнемі киетін көз әйнегін тағайындау.
Теріскен-май безінің немесе кірпік түбіндегі қалташықтың (сыртқы) немесе мейбомиев безшелерінің (ішкі теріскен) жедел іріңді қабынуы. Жиі стафилоктармен шақырылады.Клиникалық белгілері қабақтың шектелген жерінде ісік, қызару, пальпаторлы шектелген жерде ,қабақтың бойымен,кірпікті қырына жақын ауырсыну анықталады.2-4 күннен кейін іріңді қуыс қалыптасып, теріскен өздігінен жарылады.;ішкі теріскен конъюктива жағынан,сыртқы теріскен тері жағынан.Конъюктива жағынан тегіс жапырақты грануляция дамиды.Теріскенді қолмен қысу өте ауыр асқынуларға әкеледі- көз ұясының тамырларының тромбозы,каверозды синустың тромбозы (наукатың өміріне қауіп төнеді),менингитке,энцефалитке, және олардың асқынуларына.
Емі :инфильтрация сатысында- УВЧ, құрғақ жылу, сульфаниламидтер, салицалаттар, дезинфекциялық тамшылар,қабақтың терісін спирт,брилл. көгінің спирттік ерітіндісімен сүрту;флюктутуация сатысында (некроз сатысында )теріні тіліп,жараны жуып,іріңді жараға дренаж енгізу арқылы сыртқа шығару ;құрғақ жылу көрсетілмеген.
Қабақтың абсцессі: қабақтың бүкіл бойында тінінің диффузды іріңді қуыс қалыптасуымен қабынуы.Этиологиясы:жергілікті іріңді процесстер(жаралы блефариттер,теріскен,фурункул).Клиникасы:негізгі белгілеріция кезінде бүкіл қабақ бойымен ауырсыну бар.Асқынулары теріскендікіндей.
Емі: антибиотиктер,сульфаниламидтер ішке,құрғақ жылу,УВЧ ,егер қысым қалыпты болса;флюктуация пайда болса, теріні кесіп, іріңді сыртқа шығарамыз.Гипертониялық ертіндіден жараға таңба тағылады.Флюктуация сатысында УВЧ,құрғақ жылу көрсетілмеген.
Қабақтың даму аномалиялары.
Қабақтардың бұлшық еттерінің аурулары(лагофтальм,птоз,энтропион,эктропион,трихиаз,анкилоблефарон) және қабақтың формасының өзгеру (колобома,эпикантус)аурулары
Қабақтың сыртқа айналуы (эктропион) – кірпікті шеті сыртқа қарай айналуы.Ол жас нүктесінің теріс айналуымен өтеді.Жиі көзден жас ағумен,терінің сулануымен,дәнекер қабықтың созылмалы конъюктивиті мен гипертрофиясы мен,құрғауымен,кератитпен,қасаң қабықтың жарасымен сипатталады.Этиологиясы:қабақта күйіктен кейін тыртық бар,қабақтардың жарақаттық ақауы,экзема,жарақаттан соң көз ұясының қабырғаларының бұзылуы.
Емі:пластикалық операция
Энтропион – қабақтың кірпікті қыры (жиі төменгі қабақтың)көз алмасына қарай қайрылуы. Ол қасаң қабықты тітіркендіріп, қабындырады.Қасаң қабықта эрозия пайда болады,конъюктива зақымдалады.Пайда болу себептері:конъюктиваның тыртықтануы,шеміршектің формасының өзгеруі,балаларда көз айналасындағы бұлшык еттердің қарттарда семуі,бет нервісінің салдылығы,туберкулезді және мерезді остеомиетитті.
Емі:пластикалық операция
Колобома-қабақтың шетінің барлық қабаттары арқылы өтетін ақауы, жиі жоғарғы қабақта оның орта бөлігінде орналасады.Жиі беттердің басқа ақауларымен жұптасып кездеседі.Емі:пластикалық операция.
Эпикантус-қабақтың ішкі бұрышында орналасатын жоғарғы қабақтан төменгі қабатқа өтетін айшық тәрізді қатпары.Көздерге монголоидты түр береді,көздері танауға қарай қылиланып тұрғандай сезім береді.Жиі хромосомдық аурудың (Дауна ауруының)белгісі .
Трихиаз – кірпіктердің дұрыс өспеуі(қабақтар дұрыс орналасса да),олар көзге қарай өседі.Себептері:басырда кірпіктердің түбінің тыртықтануы,жаралы блефариттер,рецедивті теріскендер,дифтерия,күйіктер.
Емі :пластикалық операция;энтропион болмаса эпиляция немесе инелі электродпен кірпіктердің түптерінің диатермокоагуляциясы.
Анкилофлефарон-іштен туа пайда болған немесе жүре пайда болған қабақтардың тұтасып бітісуі.Ол толық немесе жартылай ,тіпті жеке жіңішке жіпшелер тәрізді болады. Көбінесе бас сүйегінің формасының өзгерімен,өздік тамыр қабатының колобомасымен,симблефаронмен,эпикантуспен,анофтальммен қатарласып келеді.
Емі:хирургиялық(пластика)
Птоз- жоғарғы қабақтың төмен түсуі.Себептері:леватордың қызыметінің бұзылуы,көз қимылдатқыш бұлшық еттің салдылығы , мойын симпатикалық нервісінің салдылығы.
Емі: птозд айқын болса(қабақ қарашықтың ортасын жауып түрса және көруге кедергі болса ),қабақ тері асты жіптермен күшті маңдай бұлшық етіне тігіледі немесе леватор қысқарады немесе леваторға жоғарғы тура бұлшық еттің қызыметін ауыстыру.
Лагофтальм- («қоян көз»)қабақтың толық немесе жартылай жабылмауы.Себептері:бет нервісінің салдылығы,қабақтардық тыртықты қысқаруы,қабақтарыдың теріс айналуы,экзофтальм,леватордың түйілуі,Этиологиялық бұл өзгерістер іштен туа пайда болуы мүмкін немесе
орталық нерв жүйесінің ауруларының салдары,грипп,V11жұп нервтің зақымдалуы, мойын омыртқасының түрлі аурулары,қалқанша безінің аурулары.Көз саңылауы жабылмағандықтан жас нүктелері көзден сыртқа қарай айналғандықтан,кірпік қағу бұзылғандықтан қасаң қабық құрғайды.Қасаң қабық қарауытып,бетінің тегістігі бұзылады,кератит,қасаң қабықтың жарасы дамиды,көруі төмендейді,жас әкету қабілеті бұзылады,көзден жас ағады,конъюктивит дамиды.
Емі:негізгі себепті- неврологиялық себептерін жою және жергілікті симптоматикалық ем(қасаң қабықтың кебуінің және қабынуының алдын алу мақсатында)- 30%альбуцид,таза вазелин майы,балық майы,антибактериалды майлар.Лагофтальм тұрақты болса,оперативті ем- блефарорафия немесе тарзорафия- қабақтарды өзара тігу.
